
- •Билет №1 «Өзім туралы».
- •Билет №2 «Отбасым».
- •Билет №3 «Қостанай – туған қалам».
- •Билет №4 «Қазақстан – туған елім».
- •Билет №5 «Астана – бас қала».
- •Билет №6 «Адам және табиғат».
- •Билет №9 «Мемлекеттік мерекелер. Наурыз».
- •Билет №12 «Ыбырай Алтынсарин ».
- •Билет №13 «Қазақтың билері».
- •Билет №16 “Қазақтың ұлттық ойындары”
- •Билет №17 “Музыка аспаптары”.
- •Билет №18 «Мемлекеттік тіл туралы».
- •Билет №19 «Жыл мезгілдері”
- •Билет №20 «Ұлттық тағамдар».
- •Билет №21 «Ежелгі қалалар ».
- •Билет № 22 «Ақпарат құралдары».
- •Билет № 23 «Қазақстан қорықтары».
- •Билет №24 «Жеңіске 65 жыл».
- •Билет №25 «Достық».
Билет №17 “Музыка аспаптары”.
Музыка аспаптарының мұражайлары көп елдерде бар.Қазақ музыка аспаптары мұражайында “өлі”экспонат жоқ.. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілі мен көзбе-көз танысуға болады.Музыкалық аспаптардың ойналу тәсіліне ,дыбысына қарай төртке бөлінеді.Ішекті аспаптар:домбыра,қобыз, жетіген.Үрмелі аспап: Сыбызғы, керней,сазсырнай т.б жатқызылады.Ал дауылды шулы аспаптарға: дабыл, асатаяқ, қоңырау жатады,Сарнамалы аспаптарға: ауызсырнай, сырнай т.б жатады.Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.Ол қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады.Қазақ халқы барлық ойын тойларда домбырамен ән шырқап, айтысып көңіл көтерген.
Билет №18 «Мемлекеттік тіл туралы».
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе(статус) алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қыргыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайджан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде, шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.Қазір қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі, ал орыс тілі – ресми тіл. Заңға сәйкес мемлекеттік ұжымдарда іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.Мектептерде мемлекеттік тілді оқыту, үйрену – маңызды іс. Ол үшін баспаларда қазақ тілінде оқулықтар, әдістемелер шығуы керек. Ақпарат құралдары осы мақсатқа қызмет етеді.
Билет №19 «Жыл мезгілдері”
Бір жылда төрт жыл мезгілі – көктем, жаз, күз, және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр. Қазақстанда көктем жылы болады. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды. Жаз маусымнан басталып, қыркүйекке дейін созылады. Бұл көпшілікке ұнайтын мезгәл. Өйткені бұл демалыстың, каникулдың уақыты, дем алатын кезең. Күз айлары қыркүйек, қазан және қараша. Қыркүйекте күн суытпайды, бірақ жапырақтар сарғая бастайды. Күз Қазақстандағы ең әдемі жыл мезгілі. Қазан мен қараша айлары әдеттегіндей жауынды және салқын болады. Қарашада суық түсіп, аяғында алғшқы қар жауа бастайды. Қыстың ең суық айы-қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.
Билет №20 «Ұлттық тағамдар».
Қазақ халқы – ұлттық тағамдарға бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлттық тағамдары еттен, сүттен, ұннан жасалады. Еттен жасалған тағамдар: қуырдақ, жал, шұжық, қазақша ет. Сүттен жасалған тағамдар: ірімшік, құрт, айран, қымыз, шұбат. Ұннан жасалған тағамдар: бауырсақ, шелпек. Наурыз кезінде қазақтар Наурыз көже дайындайды. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады. Олар: бидай, тары, күріш, ет, сүт, су, тұз. Мен сіздерге дастарқанның басты асы-бауырсақ туралы айтамын. Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан май құйып іленіп, құйрық майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ бұрынырақта көбінесе арнаулы сыйлы қонақтарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақтың сүт пен майлы сорпаға иленген, кейде жұмыртқа қосып илеген түрі де бар.