Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі

Дәріс мазмұны:

- мәліметтерді4 таратылған өңдеkу3yің сұрақтары қарастырылады.

Дәріс мақсаты:

- мәліметтер қорлар технологиясындағы «клиент—сервер» моделімен танысу.

15.1 Жалпы мағлұматтар

Егер де мәліметтер қоры бір компьютерде орналасқан болса, бір мәліметтер қорына бірнеше пайдаланушылардың параллелді қол жеткізуі орталықтанған мәліметтер қорына таратылған қол жеткізу болып табылады. Осындай жүйелер мәліметтерді таратылған өңдеу жүйелері деп аталады. Егер де мәліметтер қоры желідегі бірнеше компьютерде орналасып және оған бірнеше пайдаданушы параллелді қол жеткізе алса, онда таратылған мәліметтер қорына параллелді қол жеткізуді аламыз. Осындай жүйелер таратылған мәліметтер қорларының жүйесі деп аталады.

Физикалық мәліметтер қорының желі бойынша таратылу сұлбасы мәліметтер қорының топологиясы немесе таратылған мәліметтер қорының құрылымы деп аталады.

Көп деген SQL-сұраныстардан тұратын транзакцияны бір алыстағы түйінде өңдеу алыстағы транзакцияны орындаудың мүмкіншілігі болып табылады.

Желінің бірнеше түйіндерінде (алыстағы немесе жергілікті) орындалатын SQL сұраныстарының бірнешесінен тұратын транзакцияны өңдеу таратылған транзакцияны сүйемелдеу болып табылады; бірақ әр сұраныс таратылған болмайды. Бір таратылған сұранысты өңдегенде әртүрлі жергілікті сұраныстар желінің әртүрлі түйіндерінде өңделінулері мүмкін.

Сұраныс өңделгенде желінің әртүрлі түйіндерінде орнатылған мәліметтер қорының мәліметтері қолданылса сұраныс таратылған болып табылады.

Мәліметтерді таратылып өңдеу жүйелері мәліметтер қорларының бірінші буынымен байланысты, олар мультипрограммалық операциялық жүйелерде құрастырылатын және орта ЕЭМ-ің сыртқы жады құрылғыларында мәліметтер қорын орталықтанған сақтауы мен бірге оған көп пайдаланушылардың терминалдардан қол жеткізу режимін қолданатын. Сонымен бірге пайдаланушылар терминалдары мәліметтерді сақтап, өңдеуге қолданатын өз ресурстары яғни процессорлары, жадылары болмайған.

15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері

«Клиент—сервер» есептеу моделі 90-шы жылдары пайда болып тез өрістеген ашық жүйелер парадигмасымен байланысты.

«Клиент-сервер» термині басында программалық қамтамасыздандыру архитектурасына қолданылатын еді: бұл архитектура орындалу процесті біреуі модельде «клиент» деп, екіншісі «сервер» деп аталатын екі программалық процестің өзара байланысу принципі бойынша бейнелейтін. Клиенттік процесс кейбір қызметтерді сұрайды, серверлік процесс оларды орындауын қамтамасыздандырады. Сонымен бірге бір серверлік процесс көптеген клиентік процестерге қызмет жасай алады.

Бұрында қолданбалы (пайдаланушының программасы) бөлінбей кейбір монолитті блок болып орындалатын. Бірақ желі ресурстарын рационалды қолданудың идеясы пайда болды. Шынындада монолитті орындау кезде тек қана жалғыз компьютердің ресурстары қолданылады, желідегі басқа компьютерлер терминалдар ретінде қарастырылады. Бірақ қазірде желідегі компьютерлердің барлығының өз ресурстары бар, осы ресурстарды максималды қолдану мақсатымен жүктемелерді тарату керек.

Мәліметтер қорының технологиясына «клиент—сервер» технологиясын қолданудың негізгі принципі стандартты интерактивті қолданбалының функцияларын әртүрлі табиғаты бар бес топқа бөлуде негізделген.:

- мәліметтерді енгізу және көрсету функциялары (Presentation Logic);

- қолданбалының есептерін шешудің негізгі алгоритмдерін анықтайтын қолданбалы функциялар (Business Logic);

- қолданбалының өзінде мәліметтерді өңдеу функциялары (Database Logic),

- ақпараттық ресурстарды басқару функциялары (Database Manager System);

- алдындағы төрт топтың функцияларын байланыстыратын қызмет функциялары.

Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын типтік қолданбалының құрылымы 15.1 суретте келтірілген.

15.1 Сурет - Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын интерактивті қолданбалының құрылымы

Қолданбалы жұмыс істеген кезде пайдаланушы өз экранында көретінін презентациялық логика (Presentation Logic) анықтайды. Қолданбалымен жұмыс істегенде пайдаланушының көретін, толтыратын интерфейстік экрандык формалардың барлығы және пайдаланушыңға көрісетілетін кейбір аралық есептерді шешу нәтижелері немесе анықтама ақпарат осы бөлікті құрастырады. Сондықтан презентациялық логиканың негізгі есептері келесілер болады: экрандық бейнелерді жасау; экрандық бейнелерге жазу және олардан оқып алу; экранды басқару; мышь қозғалыстарын және пернетақта батырмаларын басуларын өңдеу.

Бизнес-логиканы немесе қолданбалылардың өзінің логикасын қолданбалының белгілі есептерін шешу алгоритмдерін анықтайтын қолданбалы кодының бөлігі құрастырады (Business processing Logic). Әдетте бұл код программалаудың С, C++, Cobol, SmallTalk, Visual-Basic сияқты әртүрлі тілдерін қолданумен жазылады.

Мәліметтерді өңдеу логикасы (Data manipulation Logic) қолданбалының ішінде мәліметтерді өңдеуге негізделген қолданбалының кодының бөлігі. Мәліметтерді МҚБЖ (DBMS) басқарады. Мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыздандыру үшін сұраныстар тілі мен SQL стандартты тілінің әрекеттесу құралдары қолданылады. Әдетте SQL тілінің операторлары қолданбалының кодын жазуға пайдаланатын 3-ші немесе 4-ші ұрпақтың тілдеріне ендіріледі.

Мәліметтерді басқару процессоры (Database Manager System Processing) мәліметтер қорын сақтап қою мен басқаруды қамтамасыздандырады. Идеалды жағдайда МҚБЖ функциялары қолданбалының бизнес-логикасына көрінбеуі керек, бірақ қолданбалының архитектурасын қарастыру үшін оларды қолданбалының бөлек бөлігіне орнатқан жөн.