
- •1 Дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы
- •1.1 Ақпараттық жүйелері
- •1.2 Файлдар және файлдық жүйелер
- •2 Дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері
- •2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері
- •2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер
- •3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы
- •3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары
- •3.2 Дербес компьютерлер кезеңі
- •3.3 Таратылған мәліметтер қорлары
- •3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары
- •4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
- •4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
- •4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
- •5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
- •5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
- •5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
- •6 Дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу
- •6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары
- •6.2 Концептуалды модельді графиқалық көрсету
- •7 Дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың er-диаграммасын өңдеу
- •7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы
- •8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары
- •9 Дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері
- •9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- •10 Дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі
- •10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер
- •10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
- •11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
- •11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
- •11.2 Қатынастарды түрлендіру
- •12 Дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау
- •13 Дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар
- •13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар
- •13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру
- •14 Дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру
- •14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың sql тілі
- •14.2 Мәліметтер қорының объекттері
- •15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі
- •15.1 Жалпы мағлұматтар
- •15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері
- •15.3 Екі денгейлі модельдер
15.3 Екі денгейлі модельдер
Екі платформада - клиентте және серверде, орындалатын процестер арасында аталған бес функцияларды таратудың нәтижесі екі денгейлі модель болып табылады. Таза түрде ешқандай модель болмайды, тек қана екі денгейлі модельдердің сипатты ерекшеліктерін қелтіреміз:
1) мәліметтерді алыстан басқару немесе файлдық сервер (File Server, FS) моделі. Бұл модельде МҚБЖ және барлық ақпараттық ресурстарды басқару функциялары клиентте орнатылады. Серверде мәліметтердің файлдары орнатылып, оларға қол жеткізу сүйемелденеді. Клиенттің сұранысы DML бұйрықтарымен іске асырылады. МҚБЖ осы сұранысты файлдық бұйрықтар тізбегіне түрлендіреді. Әр файлдық бұйрық ақпарат блогын клиентке тасымалдайды;
2) мәліметтерге алыстан қол жеткізу моделінде (Remote Data Access, RDA) мәліметтер қоры серверде орнатылады. МҚБЖ өзегіде серверде болады. Клиентте қолданбалының презентациялық логикасы мен бизнес-логикасы орнатылады. Клиент серверге SQL тіліндегі сұраныстарды жібереді.
3) мәліметтер қорының серверінің моделі. Бұл модельді қазіргі кездегі МҚБЖ көбісі сүйемелдейді. Модельдің негізі келесілер болады: SQL-серверді программалау механизмі ретінде сақталынған процедуралар механизмі; ақпараттық қойманың ағынды күйін бақылап отыратын механизм ретінде триггерлер механизмы; домендік құрылымды сүйемелдеу немесе пайдаланушылардың мәліметтер типтерін шектеу механизмі.
Бұл модельде бизнес-логика клиент пен сервер арасында бөлінген. Серверде бизнес-логика мәліметтер қорында сақталынып және МҚБЖ–ен басқарылатын арнайы программалық модульдер — сақталынған процедуралар түрінде іске асырылған. Клиенттік қолданбалы серверге сақталынатын процедураны қосу бұйрығымен қатысады, ал сервер осы процедураны орындап, процедурада орнатылған мәліметтер қорының өзгертулерін тіркейді. Сервер клиентке сұраныстарға сәйкес мәліметтерді қайтарады. Клиент пен сервер арасындағы ақпаратпен алмасу трафигі азайады.
Мәліметтер қорының серверінің моделіндегі оратылқтанған бақылау триггерлер механизмін қолданумен орындалады. Триггерлерді қолдану механизмі бір триггер жұмысқа қосылуы басқа триггерлердің жұмысына себеп болатын оқиғалар пайда болатынын болжайды. Триггерлердің жұмысқа қосылу шексіз циклі пайда болмау үшін бұл қуатты құралды келісіп қолдану керек. Осы модельде сервер активті болады себебі триггерлер механизмін қолданып клиентпен бірге сервердің өзі де мәліметтер қорының мәліметтерін өңдеудің инициаторы болып табылады. Сақталынған процедуралар мен триггерлер мәліметтер қорының сөздігінде сақталады, оларды бірнеше клиент қолдана алады, сондықтан әртүрлі клиенттік қолданбалыларда мәліметтерді өңдеудің алгоритмдері қайталанбайды. Сақталынған процедуралар мен триггерлерді жазу үшін ішкі SQL деп аталатын стандартты SQL тілінің кеңейтілуі қолданылады.
