Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский 2 семестр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі

Ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады. Заңды төлем қызметін атқаратын ақшаның түрлеріне қағаз ақшалар (банкноттар) және ұсақ металл ақшалар жатады. Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі қызмет жасайды. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы – несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі – ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейту, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыру.

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық – материалдық құндылықтарды шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақша нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Қоғамда ақша қандай рөл атқарады?

Ақшаның экономикадағы рөлі қандай?

Ақшаның қандай түрлері бар?

3.Сөз тіркесін жасаңыз: Экономикалық, еңбек, қаржылық, ақша.

4.Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

ТЕҢГЕ – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА

Ақша жалпы эквивалент рөлін атқарды. Заңды төлем қызметін атқаратын ақшаның түрлеріне қағаз ақшалар (банкноттар) және ұсақ металл ақшалар жатады. Қазақ елінің ақша бірлігі «теңге» деп аталады. Олар: 1, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000, 10000 –дық теңгелер. Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақытты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалиев пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыздар.

2.Мына сұрақтарға жауап беріңізде :а) Еліміз тәуелсіздікті қашан алды ?ә)Тәуелсіздіктің қандай белгілері бар ? б)Сіздің елде басқа елдің валютасы жүре ме? в)Ұлттық валюта қай жылдан бастап айналысқа енді?

3. Мәтіннен екі сөйлемді алып, сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

4. Мәтінді әңгімелеңіздер.

5. Қазақстан теңгесі сөз тіркесіне фонетикалық талдау жасаңыз.