- •1 Дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы
- •1.1 Ақпараттық жүйелері
- •1.2 Файлдар және файлдық жүйелер
- •2 Дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері
- •2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері
- •2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер
- •3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы
- •3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары
- •3.2 Дербес компьютерлер кезеңі
- •3.3 Таратылған мәліметтер қорлары
- •3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары
- •4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
- •4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
- •4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
- •5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
- •5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
- •5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
- •6 Дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу
- •6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары
- •6.2 Концептуалды модельді графиқалық көрсету
- •7 Дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың er-диаграммасын өңдеу
- •7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы
- •8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары
- •9 Дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері
- •9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- •10 Дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі
- •10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер
- •10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
- •11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
- •11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
- •11.2 Қатынастарды түрлендіру
- •12 Дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау
- •13 Дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар
- •13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар
- •13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру
- •14 Дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру
- •14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың sql тілі
- •14.2 Мәліметтер қорының объекттері
- •15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі
- •15.1 Жалпы мағлұматтар
- •15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері
- •15.3 Екі денгейлі модельдер
4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
Дәріс мазмұны:
- нақты ортаның модельденетін бөлігін талқылау сұрақтары.
Дәріс мақсаты:
- модельденетін тақырып аймақты жүйелік талқылаудың амалдарын оқу.
4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
Әрбір ақпараттық жүйе өзінің міндетіне қарай нақты ортаның белгілі бөлігімен айналысады. Оны тақырып аймағы деп атайды. Пайдаланушыға кажетті нақты объектілерінің біршама жиынтығы тақырып аймақ болып табылады. Мәліметтер қорын жобалау кезеңінің алдында тағы бір кезең бар. Бұл кезеңнің моделі тақырып аймақтың ақпараттарын қолданатын МҚБЖ-нен тәуелсіз түрде көрсетуі керек.
Сонымен, мәліметтер қорын жобалаудың бірінші кезеңінде тақырып аймақты жүйелік талқылауын орындау керек.
Мәліметтер қорларын жобалау көз қарасы жағынан жүйелік талқылауда біріншіден тақырып аймақтың объекттері мен олар арасындағы нақты байланыстарын толығымен сөзбен бейнелеген жөн. Бұл бейнелеу тақырып аймақтың объектілері арасындағы барлық байланыстарын дұрыс анықтауы керек.
Жалпы кезде тақырып аймақтың құрылымы мен құрамын анықтаудың екі амалы бар:
- егер де қарастырылып отырған мәліметтер қоры кейбір адамдар топтарының ақпараттық қажеттіліктеріне қызмет жасауған өңделсе және олардың функциялары мен есептер кешені алдын ала белгілі болса онда «есептерден» бастап қозғалу функционалдық амалдың принципі болып табылады. Бұл жағдайда тақырып аймақтың бейнеленетін объектілерінің минималды қажетті жиыны анық белгілі болады;
- егер де болашақ мәліметтер қорының пайдаланушылар ақпараттық қажеттіліктері белгіленбеген болса тақырыптық амал қолданылады. Бұл қажеттіліктер көп аспектілі және динамикалық болуы мүмкін. Тақырып аймақтың бейнеленетін объектілерінің минималды қажетті жиыны анықталмауы мүмкін. Бұл кезде тақырып аймақтың бейнеленуіне оның маңызды және сипаттайтын объекттері мен байланыстары кіреді. Құрастырылған мәліметтер қоры тақырыптық деп аталады яғни ол көптеген әртүрлі алдын ала анықталмаған есептерді шешуге қолданылуы мүмкін. Осындай тақырыптық мәліметтер қорын құрастыру қызығарлық болғанымен, тақырып аймақты әр жағынан қарастырып, пайдаланушылардың қажеттіліктерін нақтылау мүмкін емес. Нәтижесінде осы жолмен құрастырылған мәліметтер қорының сұлбасы өте күрделі болып, оны белгілі есептерге қолдану тиімді болмайды.
Практикада көбінесе бір жағынан анықталған есептерге немесе пайдаланушылардың функционалдық қажеттіліктеріне бағытталған, басқа жағынан жаңа қолданбалыларды қосу мүмкіншіліктері есепке алынатын компромисті нұсқаны қолданған жөн.
Жүйелік талқылау нәтижесінде келесілерді алу керек:
- мәліметтер қорында сақталатын және белгілі есептерді шешуге қолданылатын тақырып аймақтың объектілері туралы ақпараттың толық бейнеленуін;
- өңделген мәліметтер қоры көмегімен шешілетін белгілі есептердің қойылуын;
- мәліметтер қорын мәліметтермен толтыруға қолданатын кірудегі құжаттардың бейнеленуін;
- есептерді шешу алгоритмдерін қысқаша бейнеленуін;
- жүйе жасайтын шығудағы құжаттардың бейнеленуін.