Серверге өте көп жүктеме түсетіні осы модельдің кемшілігі болып табылады. Шынында да, сервер көптеген клиенттерге қызмет жасап келесідей функцияларды орындайды: бейнелеген триггерлермен байланысты оқиғаларды бақылау; триггерлермен байланысты оқиғалар пайда болған кезде олардың автоматты түрде жұмысқа қосылуларын, әр триггердің ішкі программасының орындалуын қамтамасыздандырады; пайдаланушылар сұраныстары бойынша сақталынған процедураларды триггерлерден жұмысқа қосады; клиентке қажетті мәліметтерді береді; МҚБЖ барлық функцияларын орындайды: мәліметтерге қол жеткізу, мәліметтер қорындағы мәліметтердің бүтіндігін бақылап сүйемелдеу, қол жеткізуді бақылау, барлық пайдаланушылардың бір мәліметтер қорымен параллельді жұмыстарының дұрыстығын қамтамасыздандыру.
Егер де қолданбалылардың бизнес-логикасының көп жұмысын серверге берсеңіз клиенттерге қойылатын талаптар азайады. Кей кезде осындай модельді «жіңішке клиенті» бар модель деп, ал алдынғы модельдерді «қалың клиентті» модельдер деп атайды.
Сервердің жүуктемесін азайту үшін үш денгейлі модель қолданылады.
Әдебиет тізімі
1. Хансен Г., Хансен Д. Базы данных: разработка и управление. – М.: ЗАО «Издательство БИНОМ», 1999 г.
2. Тихомиров Ю. Microsoft SQL Server 7.0 – СПб. Издательство «Питер», 1999 г.
3. Плю Р., Стефенс Р., Райан К. Освой самостоятельно SQL за 24 часа. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2000 г.
4. Кандзюба С.П., Громов В.Н. Delphi 6/7. Базы данных и приложения. – СПб: ООО «ДиаСофтЮП», 2002 г.
5. Бобровский С. Delphi 5: учебный курс. – СПб: Издательство «Питер», 2000 г.
6 Базы данных, учебник для высших учебных заведений под редакцией Хомоненко А. СПб.: Издательство «Корона», 2000 г.
7 Карнова Т.Базы данных. - СПб.: Издательство «Питер», 2000 г.
8 Ю. А. Григорьев, Г. И. Ревунrов. Банки данных. - Изд. МГТУ им. Н. Э. Баумана, 2002 г.
9 С.В. Глушаков, Д. В. Ломотько. Базы данных. Учебный курс. М.: Издательский дом «Вильямс», 2000 г.
10 Джек Л. Харрингтон Проектирование реляционных баз данных просто и доступно. – М.:Издательство «Лори», 2000 г.
11 Т.А. Гаврилова, В. Ф. Хорошевский Базы знаний интеллектуальных систем - СПб,: Излательство «Питер», 2000 г.
12 В. В. Корнеев, А. Ф. Гареев и др. Базы данных интеллектуальная обработка информации - М: «Нолидж», 2000 г.
Мазмұны |
|
|
б |
1 дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы 1.1 Ақпараттық жұйелері 1.2 Файлдар және файлдық жүйелері |
|
2 дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері 2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері 2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер |
|
3 дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы 3.1 Үлкен ЕЭМ-дегі мәліметтер қорлары 3.2 Дербес компьютерлер кезеңі 3.3 Таратылған мәліметтер қорлары 3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары |
|
4 дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау 4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы 4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы |
|
5 дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері 5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалық тәуелсіздік 5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері |
|
6 дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу 6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары 6.2 Концептуалды модельді графикалық түрде көрсету |
|
7 дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың ER-диаграммасын өңдеу |
|
8 дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары |
|
9 дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері 9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері 9.1.1 Мәліметтердің иерархиялық моделі 9.1.2 Мәліметтердің желілік моделі 9.1.3 Реляциялық модельге көшу |
|
10 дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі 10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер 10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары |
|
11 дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру 11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру 11.2 Қатынастарды түрлендіру |
|
12 дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау |
|
13 дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар 13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар 13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру |
|
14 дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру 14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың SQL тілі 14.2 Мәліметтер қорының объекттері |
|
15 дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңделуі 15.1 Жалпы мағлұматтар 15.2 «Клиент—сервер» модельдерін мәліметтер қорларының технологиясында қолдану 15.3 Екі денгейлі модельдер |
|
а