
- •Іі семестр
- •Мамандық әлемінде
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Инженерлік геология.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Болашақ бағдарламасы жайында.
- •Шыныкристаллит, шыныкремнезит
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі
- •Ар нуво
- •1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2.Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның географиялық орны.
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстан экологиясы
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Өсімдік және медицина
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Салауатты өмір салты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.
Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек.
Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді.
Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХ-ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс.
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен жаңа сздерді теріп жазып, аударыңыздар.
2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.
3. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;
«Дені саудың, жаны сау»;
«Басты байлық – денсаулық»;
«Ауру айтып келмейді».
4.Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? «Салауатты өмір салты» дегенде ойыңызға қандай сөздер түседі? Жазыңыздар.
5.Мәтіннен көсемше сөздерді теріп жазыңыздар.
Инженерлік геология.
Инженерлік геология жер қыртысының бетін әр түрлі инженерлік құрылыстар салуға байланысты зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Инженерлік геология бүкіл құрылыс пен оның жеке құрылмалық /конструкциялық/ бөліктері – іргетастары орналасатын орындарды зерттейді. Бұл орындарды зерттеуде қолданылатын құралдар: теодолит, невилир. Белгілі ауданды шаруашылық мақсаттарымен игеріп, пайдалы қазба кендеріндегі тау-кен жұмыстарын жүргізеді. Құрылыстың орнықтылығы мен оларды үздіксіз тиімді пайдалану шараларын белгілейді. Салынған құрылыстарды пайдаланудан оларға әсер ететін табиғи жағдайлардың келешекте өзгеру мүмкіндігін болжайды.
Инженерлік геология құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану істерін тау жыныстарының түрлі қасиеттері жөніндегі деректермен қамтамасыз етеді. Олар құрылысшыларға берілетін белгілі аудандардың құрамына енеді. Осы мақсаттарды орындау жолында инженерлік геология жер қыртысын зерттегенде геологиялық әдістермен қатар техника, химия, механика, топырақтану, петрология, геофизика, геохимия сияқты геология ғылымының салаларымен тығыз байланыста болады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді аударыңыздар.
2. Мәтінді аударыңыздар.
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, түрлерін анықтаңыздар.
5. Зерттейді, болжайды сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1.Ж.О.Байжанов., М.А, Рақымов.,Е.В.Ткач ., А.М.Кононенко. Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.
2. Ш.А.Жетпісбай, А.Ә. Ботабек, Г.С. Байпелова, Ғ.М. Әбілқасов, Г.Қ. Сағатова. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). ҚарМТУ, 2004.
3. Б.Ж.Жүсіпова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.
4. И.Кубаева. Қазақ тілі.(электронды нұсқасымен). Алматы, 2003.
СӨЖ
Сұхбат. Сен салауатты өмір салтын сақтайсың ба? Реферат. Адамның қоғамдағы орны.
СОӨЖ
1.Көсемше түрлерін қайталап,сөйлемдер құрап жазу. 2.Жаттығулар орындау. 3.Суретпен жұмыс.
3-тақырып. Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұйым. Құм. Үстеу (мезгіл, мекен, күшейткіш және т.б.)
Практикалық сабақтың жоспары