Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азамат ДП 4550.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
399.93 Кб
Скачать

2 Экономикалық бөлім

Тереңдігі 4550 м тереңдікте жобаланған ұңғымаға қажетті иехника мен технологияны жоба бойынша өндіріске енгізетін болсақ, бұл қазіргі заман талабына сай акционерлік қоғамды президент басқарады деп есептейміз. Аталмыш акционерлік қоғам президентіне бағынышты: кадрлар бөлімі, канцелярия, есепшілер немесе қаржы бөлімі, өндірістік – техникалық бқлім, еңбек және жалақы бөлімі, заң қызметі боуы керек (13 сурет). Бұл қызметтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Президент қарамағында сонымен қатар:

- құрылыс бойынша;

- әлеуметтік даму бойынша;

-өндіріс бойынша;

- қамтамасыз ету жіне көлік юойынша орынбасарлар;

- бас геолог;

- президенттің тікелей орынбасары болады.

Әрбір орынбасарлар мен бас мамандардың қарамағында бағыттары бойынша шешім қабылдайтын және жауап береиін тиісті қызметтер, цехтар немесе бөлімдер бар.

Әрбір құрылымның штаттық кестесі мен олардық бастығы мен бас мамандарын, құрылым басшысының ұсынысымен президент бекітеді. Тиісті құрылымдардың өз ережесі мен нормативтік құжаттарда қарастырылған міндеттерді атқараратын функционалдық міндеттері болуы керек.

Ереже мен функционалдық міндеттерде жұмыс мерзімі, ауысым ұзақтығы және төтенше жағдай кезіндегі қосымша міндеттер нақтылап көрсетілуі тиіс.

Есепшілер немесес қаржы бөлімінің міндеті негізінен; өндірістің жоспарлы тапсырыстарды орындауға және оны тиімді пайдалануға бағытталған қаржылық мәселелері, мемлекет бюджетіне міндетті төлемдерді мезгілінде жүргізілуін, шикізат немесе жабдықпен қамтамасыз етушілер, тұтынушылардың және өнеркәсіп қызметкерлерінің уақтылы төлемдерін қамтамасыз етуі болып табылады.

Есепші және қаржы бөлімінің қаржы-кредиттік жоспарлау бағытындағы негізгі функциялар:

- қаржы жоспарларының жобаларын, болжамдарды, ішкі шаруашылық резервтерінің қажетті максималды белсенділігін есептегендегі өнеркәсіп бағдарламаларын уақытында құрастырылуын және айналымдағы материалдық қаражаттарды тиімді түрде кеңінен пайдалану;

- банк мекемелерінде бекітілген мерзім ішінде касалық жоспарларды құрастыру, оларды қарастыруда қатысу, кредиттік ресурстарға өтінім беру;

- өнімді тұтынушыларға өткізу кезінде ақшалай сипаттағы жоспарды құрастыруға қатысу;

- тұтынушылар мен қамтамасыз етуші тұлғалардан түскен шағымдарға есептесулерді қамтамасыз ету;

- қаржы, кредит және кассалық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету.

Өндірісті және жабдықтарды пайдалану

Кенішті өңдеу және ұңғыны жөндеу бөлімі

13 Сурет - Жоспарланып отырған акционерлік қоғамның құрылымдық сұлбасы

Қаржылық-оперативтік мәселелер бойынша бекітілген мерзімдер ішінде мынадай қызметтер көрсетуі керек:

- қықа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттер үшін үстеме ақыны төлеу;

- түскен пайданы ведомствоаралық бөлу ретінде ақшалай қаржыны беру;

- өнеркәсіп қызметкерлеріне еңбекақы беру және басқа да кассаалық операциялар жүргізу;

- бөтен жақтан қызмет көрсетушілерге әкелінген материалдар үшін, көрсетілген қызметтерге және бесқа да атқарылған жұмыстар үшін келісімшартта көрсетілгендей есеп айырысу.

Бақылау-ревизия бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы «Бірлестіктің, өнеркәсіптің және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін ведомстволық бақылау туралы Ережені бекіту» Заңына сәйкес жүргізуі керек. Бақылау-ревизия бөліміне мынадай міндеттер жүктеледі:

  1. ҚР «Мұнай туралы» Заңының және басқа да өнеркәсіп қызметіне қатысты нормативтің актілерінің орындалуын бақылау;

  2. бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп айырысудың жүргізілуінің дұрыстығы мен заңдар талабына сай екендігін тексеру;

  3. өнеркәсіптің өндірістік жіне қаржы-шаруашылық қызметін ревизиялау және тексеру;

  4. келісімшарттардағы бағаның дұрыстығын, сатылып жатқан сауда үстеме ақысын есептеулердің дұрыстығын, келісімшарттық бағаның және калькуляция құрастырудың дұрыстығын бақылау.

Заң қызметінің негізгі міндеттері:

- акционерлік қоғамның заңды сақтауын қамьтамасыз ету;

- заң қызметі енеиін заңды тұлғаның мүліктік және басқа заңды құқығын қорғау;

- Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңдарын насихаттап оны түсіндіру;

- құқықтық сипаттағы нормативті актілерді, бұйрықтарды және басқа да құжаттардың жобасн даыйндау кезінде атсалысу.