Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гравика практика каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
452.1 Кб
Скачать

2.2 Практиканың екінші кезені

Гравибарлау жұмыстарын бастау. Ол үшін 3-4 студенттерден тұратын бригадаларды құрайды. Маршрутке 2 адам барады, біріншісі оператор маманын атқарады, ал екіншісі - жазушы. Гравитациялық өрісінің элементтерін өлшеу мақсатпен жасаланатын маршрутты рейс деп атайды. Барлық жайдайда рейс тірек пункте (ТП) басталып, онымен аяқталады. Рейс ішінде операторды аустыруға болмайды. Әр түрлі бригада өзінің ТП таңдайды. Әрбір студент оператор болып жұмыс істеу керек. Түсірілім барлық полигонда жасаланады. Әр түрлі бақылау нүктесінде 3 - 4 өлшеулерді жасайды. 2 – 3 профильдерді басқа оператор, басқа уақытта өту керек (сонда өлшеулер бірдей болмайды). Басқаша айтқанда, барлық нүктелерде минимум екі бақылау жасаланады. Осындай түсірілім әдістемесі, бір жағынан, түсірілімнің дәлдігін көтереді, басқа жақтан, тісірілімді сандық бағалауға мүмкіншілік береді. Гравибарлау түсірілімнің сандық бағасымен орташа квадраттық қате болады. Әр түрлі оператормен жасалынатын рейс уақыттың мезгілінде ТП бақылаумен басталады. Әрбір 15 минут сайын осы пункте бақылауды қайталау керек (олардың арасында бақылауларды қарапайым бақылау нүктелерінде өткізеді). Осындай процедуралар профиль бойымен жасаланады.

2.3 Практиканың үшінші кезені

Бул кезенде алынған деректерді өңдеп, геологиялық түсіндіріп және есепті жазады. Гравибарлау түсірілімнің алғашқы геологиялық түсіндіру және өңдеудің әдістемелігі келесі бөлімде қарастырылған.

2.4 Бақылау нүктесінде гравиметрмен жұмыс жасаудың реті

Әрбір бақылау нүктесінде гравиметр көмегімен өлшеулерді былай жасайды:

А) Дайындалған көлемге гравиметрді қондырады;

Б) Гравиметрді тепе – тең қалпына келтіреді, яғни 3 винт көмегімен 2 деңгейлерді (аспаптың үстінгі жағында орналасқан бойлық және көлденең) нольдік орындарына келтіреді;

В) Окулярлық шкала және деңгейлердің жарығын қосады (3 - сурет);

Г) Окулярға қарап және отсчеттік аспаптың барабанын оң жаққа бұрап, маятник индексін окуляр шкаласының нолімен сәйкестіреді (4 - сурет), егер отсчеттік аспаптың барабанын оң жаққа бұраса, онда маятник индексі сол жаққа жылжыйды және керісінше;

Д) 0,001 дәлдікпен отсчеттік аспаптан өлшеуді алады;

Ж) Окулярға қарап және отсчеттік аспаптың барабанын бұрап, маятник индексін 3-5 окуляр шкаласының бөліктеріне жылжытып, оны нольдік бөлігімен сәйкестіреді;

З) Екінші өлшеуді алады;

И) 6 және 7 пунктерді қайталайды;

К) Жарықты өшіреді;

Л) Дала журналға 3 өлшеулер, бақылаулар жасалынған уақыты (1 минутаға дейін дәлдікпен) және бақылау нүктесінің координатасы (мысалы, профиль (ПР) және пикеттің (ПК) реті) жазылады (А қосымша);

М) Басқа нүктеге аусады.

Оператордың орыны

1 – панель, 2 – гравиметрдің отсчеттік аспабы , 3 – отсчеттік аспаптың барабаны, 4 – аспаптың окуляры, 5 – жарықтық аспабы, 6 – көлденең деңгей,

7 – бойлық деігей.

3 – сурет. Гравиметрдің үстінгі жағы

1 – окуляр шкаласы, 2 – жылжып тұратын биссектор (маятник индексі)

4 – сурет. Гравиметрдің жарықталған окуляр өрісі

а)

б) в)

а) «үлкен» сандар шкаласынан өлшеулерді алу, суреттегі жағдайда -12;

б) алидада барабанынан жүзінші үлестерді алу, сүреттегі жағдайда – 12,73;

в) нониус барабанынан мыңыншы үлестерді алу, сүреттегі жағдайда – 12,781.

5 – сурет. Гравиметрдің отсчеттік аспабы