4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
1 мысал. Баспа қызметімен байланысқан компаниясына ақпаратты жүйені өңдеу қажет болсын. Мәліметтер қоры компанияның редакторлар, менеджерлер, және басқа қызметкерлеріне ақпараттық қызмет жасауға негізделген және онда компанияның қызметкерлері, кітаптар авторлары, компанияның финанстық жағдайы туралы мәліметтерлер орналасады, әртүрлі есеп берулер дайындалады.
Тақырып аймағына сәйкес жүйе келесі ерекшеліктерді есепке алумен құрастырылады: әр кітап келісім шарт бойынша басылады; кітаптің бірнеше авторлары болуы мүмкін; келісім шартқа бір менеджер және кітаптің авторларының барлығы қолтаңбаларын қояды; әр автор бірнеше кітапті жазуы мүмкін (әртүрлі келісім шарттар бойынша); кітаптің сыртында орнатылған реті бойынша авторлардың гонорарлары әртүрлі болады; егер де қызметкер редактор болса, ол бір уақытта бірнеше кітаппен жұмыс істеуі мүмкін; әр кітаптің бірнеше редакторы болуы мүмкін, олардың біреуі жауапты редактор болады; әр тапсырыс бір тапсырыс берушілерге тіркеледі; сатып алу тапсырысында бірнеше кітап аталуы мүмкін.
Әр басып шығарылатын кітап келесідей параметрлерімен сипатталады: авторлар, аты, тиражы, шығу мерзімі, бір дананың бағасы, басуға жұмсалған жалпы шығын, авторлық гонорары.
Кітап авторлары туралы келесідей ақпарат болуы керек: аты–жөні, РНН, паспорттық мәліметтер, мекен жәйы, телефоны. Авторлар үшін олардың жазған кітаптары туралы мәліметтерді сақтау керек.
Баспасөздің әр қызметкері туралы келесідей мәліметтер сақталады: аты–жөні, табельдік нөмірі, жынысы, түған жылы, паспорттық мәліметтер, РНН, қызметі, оклады, мекен жәйы және телефоны. Реадкторлар үшін редакцияланатын кітаптар туралы мәліметтер, ал менеджерлер үшін – қол таңбалар қойылған келісім шарттар туралы мәліметтер сақталу керек.
Компанияның финанстық жағдайын көрсету үшін кітаптарға тапсырыстарды есепке алып отыру керек. Жүйеде тапсырыс үшін тапсырыс нөмірін, тапсырыс берушіні, оның мекен жайын, тапсырыс түскен мерзімін, оны орындау мерзімін, тапсырысқа түскен кітаптар тізімі мен олардың санын сақтау керек.
Келесідей пайдаланушылар топтарына қызмет жасау үшін жүйені өңдейді: әкімшілік (дирекция), менеджерлер, редакторлар, тапсырыстарға қызмет жасайтын компанияның қызметкерлері.
Пайдаланушылардың мәліметтер қорын ақпараттық сүйемеледеуге мүмкіндіктері болуы керек: мәліметтер қорын билеу (ақпаратты жазу, оқу, өзгерту, архивте сақтау); мәліметтер қорының логикалық сәйкестігін қамтамасыздандыру; мәліметтерді рұқсат етілмеген немесе кездейсоқ қол жеткізуден сақтауды қамтамасыздандыру (қол жеткізу ережелерін орнату).
Сонымен бірге мәліметтер қорының пайдаланушыларының келесідей мүмкіндіктері болуы керек: ағынды жобалардың барлығының тізімін алу (баспадағы және сатудағы кітаптар тізімін); кітаптармен жұмыс істейтін редакторлар тізімін алу; кітап (жоба) туралы толық ақпаратты алу; белгілі автор туралы (бір немесе барлық жобалар бойынша) ақпаратты алу; сатулар туралы (бір немесе барлық жобалар бойынша) ақпаратты алу: ағынды жобалар бойынша сатулардың жалпы табысын анықтау; белгілі жоба бойынша автор гонорарының шамасын анықтау.
2 мысал. Кітапханадағы кітаптарды беру мен қабылдауды есепке алуды автоматтандыратын ақпаратты жүйені өңдеу қажет болсын. Өңделген жүйе кітапханадағы кітаптарды білім саласы бойынша тіркейтін жүйелік каталогты сүйемелдеуі керек. Жүйелік каталогта білім саласының өзінің уникалды ішкі нөмірі мен толық атауы болады. Әр кітапта бірнеше білім салалары бойынша мағлұматтар болуы мүмкін. Кітапханадағы әр кітаптің бірнеше данасы болуы мүмкін.
