
- •Іі семестр
- •Мамандық әлемінде
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Инженерлік геология.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Болашақ бағдарламасы жайында.
- •Шыныкристаллит, шыныкремнезит
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Ақша қызметі
- •Ар нуво
- •1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2.Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қазақстанның географиялық орны.
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстан экологиясы
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Өсімдік және медицина
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
Нарық – экономика саласы. Бұл салада тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жаласады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.
ӨНДІРУШІ НАРЫҒЫ – тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін сатып алатын ұйымдар.
НЕСИЕ КАПИТАЛЫНЫҢ НАРЫҒЫ – еркін ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Оларды қарыз капиталына айналдырып, ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында бөлісу.
НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – нарықтағы тауарлардың және қызмет көрсетудің еркін алмасуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар (банкілер, биржалар, жәрмеңкелер, сақтандыру компаниялары, консультациялық, ақпарат, маркетингілік фирмалар, т.б.) жүйесі.
НАРЫҚТЫҚ ҚҰН – 1) тауардың, бағалы қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін бағасының деңгейі; 2) негізгі қорлардың (кәсіпорынның, құрал-жабдықтың) құны.
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ – бірыңғай бөлшек сауда бағасы емес, бағаның кең ауқымындай мәміле жасасатын сатушылар мен сатып алушылар нарығы.
Тапсырмалар:
1.Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.
2.Мәтінді аударыңыздар.
3.Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.
4.Термин сөздерді теріп жазыңыздар.
САЛЫҚ
САЛЫҚ – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: қосылған құнға салынатын салық (НДС), пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифы және баж салығы, азаматтардан алынатын табыс салығы, меншікті дүние-мүлікке салынатын салық, т.б.
Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Салықтар бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көзері болып табылады.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметке салынатын жанама салық. Қосылған құнның құрамына тозу (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін процент), сонымен қатар пайда кіреді.
АҚША КАПИТАЛДАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – дивиденттерге, акциялар мен облигациялардан алынатын проценттерге, банктерге салынатын ақша бойынша проценттерге, займдар бойынша ұтыстарға, тағы басқа кейбір табыстарға салынатын салық.
КАПИТАЛДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ - мүлікті пайдаланудың сан алуан түрлерінен (сатудан, айырбастан, сыйға тартудан, т. б.) алынған заңды ұйымдардың да, сондай-ақ жеке адамдардың да табысына салынатын салық.
САТУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметтің сату құнының процентімен белгіленетін салық, өндіруші төлейді, акциздердің бір түрі.
Тапсырмалар:
1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік жасаңыздар.
2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
3.Мәтінді аударыңыздар.
4.Жай сөйлемдерден сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер жасаңыздар.
АҒАШ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Қара ағаш – ашық сары , ал өзегі ашық қоңыр немесе сұрғылт – қоңыр түсті, шел қабықты қабаты бар. Қара ағаштан алынған ағаштар ауыр, берік, иілгіш, соққыға төзімді, қаттылығы орташа ағаш. Су ішінде беріктікті жақсы сақтайды, бірақ ашық ауада, ылғалды ортада тез шіриді, оны құрылыста, машина жасау өндірісінде қолданады.
Қайың – жапырақты ағаштар арасында ең көп тараған ағаш. Оның ағашы қатты және берік. Әр түрлі құрт-құмырсқа, қына, мүк, саңырауқұлақтың әсерлеріне төзімсіз. Сондықтан құрылыста кеңінен қолдануға жарамсыз. Қайыңнан балға, балта, күрек саптарын және басқа бұйымдар жасайды және фанера өндірісінде қолданылады.
Қарағай – құмдақты жерлерде өскен қарағай ағашы ұсаққабатты, өте тығыз, берік, қатты, сарығыш-қызылдау түсті. Ал тау етектерінде өскен қарағай сарылау, ақ және қызылдау болады. Қарағай құрамында шайырдың мол болуына орай оның ағашы шіруге төзімді. Қарағай ағаштарын құрылыстың барлық бағыттарында қолданады. Атап айтсақ коттедждерде, жеке тұрғын үйлерде, көпірлерді, темір жол шпалдарын, жәрдемші конструкцияларды және басқа әр түрлі үйлерді құрастыруда қолданылады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді аударыңыздар
2. Мәтінді аударыңыздар
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4. Жай сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1.3.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.
2.Г.М.Нұрғожина, М.Ә.Хасен, Қ.М.Хамзина. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2006.
3.Ш.А. Жетпісбай, А.Ә. Ботабек, Г.С. Байпелова, Ғ.М. Әбілқасов, Г.Қ. Сағатова. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). ҚарМТУ, 2004.
4. А.А.Мырзақожаева., Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.
СӨЖ
Киіз үй туралы айтыңыздар. Нарық және салық туралы реферат жазыңыздар.
СОӨЖ
1.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері бойынша слайд-сабақ дайындау. 2. Жаттығулар орындау. 3.Мәтінмен жұмыс.
9-тақырып. Ақша қызметі. Теңге – ұлттық валюта. Ар Нуво. Сөйлем мүшелері.
Практикалық сабақтың жоспары