Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПБД_лекц.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
239.15 Кб
Скачать

7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы

Сонымен, объекттер мен олардың өзара байланыстарын модельдеу үшін объект-қатынас диаграммалары көрнекі графикалық белгілеуді қолдануға мүмкіндік береді. Әдістің негізгі артықшылығы бастапқы диаграммаларды тізбектеп дәлелдеу жолымен модельді құрастыру болып табылады. Концептуалды диаграммалар белгілі мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің ерекшеліктерін есепке алмайды.

8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары

Дәріс мазмұны:

- мәліметтер қорларын концептуалды модельдеудің мысалдары.

Дәріс мақсаты:

- концептуалды сұлбаларды өңдеудің әдістерін мысалдарда оқып үйрену.

Алдында айтылып кеткендей қатынастарды объекттер ретінде қарастыруға болады, бұл жағдайда олар құрамды объектілік жиынтық деп аталады. Бизнестің көптеген мәселелері құрамды объектілерді қолдануын талап етеді. Алдынғы мысалдарда барлық қатынастар екі объектілік жиынтықты қолданады (бинарлық қатынастар). Бірақ қатынас үш және одан да көп объектілік жиынтықтарды байланыстыра алады (n-арлық қатынас). Осыны мысалдарда қарастырайық.

Дүние жүзінде сатулармен айналысатын компанияның тәжірибесін қарастырайық. Компанияның келесідей мақсаты бар: әр елдерде сапаның жоғары стандарттарына сәйкес тауарларды өндіретін өндірушілерді, тауарларды сататын фирмаларды табу, таңдалынған өндірушілердің тауарларымен сатушыларды қамту үшін сатушылар мен өндірушілер арасында істік байланыстарды орнату. Компанияның әр елде кеңселері бар, әр кеңсенің штаты сату агенттерден және сатып алушылардан тұрады.

Компанияның мәліметтерінің концептуалды моделін жасаймыз. Компанияның клиенттері, сату агенттері, тауарлары және тауарлардың өндірушілері бар. Келесідей объекттерді белгілейік: ТАУАР, КЛИЕНТ, САУДА_АГЕНТІ, ӨНДІРУШІ. Олар арасында 8.1 суретте көрсетілгендей келісімді қатынастарды орнатамыз.

Ә р клиентке сатылған тауардың санын бақылап отыру қажет болсын. Объекттердің біреуіне САНЫ атрибутын меншіктеуміз керек. Егер де бұл атрибут ТАУАР жиынтықтың атрибуты болса, онда әртүрлі клиенттерге қандай тауарлар сатылғанын біле алмаймыз, ал атрибутты КЛИЕНТ объектіне меншіктесек, клиентке сатылған тауарларды айыра алмаймыз. Сондықтан, САНЫ атрибуты бөлек тауардың немесе клиенттің атрибуты болмайды, тауар мен клиент арасындағы қатынастың атрибуты болады. Сонымен «сатылды_кімге» қатынас өзі объектілік жиынтық немесе құрамды жиынтық болады, оған САНЫ атрибут меншіктеледі (8.2 сурет қараңыз).

8 .2 Сурет – Сатулардың санын дұрыс көрсететін модель

Әр клиентке белгілі күні сатылған әр тауардың санын есепке алып отыру қажет болсын. Онда «сатылды_кімге» қатынасын ДАТАСЫ объектпен байланыстырып, осы жаңа қатынасқа САНЫ атрибутын меншіктейміз. Модельді үш жақты қатынас түрінде көрсеткен ыңғайлы болады (8.3 сурет). Сонымен бірге модельдің объекттерінің бірі тауарлардың өндірушілері болатынын есепке ала отырып, оны сұлбада көрсетейік. Сұлбада және де қатынастардың қуаттылықтары белгіленген.

