
- •Билет №1 «Өзім туралы».
- •Билет №2 «Отбасым».
- •Билет №3 «Қостанай – туған қалам».
- •Билет №4 «Қазақстан – туған елім».
- •Билет №5 «Астана – бас қала».
- •Билет №6 «Адам және табиғат».
- •Билет №9 «Мемлекеттік мерекелер. Наурыз».
- •Билет №12 «Ыбырай Алтынсарин ».
- •Билет №13 «Қазақтың билері».
- •Билет №16 “Қазақтың ұлттық ойындары”
- •Билет №17 “Музыка аспаптары”.
- •Билет №18 «Мемлекеттік тіл туралы».
- •Билет №19 «Жыл мезгілдері”
- •Билет №20 «Ұлттық тағамдар».
- •Билет №21 «Ежелгі қалалар ».
- •Билет № 22 «Ақпарат құралдары».
- •Билет № 23 «Қазақстан қорықтары».
- •Билет №24 «Жеңіске 65 жыл».
- •Билет №25 «Достық».
Билет №1 «Өзім туралы».
Менің аты-жөнім Абдуллаев Рамиль. Мен Қостанай қаласында, Волынов көшесінде, 16 үйде, 16 пәтерде тұрамын. Мен жаралыстану-математикалық гимназияда, 9-ыншы «Г» сыныпта оқимын. Мен бірінші шілдеде 1988 жылы Қостанайда тудым. Мен 5-інші сыныпқа дейін 16-ыншы орта мектебінде оқыдым. Менің ең жақсы көретін пәндерім – қазақ тілі, химия, алгебра. Мен көркем және ғылыми әдебиетті оқимын. Мен 5 жыл бойы футболмен шұғылданамын. Бос уақытта мен компьютер клубына барып ойнаймын, жолдастарыммен кездесіп ән-күй тыңдаймыз, көшеде қыдырып, киноға, мұражайға барамыз. Менің сүйікті жазушым – М.Ю. Лермонтов, оның шығармалары маған өте ұнайды. Сонымен қатар мен қазақ классигтерінің шығармаларын оқуға тырысамын. Жаз кезінде мен ауылға барып тұрамын. Онда менің атам мен әжем тұрады. Мен ауылға барып, оларға көмектесемін.
Билет №2 «Отбасым».
Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше.Әке- отбасының тірегі., ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен жаралыстану-математикалық гимназияда, 9-ыншы «Г» сыныпта оқимын.. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен.Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні –Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні –Гүлжан Маратқызы , ол сатушы. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам.Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. . Біздің отбасымыз тату тұрады.
Билет №3 «Қостанай – туған қалам».
Қостанай қаласы Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Қостанай 1879 жылы салынды. Қостанай сәнді, әсем қалалардың бірі. Ол Тобыл өзеннің сол жақ жағасында орналасқан. Қостанайда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры, Ыбырай Алтынсаринның мұражайы бар. Қаланың ортасында парк, кинотеатр, телеграф, орталық әмбебап дүкені бар. Қостанай астықты өлке, мәдениет орталығы. Онда жалпы білім беретін ондаған мектеп, Ахмет Байтұрсынов атындағы университет, заң институты басқа да жоғары және орта оқу орындары, өлкетану және географиялық мұражайлар бар. Қостанайда 220 мың адам тұрады. Олар әр ұлттың өкілдері. Олар тату тұрады. Қостанай жерінде ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ғалым Шоқан Уәлиханов, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов және тағы басқалар туған. Қазір Қостанайда атақты ақын, жазушылар тұрады. Олар Серік Шәкірібаев, Ақылбек Шаяхмет, Нағашыбай Мұқатов. Олар біздің мақтанышымыз.
Билет №4 «Қазақстан – туған елім».
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазақстанның жаңа рәміздері бар. Қазақстан Республиқасының астанасы – Астана қаласы. Қазақстан Республикасының президенті – Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға созылды. Солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі 2,7 (екі бүтін оннан жеті) миллион шаршы шақырымнан астам. Оның қырық проценті - өзең, көл, теңіз, елу проценті - шөл, шөлейт, он проценті – таулы жер. Қазақстан пайдалы кендерге өте бай. Жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі де мұнда бар. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті, білімді елге айналды. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін. Қазақстан – менің Отаным.