Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Даурен кұкыктан семестірлік жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
124.42 Кб
Скачать

Қорытынды

Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгілеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

Нуллификациялау — айналымнан құқы жойылған ақшаларды, алып тастай, ойын орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау — айналымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау — айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.

Арнайы әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.

2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

13