8 .3 Сурет – Сатылымдарды бақылаудың толық моделі

Концептуалды модельдеудің тағы бір түсініктемесін көрсету үшін келесі мысалды қарастырайық. Құрылыс компания әртүрлі гимараттарды салады. Барлық гимараттар үшін әртүрлі санда әртүрлі материалдар керек. Жобаның әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі бригадалар жұмыс істейді (арматурщиктер, штукатурлар, тасшылар, т.б.). Жұмыс графиғін жасағанда, фирма бригадалар құрамын өзгертіп отырады. Бригадалар құрамына жұмысшылар өздерінің квалификациясына қарай кіреді. Мысалы, бір жұмысшының екі квалификациясы болса, ол әртүрлі бригада құрамына әртүрлі квалификациямен кіреді. Салынатын гимарат талабына сәйкес бригада құрамы құрылады. Әр бригадада басшысы – бригадир болады. Жұмысшы бір бригадада басшы болып, басқаға жәй жұмысшы ретінде кіруі мүмкін. Фирманың қожасын қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыратын мәліметтердің концептуалды моделін құрастырайық. 8.4 суретте гимараттар мен материалдар арасындағы байланыс көрсетілген.

Г ИМАРАТ және МАТЕРИАЛ_ТИПІ объектілік жиынтықтары арасында қатынастың құаттылығы көп-көпке болады. АДРЕС атрибуты тек қана ГИМАРАТ жиынтықтың атрибуты болады,. сондықтан бұл атрибутты идентификатор ретінде қолдануға болады. Қатынасты қоршаған төртбұрыш осы қатынасты құрамды объектілік жиынтық ретінде қарастыратынымызды көрсетеді. Осы құрамды объектілік жиынтықтың элементі ретінде гимараттар мен материал типтерінен құрастырылған жұптар болады, Объектілік жиынтықтың атрибуты САНЫ болып табылады.

Келесі маңызды түсініктемені атап кету керек. Бұл мысалда МАТЕРИАЛ_ТИПІ объектілік жиынтық физикалық объект емес, концептуалды объект болып табылады. Заттардың типін белгілейтін объект концептуалды объект деп аталады, бұл объекттің элементтері абстрактілік түсініктемелер болады. Басқа сөзбен айтқанда бұл жиынтықтың әр элементі материалдың физикалық «тілімін» емес матералдың типін белгілейді. Элементтері физикалық заттар болатын объектілік жиынтық физикалық объектілік жиынтық деп аталады. Мәліметтерді концептуалды модельдерінде физикалық объектке қарама қарсы қойылатын концепуалды объекттің осындай түсініктемесі жиі қолданылады. Алдында қарастырған кітапхананың мәселесінде КІТАП объектілік жиынтықта концептуалды кітаптар туралы мәліметтер сақталады, біздің модель бойынша олардың даналары яғни томдары физикалық кітаптарды құрастырады. Оқырман осы екі түсініктемені бөлмеуі мүмуін.

Енді бригадалар қалай құрастырылатынын және жұмысшылар мен бригадирлер бригадаларға қалай тағайындалатынын көрсетейік. Концептуалды объектілік жиынтықтың тағы бір мысалы БРИГАДА_ТИПІ болып табылады; бұл жиынтық белгілі бригадалардан тұрмайды, бригада типтерінен тұрады (арматурщиктер, тасшылар, электриктер, т.б. бригадалар түрлерінен) Гимараттар мен бригадалар типтері арасындағы қатынас осы гимаратта белгілі жұмыс түрін орындауға тағайындалған белгілі бригаданы көрсетеді. Осы қатынасты объект ретінде қарастырып, оны БРИГАДА деп атаймыз.

БРИГАДА объектілік жиынтықтың элементі ретінде әр бригадаға оның жұмыс күндері белгіленеді. Сондықтан, ДАТАСЫ және БРИГАДА деген объекттер арасында көп-көпке қатынасы бар болады.

Содан кейін бригадир мен жұмысшыларды бригадалар бойынша орнату көрсетілген. Бұл арада «бригадир_болады» қатынасының құаттылығы бір-көпке, себебі бір бригадада жалғыз бригадир болады, ал бір жұмысшы бірнеше бригдаларды басқаруы мүмкін.

8.5 Сурет – Бригадалар мен бригадирлерді құрастыру моделі

8.6 суретте құрылыс компаниясының толық моделін көрсететін біріктірілген диаграмма көрсетілген.

8 .6 Сурет – Құрылыс компанияның мәліметтерінің моделі

Қарастырылған модельдер басшылар қоятын сұрақтардан шығатын ақпаратта негізделген болатын. Сондықтан осы модельдер ақпаратты-басқару жүйенің фундаменті болып табылады. Концептуалды модельді істік операцияларда қолданатын есеп берулер түрлерінен де шығаруға болатынын айтып кеткен жөн.