- •1 Дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы
- •1.1 Ақпараттық жүйелері
- •1.2 Файлдар және файлдық жүйелер
- •2 Дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері
- •2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері
- •2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер
- •3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы
- •3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары
- •3.2 Дербес компьютерлер кезеңі
- •3.3 Таратылған мәліметтер қорлары
- •3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары
- •4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
- •4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
- •4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
- •5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
- •5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
- •5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
- •6 Дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу
- •6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары
- •6.2 Концептуалды модельді графиқалық көрсету
- •7 Дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың er-диаграммасын өңдеу
- •7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы
- •8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары
- •9 Дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері
- •9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- •10 Дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі
- •10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер
- •10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
- •11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
- •11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
- •11.2 Қатынастарды түрлендіру
- •12 Дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау
- •13 Дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар
- •13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар
- •13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру
- •14 Дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру
- •14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың sql тілі
- •14.2 Мәліметтер қорының объекттері
- •15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі
- •15.1 Жалпы мағлұматтар
- •15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері
- •15.3 Екі денгейлі модельдер
10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
Мәліметтер қорындағы мәліметтердің келісілімдігі мәліметтердің бүтіндігі деп аталады. Коддтың реляциялық моделінде мәліметтер қорындағы мәліметтерді тексеруге және мәліметтерге мағналы құрылымды орнатуға негізделген бірнеше шектеу шарттары бар. Олар мәліметтердің бүтіндігін сүйемелдейді.
Мәліметтер қорында мәліметтердің мәндерін шектейтін ережелерді шектеу шарттары деп атайды. Шектеу шарттар мәліметтер қорындағы мәліметтердің дұрыс мәндерін сүйемелдейтін логикалық негізі болып табылады, мәліметтерді жаңартып өңдегенде қателерден сақтайды.
Осындай мүмкіншіліктердің ақиқат бағасы бар, себебі мәліметтер қорының негізгі мақсаты басқаруға және шешім қабылдауға дәл мәліметтерді беру. Әдетте келесідей шектеулер қарастырылады: категориялық бүтіндік; сілтеме денгейіндегі бүтіндік; функционалдық тәуелділіктер.
Мәліметтер қорының реляциялық кестесінің жатық жолдары мәліметтер қорында нақты ортаның белгілі элементтерін яғни реляциялық терминологияға сәйкес категорияларын көрсетеді. Реляциялық кестенің кілті кестенің әрбір жолын яғни категория элементін бір мағналы анықтайды. Сонымен, егер де пайдаланушылар белгілі жолдың мәндерін алғысы немесе өңдегісі келсе, олар осы жолдың кілтінің мәнін білуі керек. Сондықтан, элементтің кілттік атрибуттарының мәндері толық анықталғанша ол кестеге жазылмайды. Басқа сөзбен айтқанда, кілт немесе оның бір бөлігі бос мән болмауы керек. Осы талап категориялық бүтіндік ережесі ретінде жазылады: жатық жолдың ешқандай кілттік атрибуты бос мәнді бола алмайды.
Реляциялық кестені жасағанда бір кестенің жолдарын басқа кестенің жолдарымен байланыстыру үшін сыртқы кілттер қолданылады. Барлық бос емес сыртқы кілттері басқа реляциялық кестенің ағынды мәндеріне сілтесе мәліметтер қорының сілтеме денгейінде бүтінгі бар.
Сілтеме деңгейіндегі бүтіндік ережесі: бос емес сыртқы кілт мәні басқа реляциялық кестенің кілтінің ағынды мәніне тең болуы керек.
Шектеулердің үшінші түрін талқылау үшін мәліметтер қорын нормалау ережелерін қарастыру керек.
11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
Дәріс мазмұны:
- концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру принциптері.
Дәріс мақсаты:
- концептуалды модельдің элементтерін реляциялық кестелерге түрлендіру әдістерін оқу.
Көптеген мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) реляциялық модельде негізделген. Тікелей концептуалды сұлбаны іске асыратын объектті бағытталған МҚБЖ-р қазіргі уақытта әлі өңделмеген. Rонцептуалды модельді 3ске асырылатын модельдерге көшірудің кейбір әдістері қажет. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру әдістерін қарастырайық.
