
Коммерциялық емес акционерлі қоғам
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Семестрлік жұмыс №1
Тақырыбы: " Қаржылық құқықтың сипаттамасы "
Пәні: "Құқық негіздері"
Мамандық: Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Орындаған: Конусбаев Д. сын.кіт.№ 093055 Группа МТСк 09-01
Тексерген: Агатаева М.А.
___________________________«___»___________________2012 ж.
Алматы 2012
Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................................3
Негізгі бөлім 4
1 Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы........................................................4
2. Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық......................................4
Қорытынды.............................................................................................................12Әдебиеттер тізімі.................................................................................................13
Кіріспе
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы реттеуші ықпалын тигізетін елеулі құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір — бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Негізгі бөлім
1.Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
2.Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына: ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау — есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдаланылуды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік-құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән — жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады.
Материалдық мағынасында, қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық-экономикалық институттардың жнынтығынан тұрады.
Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылардың аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік — экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады.
Ал мемлекеттің қаржылық қьазметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізін және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік — экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мына: бюджеттік қызмет; валюталық қаржылық қызмет; қаржылық банктік қызмет; кредиттік қызмет, қаржылық сақтандыру қызметі; қаржылық шаруашылық қызметі; салықтық қызмет; мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын белу; мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті органдардың жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілсу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік белгілеу; айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару (эмиссиялау); қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалай қорларды қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдаланылуын ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне: ақша қаражаттарын олардың иелерінен қайтарымсыз және мәжбүрлі түрде алып қою; ақша қаражаттарын мәжбүрлі және қайтарымды түрде алу;
ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту; ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту; мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту; мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру; эмиссия жатады.
Ақшалай қорларды бөлу әдістері: қаржыландыру, яғни ақша қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз түрде беру; кредит беру, яғни ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру; кредиторлары алдындағы мемлекеттің өз қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру: ақшалай қорлардың пайдалану бағыттарын белгілеу; мемлекеттің ақшалай қорларынан алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу; ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау; ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтері мен шекті мөлшерін белгілеу; мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын болудің нормативтері мен тортібін белгілеу; ақшалай қорлардың пайдалануларына бақылау жүргізу сияқты әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, болу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі әрқашанда қаржылық құқықтық нормалардың көмегімен, тех құқықтық нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқықтық актілерді айтамыз.
Сонымен, құқық саласы ретінде қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, болу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Демек, қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың (мемлекеттік қаржылық қатынастардың) жиынтығын айтамыз.
Осы мемлекеттік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән белгілерімен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп өркендеуіне байланысты пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі ретінде көрініс табады; бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистік қатынастар құрамында болады; бұл қатынастар әрқашанда баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік мемлекеттік өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық шартты әдіс жатады.
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады: мемлекеттің өмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан; осы өмірлі талап екі жақтың (тараптың) жүріс — тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті болып табылатын мемлекетің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің әмірлі талабын бұлжытпай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп-тұру қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән-жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің өмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттері осы қатынасты реттейтін нормативтік актілер мен өзара жасалған шарттың негізінде қалыптасады; мемлекеттің біржақты өктем әмірлі талабы қаржылық қатынастағы мән-жайларды толығымен қамтитын сипатта болмағандықтан, осы қатынастың субъектілеріне өз еріктерін білдіру құқығын қалдырады; қаржылық құқықтық қатынастағы екі жақтың құқықтары мен міндеттері, императивтік әдіске тән өктем билік және тәуелділік сияқты үзілді — кесілді формуламен көрсетілмей, сәл болса да теңдестірілген, яғни өктем уәкілетті субъектінің де өз контрагентінің алдындағы тиісті заңи міндеттері айқындалған; мемлекеттің өз контрагентіңің жүріс-тұрысына тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты өктем мәжбүрлеу нысанында болып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық ынталандыру мен материалдық мүдделеуді пайдалану арқылы қызықтыру нысанында да көрініс табады; қаржылық құқықтық шарт қаржылық қатынасқа қатысушы екі жақтың құқықтары мен міндеттерік туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен бірігу кезінде қаржылық құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.
Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей, белгілі бір қисындылықты ескере отырып жүйелендірілгендікген, осыған орай қалыптасқан қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін білдіреді.
Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар жүйесімен объектілі түрде негізделген қаржылық құқықтың ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық құқықтық нормалардың өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатынастарға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше белгілері арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі мына: 1. Мемлекеттің қаржылық құрылымының құқықтық негіздері; 2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері; 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару; 4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері; 5. 'Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері; 6. Қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.
Ал ерекше бөлімі мынадай: бюджеттік құқық; қаржылық банктік құқық (мемлекеттік құқықтық сипаты); қаржылық сақтандыру құқығы (мемлекеттік құқықтық сипаты); қаржылық шаруашылық құқығы сияқты өте ірі бөлімдерден құралады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйесің айқындап, құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы жүйесінің институттары мен біртұтас өзін қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан: 1. тиісті қаржылық экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен; 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен; 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық экономикалық институттар: 1. бюджет жүйесі республикалық бюджет; жергілікті бюджеттер); 2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар; 3. мемлекеттік сақтандыру қаржылары; 4. мемлекеттік банктердің қаржылары; 5. мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:
1. ҚР Қаржы министрлігі;
2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы бақылау комитсті және Қазынашылық комитеті;
3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
4. ҚР Ұлттық Банкі;
5. ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті және т.б.
6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған (қаржы жүйесіне) ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінін құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау; мемлекеттік кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамақтарына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда белгілеген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады
Осы институт реттейтін объект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.
Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйееінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі; ақшалардың түрлері; ақшаларды эмиссиялау (шығару) тәртібі; валюта айналымының режимі; ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Қазақстан теңгесі болып табылады.
Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.
Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеттер түрінде көрініс табады.
Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген бакноттарды және ұсақтаушы монеттерді мемлекет атына шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.