Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы

Дәріс мазмұны:

- мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму сұрақтарын қарастыру.

Дәріс мақсаты:

- мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихын оқу.

3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары

Есептеу техниканың тез дамуы, оның қоғам өміріндегі ролінің принципиалды өзгеруі мәліметтер қорларының дамуына да әсер етті. Мәліметтерді өңдеудің осы бағытының дамуында төрт кезеңін атауға болады. Бірақ та бұл кезеңдердің араларында қатаң уақыттық шектеулерінің болмауын айтып кету керек.

Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) дамуының бірінші кезеңі мәліметтер қорларын үлкен ЕЭМ-да ұйымдастырумен байланысты. Мәліметтер қорлары ЕЭМ-ың сыртқы жадысында сақталатын еді, бұл мәліметтер қорларының пайдаланушылары ретінде әдетте пакеттік режімде жұмысқа қосылатын есептер болатын. Өздерінің есептеу ресурстары жоқ, тек қана орталық ЕЭМ үшін енгізу-шығару құрылғы болатын терминалдар арқылы қол жетудің интерактивті режімі қамтамасыздандырылған. Мәліметтер қорына қол жеткізу программалар әртүрлі тілдерде жазылып, әдеттегі есептеу программалар сияқты жұмысқа қосылады. Қуатты операциялық жүйелер көп есептерді параллельді орындауды қамтамасыздандырған.

Дамудың осы қадамының ерекшеліктері келесідей:

- барлық МҚБЖ-ер қуатты мультипрограммалық операциялық жүйелерде негізделген, сондықтан әдетте таратылған қол жеткізу режімінде орталықтанған мәліметтер қорымен жұмыс жасау сүйемелденеді;

- ресурстарды таратуын басқару функциялары көбінесе операциялық жүйемен орындалады;

- мәліметтерге навигациялық қол жеткізу әдістеріне бағытталған мәліметтермен әрекеттесудің төменгі деңгейлік тілдері сүйемелденеді;

- мәліметтерді әкімшілеуге көп зер салынады;

- мәліметтердің реляциялық моделін негіздеу мен формаландыру жағынан көп жұмыстар өткізіліп, реляциялық идеологияны іске асыратын бірінші System R жүйесі жасалды;

- ғылыми зерттеулердің нәтижелері баспаларда ашық талқыланып, мәліметтер қорларының теориясы мен практикасының барлық аспектеріне қатысты мақалалар көбейді; теориялық зерттеулердің нәтижелері коммерциялық МҚБЖ-ге активті ендірілді;

- мәліметтердің реляциялық моделімен жұмыс істеуге негізделген жоғарғы деңгейлі тілдер пайда болды, бірақ осы бірінші тілдер үшін ешқандай стандарттар әлі жоқ болатын.

3.2 Дербес компьютерлер кезеңі

Қоғам өміріндегі есептеу техниканың орыны мен ролін дербес компьютерлер мұғайым өзгертті. Дайын емес пайдаланушылардың жұмысына негізделген көптеген программалар пайда болды. Жүйелік программистер екінші орынға ығысты. Осы жағдайлар мәліметтер қорларымен жұмыс істеуге де әсер етті. Ақпараттың үлкен көлемдерін сақтауға мүмкіндік беретін мәліметтер қорларын басқару жүйелері деп аталған программалар пайда болды. Олардың мәліметерді енгізуге ыңғайлы интерфейсі, әртүрлі есеп берулерді генерациялауға ішкі құрылғылары болды. Осы программалар бұрында қолмен жасалатын көптеген есеп беру функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Дербес компьютерлердің бағалары төмендеген сайын оларды кәсіпорындар мен фирмалармен бірге жеке пайдаланушылар да сатып алатыен болды. Компьютерлер құжаттар мен өз есеп беру функцияларды дайындаудың құралы болып табылды. Осы жағдайлар мәліметтер қорларының даму саласына дұрыс әсермен бірге теріс әсерлерді де әкелді. Дербес компьютерлердің көрінген қарапайымдылығы, олардың программалық қамтамасыздандыруына жеңіл қол жетерлік көптеген дилетанттардың пайда болуына әкелді. Бірақ бұрында өз қызметінде есептеу техниканы қолданбайтын білімдердің көп салаларындағы пайдаланушыларға дербес компьютерлерге қол жетерлік оны қолдануын мәжбүр етті. Мәліметтерді өңдеудің дамыған ыңғайлы программаларға сұраныстар программалық қамтамасыздандыру өңдеушілеріне жаңа жүйелерді өңдеуге талап етті, бұл жүйелер үстелдік (desktop) МҚБЖ деп аталды.

Осы қадамның ерекшеліктері келесі:

- барлық МҚБЖ-р мәліметтер қорларын көбінесе монополды қол жеткізу режімінде қолдануға негізделген болатын. Бұл түсінікті, себебі компьютер дербес болғандықтан, ол желіге қосылмаған, ондағы мәліметтер қоры жалғыз пайдаланушының жұмысына негізделген болатын. Кейбір кезде бірнеше пайдаланушы өз жұмыстарын тізбектеп орындайтын болатын, мысалы, әуелі бухгалтерлік құжаттарды енгізетін оператор, содан кейін бастапқы құжаттарға сәйкес операцияларды анықтайтын бас бухгалтер;

- МҚБЖ-ің көбісінде пайдаланушының дамыған және ыңғайлы интерфейсі болды. МҚБЖ көбісінде мәліметтер қорын бейнелеу және сұраныстарды жобалау жағынан жұмыс жасаудың интерактивті режімі болды. Сонымен бірге МҚБЖ-ің көбісі программалаусыз дайын қолданбалыны өңдеуге негізделген дамыған және ыңғайлы интерфейсін ұсынатын. Инструменталдық ортасы экрандық формалар шаблондары, есеп берулер, сұранысты графикалық құрастырушылары түріндегі қолданбалының дайын элементтерінен тұратын, оларды тек қана тұтас кешенге жинау керек болатын;

- барлық үстелдік МҚБЖ-де реляциялық модельді елестетудің тек қана сыртқы деңгейі сүйемелденетін, яғни мәліметтер құрылымының сыртқы кестелік түрі;

- реляциялық алгебра мен SQL типті мәліметтермен әрекеттесудің жоғарғы деңгейлі тілдері болғанымен үстелдік МҚБЖ-де кестелердің бөлек жолдары деңгейіндегі мәліметтермен әрекеттесетін төменгі деңгейлі тілдер қолданылатын;

- үстелдік МҚБЖ-де мәліметтер қорының сілтемелі және құрылымдық бүтіндігін қамтамсыздандыратын құралдары жоқ. Бұл функцияларды қолданбалылар орындау керек еді, бірақ қолданбалыны өңдеудің құралдарының аздығынан кейбір кезде оларды орындауға мүмкін болмайтын еді. Осындай жағдайда бұл функциялар пайдаланушымен орындалады, сондықтан мәліметтер қорында сақталатын ақпаратты өзгерткенде немесе енгізгенге пайдаланушы қосымша бақылауды орнатады;

- жұмыстың монополды режімі әкімшілік функцияларын жойды, сондықтан мәліметтер қорларын әкімдеудің инструменталдық құралдары дамыған жоқ;

- және соңғы маңызды ерекшелік — үстелдік МҚБЖ жағынан аппараттық қамтамасыздандыруға көп талап қойылмайды. Мысалы, Clipper жүйесінде өңделген қолданбалылар PC 286 компьютерлерінде жұмыс істейді.