Концептуалды модель объекттерден, қатынастардан, атрибуттардан, нақтылаулардан, құрамды объекттерден, т.с. тұрады. Осы құрылым бөліктердің әр қайсысын реляциялық кестелерге түрлендірудің әдістерін қарастырамыз.
11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
Оларды келесі ережелер бойынша түрлендіреді:
а) әр объектілік жиынтық үшін реляциялық кесте жасалады. Көбінесе объектілік жиынтықтар мен реляциялық кестелердің аттары бірдей болады. Бірақ, олар бөлек те болуы мүмкін, себебі объектілік жиынтықтардың аттарына, уникалды болу талаптан басқа қосымша синтаксистік шектеулер қойылмайды. Ал кестелердің аттары белгілі МҚБЖ талаптарымен шектелуі мүмкін. Көбінесе бұл аттар кейбір негізгі тілдің идентификаторлары болуы мүмкін, өлшемдері шектелген, аттарында бос орын және басқа арнайы символдар орнатылмайды. Мысалы, объектілік жиынтықтың аты ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР болса (11.1 суретті қараңыз), оған сәйкес кестені, мысалы, EMPLOYEE деп атаған дұрыс (бос орынсыз, латын әріптерімен).
|
|
|
|
Объектілік жиынтықтың атрибуттары реляциялық кестенің атрибуттары болып табылады. Атрибуттарға жаңа аттар қою ережелері объектілік жиынтықтарға жаңа ат қоюға сәйкес. Әр атрибут үшін МҚБЖ-де рұқсат етілген белгілі мәліметтер типі (11.2 суретті қараңыз) және атрибуттың міндетті немесе міндетті еместігі орнатылады (басқа сөзбен айтқанда оған NULL мәні рұқсат етілгені немесе етілмегені);
11.2 Сурет - EMPLOYEE қатынастың атрибуттарының қасиеттері
б) егер де концептуалды модельде кілттік атрибуты болса, оны реляциялық кестенің бастапқы кілті (PRIMARY KEY) ретінде қолдануға болады. Кері жағдайда кестенің кілттік атрибуты мәліметтер қорының жобалаушысымен жасалады. Бірақ, осындай атрибуттың өздігінен модельден пайда болғаны жақсы. Практикада, әрине, кілтті таңдау туралы жобалаушылар пайдаланушылармен ақылдасуы керек. Қатынастың бастапқы кілтіне кіретін атрибуттар автоматты түрде міндеттілік қасиеттеріне (NOT NULL) ие болады;
в) егер де концептуалды модельде объектілік жиынтықтың нақтылаулары яғни ішкі және жалпылау объекттері болса, онда көрсетудің бірнеше нұсқалары бар. Бір жалпылау объекттің ішкі объекттері үшін бір қатынасты жасауға болады. Оған ішкі объекттердің барлық атрибуттарын орнатады. Бұл нұсқада кейбір даналар үшін кейбір атрибуттардың мағналары болмайды. Олардың анықталмаған мәндері болса да бір ішкі объектті басқадан айыру үшін қосымша ережелер керек болады. Тек қана жалғыз қатынас жасалатыны осындай көрсетудің артықшылығы. Екінші нұсқада әр ішкі және жалпылау объект үшін өздерінің бөлек қатынастары жасалады. Өте көп қатынастардың жасалуы осындай көрсетудің кемшілігі. Бірақ ішкі объекттің тек қана мағнасы бар атрибуттарымен жұмыс істеу артықшылығы болып табылады.
Әдетте объектілік жиынтықтың нақтылауы жалпылау объектілік жиынтықтың барлық атрибуттарына ие болады. Онда нақтылау мен жалпылау объектілік жиынтықтарда қайталанатын ақпарат болады. Осындай ақпараттың артықшылығын жою үшін нақтылаудың реляциялық кестесінен барлық қайталанатын кілттік емес атрибуттарды алып тастайды; ал оның кілттері жалпылау объектілік жиынтықтың кілттерімен бірдей болады.
