Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер

Мәліметтер қорларын басқару жүйелердегі терминологиясы мен «мәліметтер қоры» және «мәліметтер банкі» терминдері де жартылай финанстық қызметтен алынған. Бұл жағдай кездейсоқ емес себебі ақпарат пен ақша массасымен жұмыс жасау бір-біріне ұқсаc. Екі салада да объекттер бір бірінен айырылмайды: жүз тенгелі екі банкноталар (сериялық нөмірін есепке алмағанда) екі байт сияқты бір бірінен айырылмайды да өзара алмасуларына болады. Ақшаңызды шотқа салып өз туыстарыңызға шотты басқа банктен пайдалануға рұқсат берулеріңізге немесе шот арқылы әр түрлі төлемдерді орындауға болады. Сонда ақша купюралары басқа болады бірақ олардың құны өзгермейді. Сонымен бірге алдында айтылғандай бірінші коммерциялық компьютерлік жүйелер бизнесті сүйемелдеуге қолданылған болатын.

Жалпы тақырыппен немесе міндетімен байланысқан сақталынатын мәліметтердің реттелген жиынтығы мәліметтер қоры (МҚ) деп аталады. Мәліметтер қорының негізгі міндеті – онда сақталатын мәліметтерді пайдаланушыларға тез тауып беру.

Мәліметтер қорларын басқаратын жүйе (МҚБЖ) – мәліметтер қорын басқаратын программалық қамтамасыздандыру.

Мәліметтер қоры тек қана мәліметтердің жиыны емес. Мәліметтер қорының өзінен басқа мәліметтермен жұмыс істейтін қолданбалы программалар, оған сәйкес жабдықтар мен персонал болуы керек.

Мәліметтер банкі (МБ) дегеніміз — арнайы түрде ұйымдастырылған мәліметтер жүйесі — мәліметтерді коллективті көп мақсатымен қолдануға және орталықтандырылған сақтауды қаматамсыздандаруға арналған мәліметтер қорлары, техникалық, тілдік, ұйымдастыру-нұсқалық құралдар жиыны.

Бизнестегі белгілі практикалық есептерді шешетін бағдарламалар қолданбалы бағдарлама немесе қолданбалы деп аталады. Ал, байланысқан есептерді бірге орындайтын қолданбалылар жиынтығы қолданбалы жүйе деп аталады. Біздің контекстте пайдаланушыларға мәліметтер қорларымен жұмыс жасауға көмек беретін программаларды қолданбалы деп атаймыз.

Жалпы кезде бір мәліметтер қорымен қолданбалылардың көп саны жұмыс істей алады. Мысалы, мәліметтер қоры кейбір кәсіпорынды модельдесе, онымен жұмыс істеуге бір неше қолданбалы өңделуі мүмкін: біреуі кадрлерді тіркеп басқаратын жүйесіне қызмет жасайтын, басқасы қызметкерлердің жалақысын есептеуге міндеттелген, тағы біреуі қойма есептерін орындаса, ал басқасы кәсіпорын процестерін жобалауға негізделген болуы мүмкін. Бір мәліметтер қорымен жұмыс істейтін қолданбалыларды қарастырғанда, олар параллельді және бір біреуінен тәуелсіз жұмыс істейді деп есептелінеді. Мәліметтер қорларын басқару жүйесі бір мәліметтер қорымен қолданбалылардың көп санының жұмысын сүйемелдейді: әр қолданбалы басқаларының мәліметтер қорына енгізген өзгертулерін есепке алып, дұрыс орындалуын МҚБЖ басқарады.

Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйе немесе мәліметтер қорларының жүйесі төрт компоненттен тұрады: жабдықтар. программалық қамтамасыздандыру (МҚБЖ), мәліметтер (МҚ) және адамдар (пайдаланушылар, әкімшілік, қызмет жасайтын персонал).

Дұрыс өңделіп жұмыс жасайтын жүйеде компоненттердің барлық төртеуіде қажетті есептерді орындайтын тұтас жүйені құрастырып өзара байланысады: қызмет жасайтын персонал, пайдаланушылармен ақылдасып қажетті мәліметтерді анықтап пайдаланушылар қажеттіліктеріне сәйкес мәліметтер қорының құрылымын анықтайды.

Содан кейін мәліметтер қорының құрылымы мәліметтер сөздігі арқылы мәліметтер қорын басқару жүйесіне хабарланады. Пайдаланушылар мәліметтер қорын басқару жүйесіне анықталған процедуралар (инструкциялар) арқылы өз мәліметтерін енгізеді. Енгізілген мәліметтерді сақтауын жабдықтар қамтамасыздандырады. Мәліметтер қорына қол жеткізуіне қызмет жасайтын программаларды программистер өңдейді, пайдаланушылар бұл программаларды өз компьютерлерінде жұмысқа қосады. Бұл программалар кәсіпорынның басшылар мен клиенттеріне қажетті ақпаратты береді.

Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер файлдық жүйелердің кемшіліктерін жоюға мүмкіндік берді.

Мәліметтер қорлары жұйелерінің негізгі мақсаттарының біреуі - мәліметтердің тәуелсіздігің, яғни мәліметтерді сақтау құрылымы мен қол жеткізу стратегиясынан қолданбалылардың тәуелсіздігін қамтамасыздандыру.

Мәліметтер қорында мәліметтердің бүтіндігі, яғни олардың дәлдігі мен сәйкестігі сүйемелденеді.