Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

3.3 Таратылған мәліметтер қорлары

Тарих спирал бойынша дамитыны белгілі, сондықтан «дербестеу» процестен кейін кері — интеграциялау процесі басталды. Жергілікті желілер сандары көбейді, ақпараттар компьютерлер арасында таратылатын болды, желінің әртүрлі бөліктерінде сақталып логикалық бір бірімен байланысқан өңделетін ақпараттың келісушілігін орнату сұрақтары туды, транзакциларды яғни мәліметтер қорын бір күйден басқа күйге көшіретін оған қолданатын операциялар тізбектерін параллельді өңдеумен байланысты есептер пайда болды. Осы есептерді тиімді шешу үшін үстелдік МҚБЖ артықшылықтарын сақтап, сонымен бірге ақпаратты параллельді өңдеуді ұйымдастырып мәліметтер қорының бүтіндігін сүйемелдеуге мүмкіндік беретін таратылған мәліметтер қорлары пайда болды.

Бұл қадамның ерекшеліктері:

- қазіргі кездегі МҚБЖ-ің барлығы толық реляциялық модельді сүйемелдейді;

- қазіргі кездегі МҚБЖ-ің көбісі көп платформалық архитектураға негізделген, яғни олар әртүрлі архитектуралары бар компьютерлерде және әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасай алады; сонымен бірге әртүрлі платформалардағы МҚБЖ-ен басқарылатын мәліметтерге пайдаланушының қол жеткізуі бірдей болады;

- мәліметтер қорымен көп пайдаланушының жұмысын сүйемелдеу қажеттілігі және мәліметтерді таратылған сақтау мүмкіндіктері мәліметтер қорларын әкімдеу құралдарының дамуына себеп болды;

- жаңа іске асыру қажеттіліктері таратылған мәліметтер қорларының іске асыруларын оптималдау жағынан теориялық жұмыстардың пайда болуына және таратылған транзакциялар мен сұраныстармен жұмыс жасауға келтірді, осы алынған нәтижелер коммерциялық МҚБЖ-де ендірілді;

- үстелдік МҚБЖ-сі көмегімен өңделген клиенттік қолданбалыларды қосуға арналған құралдары және дамудың екінші кезеңіндегі үстелдік МҚБЖ-сі форматтарынан мәліметтерді экспорттау құралдары қазіргі кездегі МҚБЖ-де бар;

- SQL89, SQL92, SQL99-дан бастап мәліметтерді бейнелеу және олармен әрекеттесу тілдерінің бірнеше стандарты және әртүрлі МҚБЖ арасындағы мәліметтермен алмасу технологиялары өңделеді, мысал ретінде Microsoft фирмасы ұсынған ODBC (Open DataBase Connectivity) протоколын атауға болады;

- объектті-бағытталған мәліметтер қорларының концепциясымен байланысты жұмыстар басталды.

3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары

Бұл кезең мәліметтерге қол жеткізудің жаңа технологиясы — интранет пайда болуымен байланысты. Бұл амалдың клиент-сервер технологиясынан негізгі айырмашылығы: арнайы клиенттік программалық қамтамасыздандыруды қолданбауға болады. Алыстағы мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін интернеттің стандартты браузері қолданылады. Соңғы пайдаланушысы үшін мәліметтерге қатысу кәдімгі интернетпен жұмыс жасауға ұқсас. Сонымен бірге пайдаланушы жүктейтін HTML беттеріндегі әдетте Java, Java-script, Perl, т.б. тілдерде жазылған код пайдаланушының барлық әрекеттерін бақылап, оларды мәліметтер қорына төменгі деңгейдегі SQL-сұраныстарға көшіреді. Сонымен, клиент-сервер технологиясында клиенттік программа орындайтын жұмысты осы код орындайды. Осы амал өте ыңғайлы болғандықтан оны алыстан мәліметтер қорына қол жеткізумен бірге кәсіпорынның жергілікті желісінің пайдаланушылары да қолданатын болды. Көптеген өзара байланысқан объектілердегі мәліметтерді келісіп өзгертетін күрделі алгоритмдерін қолданбайтын мәліметтерді өңдеудің қарапайым есептерді осы архитектураның ережесі бойынша қарапайым және тиімді шешіледі. Бұлкезде осы есепті қолданатына пайдаланушыны қосу үшін қосымша клиенттік программаны орнату қажет емес. Бірақ алгоритмдік күрделі есептерді арнайы клиенттік программалық қамтамсыздандыруын өңдеп, «клиент-сервер» архитектурасында іске асырған жөн.

Мәліметтермен жұмыс істеудің аталған амалдарының әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олар таңдалынған әдісті пайдалану аймағын анықтайды. Қазіргі кезде амалдардың барлығы да кең қолданылады.