Кітапханада сақталатын әр кітаптің келесідей сипаттамалары бар: уникалды шифры, аты, авторлардың аты (болмауы мүмкін), басып шығарылған жері (қала), баспасөз, басып шығарылған жылы, беттер саны, кітаптың бағасы, кітаханадағы кітаптің дансының саны. Кітаптардың бірдей атаулары болуы мүмкін, бірақ олар өздерінің уникалды шифрлерімен (ISBN) айырылады.
Кітапханада оқырмандардың картотекалары бар. Әр оқырман туралы картотекаға келесідей мағлұматтар енгізіледі: аты-жөні, мекен жәйы, телефондары (жұмыс және үй телефоны бар деп есептелінеді), туған күні. Әр оқырманға оқу билетінің уникалды нөмірі меншіктеледі. Әр оқырман бір уақытта 5 кітаптан артық ала алмайды. Оқырман бір атты кітаптің жалғыз ғана данасын ала алады.
Әр кітаптің кітапханада бірнеше данасы болуы мүмкін. Әр дананың келесідей сипаттамалары бар: уникалды инвентарлы нөмірі, кітап шифрі (кітаптің бейнелеуіндегі уникалды шифрмен бірдей), кітапханадағы орны.
Оқырманға кітап данасы берілген болса, кітапханада әдейі оны тіркеп қояды, тіркелу қағазға келесідей мәліметтер жазылады: кітапті алған оқырманның билетінің нөмірі, кітаптің алынған мерзімі, оны қайтару мерзімі.
Жүйедегі ақпаратқа келесідей шектеулер ескертілген: кітаптің авторлары болмауы мүмкін; кітапханаға жазылатын оқырмандар 17 жасқа толуы керек; кітапханада 1960 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін шығарылған кітаптар сақталады; әр оқырман бір уақытта 5 кітаптан артық ала алмайды; тіркелген кезде әр оқырман өзінің телефонын беруі керек (жұмыстағы немесе үйдегі); білімдердің әр саласы кітаптардің көп санына сілтеме жасауы мүмкін, және әр кітап білімдердің әртүрлі саласына қатысты болуы мүмкін.
Аталған ақпараттық жүйесімен келесідей пайдаланушылар топтары жұмыс істейді: кітапханашылар, оқырмандар, кітапхана әкімшілігі.
Жүйемен жұмыс істегенде кітапханашы келесі есептерді шешеді:
- жаңа кітаптарды қабылдап, оларды бір немесе бірнеше білім салаларына қатыстыру; оларды каталогтарда тіркеу;
- оқырмандарға берілген кітаптарды есепке алуды орындау, бұл жұмыстың екі режимі бар деп есептелінеді: кітаптарды оқырмандарға беру және кітапханаға қайтарылатын кітаптарды олардан қабылдау; кітапті берген кезде оның данасы, берілген және қайтарылатын мерзімі тіркеледі; кітап қабылданған кезде оның инвентарлық нөмірінің сәйкестігі тексеріледі және ол бұрынғы орнына қойылады;
- оқырмандар жоғалтқан кітаптарды акт бойынша есептен алып тастау;
- оқырманның абонементін жабу.
Оқырмандардың келесідей есептерді шешуге мүмкіндіктері болу керек:
- жүйелік каталогты қарап шығу;
- таңдалынған білім сала бойынша кітапханадағы кітаптар тізімін алу;
- таңдалынған автор бойынша оның кітаханадағы кітаптарының тізімін алу.
Кітапхана әкімшілігі келесідей ақпаратты талап етеді:
- уақытысында кітаптарды қайтармаған оқырмандар туралы;
- оқылмайтын яғни кітаптің бір да данасы оқырмандармен алынбаған кітаптар туралы;
- белгілі кітаптің бағасы туралы;
- өте көп сұраныстыратын яғни барлық даналары оқырмандармен алынған кітаптар туралы мәліметтерді.
Көрсетілген мысалдар келесіні анықтайды: жобаны өңдеу алдында жүйеде қандай жұмыстар орындалуы керек, онда қандай пайдаланушылар жұмыс істейді, әр пайдаланушы қандай есептерін шешеді – осы сұрақтарға толық жауап алу керек. Мәліметтер қорын жасаудың анық мақсаты белгілі болмаса, өңдеушілердің жұмысы тиімді болмайды, мәліметтер қорының жобасы ыңғайсыз, нақты модельденетін объектпен, оны қолданып шешетін есептерге сәйкес болмайды.
