Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский 2 семестр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

Қазақстанның «қызыл кітабы»

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комисиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды. Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтіннен таныс емес жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Қазақстан Республикасы.. Қызыл кітаб... – республика территориясы... кездесетін сирек, саны азай... немесе жойылып кет... қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түр...і туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру ... тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.

4.Жаңа сөздерді жаттаңыздар.

АҒАШ - ДИЗАЙН ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

Ішкі көріністің дизайны елеулі дәрежеде ғимараттың жалпы сипаттамасына — оның тағайындалуына, пайдаланылған материалдар мен конструкцияларына байланысты болады. Ағаштық құрылыста ішкі көрініс әдетте толығынан ағашты нұсқада орындалады немесе ағашталшықты плита, пластиктер, сылақты қаптағыш материалдарды қолданады, ал тасты ғимараттарда ағашты жабылым, еден, қабырғалардың біраз бөлігі, есіктер, саты, қалқалы қондырғылар, жабдықтар мен жиһаздар ретінде қолданып жүр. Ал соңғы жылдары ағашты ішкі көріністе қолдану тіпті сәнге айналып барады. Бұл ретте ағаштың тек өзіне ғана тән текстура мен түсі сияқты қасиеттері үлкен маңыздылыққа жетіп отыр.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздерді аударыңыздар.

Ішкі, елеулі, дәреже, сипаттама, жабылым, саты, маңыздылық, тағайындалу, нұсқа, сылақ, қалқалы қондырғы, жабдық, көрініс, ғимарат, қаптағыш, еден, қондырғы, жиһаз, сән, түс, жету.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.

4.Қолдану етістігін өткен шақ формасында жіктеңіздер.

5.Мәтіннен сын есім сөздерді теріп жазыңыздар да , сол сөздермен сөйлемдер құрап жазыңыздар.

6.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.Мырзақожаеа А.А, Жақыпбеков Ш.Қ. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.

2.Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.

3.Жетпісбай Ш.А, Ботабек А.Ә.,Байпелова Г.С. Әбілқасов Ғ.М. Сағатоа Г.Қ. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

4.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

5. А.Ә.Ботабек. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2002.

СӨЖ

Әңгіме. Қазақстанның өсімдіктері.

СОӨЖ

1.Сабақтас құрмалас сөйлем (қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты). Жаттығулар орындау.2.Сөйлемдер талдау. 3.Тест.

14-тақырып. Аралық тест. Өсімдік және медицина. Ағашты көркемдеу. Төл сөз. Төлеу сөз.

Практикалық сабақтың жоспары