Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру

Мәліметтер қорының негізгі міндеті пайдаланушыны дәл ақпаратпен қамтамасыздандыру болып табылады. Сондықтан мәліметтер қорының құрылымы логикалық болып оның кемшіліктері болмағаны өте маңызды. Мәліметтер қорының моделі күрделі болған сайын оны дұрыс жобалау қиындайды. Объектілік жиынтықтар, нақтылаулар, құрамды объекттер мен қатынастар қосылған сайын күрделік өседі. Сондықтан реляциялық модельдің мәтіндік амалына қарағанда графикалық амал (концептуалды модельдің сұлбасы) дәл модельдерді алудың ықтималдығын көтереді.

Реляциялық модельдерге қарағанда мәліметтердің концептуалды модельдерін түсіну жеңіл болады, себебі олар біздің зат есімдері (объектілік жиынтықтар) мен етістіктерді қолдану жолымен көрсетілген заттарға жаратылыс көз қарасымызға сәйкес. Ақпарат графикалық түрде көрсетіледі, визуалды елестету құрылымды түсінуін қарапайымдайды.

Ал реляциялық модельде реляциялық кестелер мен сыртқы кілттер жалғыз құрылғылар болып табылады, барлық объектілік жиынтықтармен қатынастар бірдей жолмен модельденеді. Реляциялық сұлбадан бірден қандай кестелер объекттер немесе қатынастар екенін түсіну өте қиын. Реляциялық модельді талқылағанда кестелерді байланыстыратын суретті елестетесіз. Басқа сөзбен айтқанда реляциялық модельді түсіну үшін ойда концептуалды модельдеуде орындалатын жұмыс жасалады. Сондықтан концептуалды модельді өңдеу және соңынан оны нормаланған реляциялық модельге түрлендіру жұмсалған күш салуды ақтайды. Кері жағдайда күрделі оқиғаларда маңызды қателер жасалуы мүмкін. Әрине, қарапайым мәліметтер қорлары үшін концептуалды модельді жасау орнына реляциялық модельді жасау жеңілдеу болатын шығар.

Алдында қарастырылған реляциялық модельдерге қолданған нормалау теориясын «объект—байланыс» модельге де қолдануға болады. Семантикалық модельді бесінші нормалы формаға келтіру алгоритмі келесідей болуы мүмкін:

- нақты ортаның өзара байланысқан объекттері модель сұлбасында бар екенін талқылап (осы жағдай нормаланған қатынастарға сәйкес), олардың әр қайсысын бірнеше жаңа объекттерге бөлу керек; олар арасында сәйкес байланыстарды орнату керек; алынған сұлба бірінші нормалы форманы қанағаттандырады;

- бастапқы құрамды кілттері бар барлық объекттерде бастапқы емес атрибуттары кілттік атрибуттарына функционалды тәуелді еместігін талқылау. Егер де осындай жағдай анықталса, объекттерді екіге бөліп, әр объект үшін бастапқы кілттерді анықтап, олар арасында сәйкес байланыстарды орнату керек. Алынған сұлба екінші нормалы форманы қанағаттандырады;

- барлық объекттерде кілттер емес детерминантардың бар екенін талқылау керек. Егер де осындай детерминанттар бар болса, объектті екіге бөліп, олар арасында сәйкес байланыстарды орнату керек. Алынған сұлба үшінші нормалы форманы қанағаттандырады;

- барлық объекттерде көп мағналы тәуелділіктер бар екенін талқылау керек. Егер де бірнеше көп мағналы тәуелдіктерге ие объекттер болса, оларды екіге бөліп, арасында сәйкес байланыстарды орнату керек.

Осы жолмен алынған сұлба сонымен төртінші нормалы форманы қанағаттандырады.

Егер де концептуалды сұлбаны реляциялық сұлбаға 11 дәрісте аталып кеткен ережелер бойынша дұрыс түрлендірсе, практикада осы соңғы амалдарды қолданбай ақ төртінші нормалы формадағы сұлба шығады деп есептелінеді,