Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский 2 семестр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

Шыныкристаллит, шыныкремнезит

Шыныкристаллит және шыныкремнезит - екі немесе үш қабатты піскен материал. Төменгі қабаты түссіз түйіршіктер араласпасынан құралған, егер тек шыны түйіршіктері қолданылғанда - шыныкристаллит, ал шыны мен құм араласқанда - шыныкремнезит болады. Бұл екі материалдың да жоғарғы қабаттары түрлі - түсті шыны түйіршіктерінен жасалады. Шыныкристаллит өндіру шыны және керамика технологияларының элементтерінен тұрады, яғни шыныны пісіру, шыны түйіршіктерін алу немесе дайын шыныны қолдану, плиткаларды қалыптап пісіру , кристалдау, жалынмен жалтырату және бұйымдарды жасыту операциялары атқарылады. Жалынмен жалтырату бұйымға кең түспен әрлілік қасиет береді, гранит пен мәрмәр тас түстес шыныкристаллит ішкі және сыртқы өңдеу жұмыстарына жоғары тиімділікпен қолданылуда.

Тапсырмалар:

1. Сөздерді аударыңыздар.

Піскен, түссіз, төменгі, түйіршіктер, араласпа, жалтырату, жалын, жасыту, атқару, әрлілік қасиет, түстес, ішкі, сыртқы, тиімді, қолдану, қалыптап пісіру, өңдеу, мәрмәр, тиімділік.

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

3.Қолданылғанда, түйіршіктерінен, технологияларының сөздерін сөздік құрамға талдаңыздар.

4. Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.

2.Қ.М,Хамзина, А.Ә.Ботабек, Ш.А.Жетпісбай. Қазақ тілі (оқу құралы). ҚарМТУ, 2009.

3.А.Ә.Ботабек, Г.Қ.Сағатова. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2009.

4. А.А.Мырзақожаева., Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.

СӨЖ

Сұхбат. Қазақстанның білім беру жүйесі

СОӨЖ.

1.Одағай, еліктеу сөздерге мысалдар келтіріп,жаттығу орындау. 2. Жағдаят бойынша сұхбаттар құру(отбасы тақырыбына). 3.Тест.

6-тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жай сөйлем. Кірпіш.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше? Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, жаңа сөздерді аударыңыз.

2.«Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.1).Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

2) Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма ?

3).Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

4).Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма ?

5).Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4.Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңыздар.