
- •1 Гравитациялық барлау тұралы жалпы мағлұматтар
- •1.1 Гравиметриялық түсіру
- •1) Геологиялық карталауда;
- •1.2 Гравиметр астазиялық кварцтік (гак)
- •1.3 Астазиялық кварцтіқ гравиметрдің (гак) құрылымы және оның жұмыс жасау принципі
- •2 Практика мазмұны
- •2.1 Практиканың бірінші кезені
- •2.1.1 Гравиметрді жұмысқа дайындау
- •2.2 Практиканың екінші кезені
- •2.3 Практиканың үшінші кезені
- •2.4 Бақылау нүктесінде гравиметрмен жұмыс жасаудың реті
- •3 Гравиметриялық рейсті өңдеуінің әдістемесі
- •4 Гравибарлау түсірілімнің дәлдігін бағалау әдістемесі
- •5 Гравибарлау түсірілім бойынша есепті жазу
- •6 Есепті қорғау
- •А қосымша Дала журналдың түрі
- •Б қосымша Гравибарлау рейстерді өңдеу журналы
- •В қосымша Түсірілімнің дәлдігін бағалау журналы
- •Мазмұны
КІРІСПЕ
Гравибарлау – пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың маңызды әдістерінің бірі.
Гравибарлаудың теориялық негізі болып Ньютонның бүкіл элемдік тартылыс заңы болады. Қоршайтын тау жыныстардан өзінің тығыздығы арқылы ерекшеленетін геологиялық объектілерді гравибарлау жұмыстарын іске асырып табуға болады. Осындай артық массасы және тығыздығымен геологиялық объектілер аномалиялық гравитациялық өрісін тудырады, ал объектілердің өзі – аномалиялы дене деп аталады. Оны гравиметр деген гравитациялық аспаппен зерттей аламыз.
Гравиметр көмегімен өлшеулерді жер бетінде, жер астында, теңізде, ауада, тау кен орындарында, ұңғымаларда іске асырып, ауырлық күші удеуінің өзгеруін, оның градиенттері мен гравитациялық өрісінің басқа элементтерін анықтауға болады.
Геологиялық карталау және жер қыртысының тереңдік құрылымын зерттеуде, мұнай және газ, темір рудалар, хромиттер және көп басқа пайдалы қазбаларды іздеу мен барлауда гравибарлауды кең пайдаланады.
Оқу геофизикалық практиканың мақсаты – студенттерді дала гравиметриялық зерттеулердің әдістемесі және техникасымен, алынған деректерді өңдеуінің және геологиялық интерпретациясының қарапайым тәсілдерімен таныстыру.
Практика өту процесінде студенттер келесі мәселелермен танысады:
1) Топогеодезиялық жұмыстардың әдістемесін зерттеп, профильдерді тұргызып, полигонды ұйымдастырады;
2) Әр түрлі гравиметриялық жұмыстардың әдістемесімен танысады;
3) Гравиметриялық аспаптардың құрылымын және олардың жүмыс жасау принциптерін біледі;
4) Оператор-гравиметрист маманын игереді;
5) Алғашқы гравиметриялық деректерді өңдеу үшін техник-есептеуіш маманын игереді;
6) Гравитациялық түсіру деректердің алғашқы физика-геологиялық интерпретациясының тәсілдерін игеріп, керекті графикалық және текстік қосымшылармен есеп беруді жазуға үйренеді.
Практика бағдарламасының құрамына жұмыстардың келесі түрлері кіреді:
- гравиметриялық аспаппен танысу;
- топогеодезиялық жұмыстар;
- біреселі бақылау әдістемесіне сай гравиметриялық зерттеулерді іске асыру;
- гравиметриялық деректердің алғашқы өңдеуін жасау;
- алынған мәліметтерді геология жағынан түсіндіру;
- практика нәтижелерін қорғау.
1 Гравитациялық барлау тұралы жалпы мағлұматтар
1.1 Гравиметриялық түсіру
Геологиялық мақсаттарды шешуде гравиметриялық түсірілімді пайдаланады. Оны мынандай деректерді алуда жасайды:
геологиялық карталауда;
нақты геологиялық және геофизикалық жұмыстарды іске асыру үшін аймақтарды табуда;
пайдалы қазбалар пайда болатын жергілікті геологиялық құрылымдарды табуда;
табылған жергілікті құрылымдардың пішіні мен мөлшерлерін анықтауда.
Айтқанымызға сай гравибарлауды келесі геологиялық мақсаттарды шешуде пайдаланады:
1) Геологиялық карталауда;
2) жер қыртысын үлкен терендікте зерттеуде;
3) мұнай және газ, рудалар, көмір кенорындарын іздеу мен барлауда.
Қойылған мақсаттарға сай гравитациялық түсірілімді аймақты, барлау және нақты түрлеріне бөледі. Әр түсіру геологиялық мақсаттарымен, бақылаудың тығыздығы мен бақылаудың дәлдігімен анықталады. Гравитациялық жұмыстардың нәтижесі ретінде ауданның гравитациялық өрісінің картасы болады. Жұмыстардың түріне сай келесі масштабтар мен изоаномал қималарын алады (1.1 - кесте):
1.1- кесте
Гравиметриялық түсіру түрі |
Геологиялық мақсаттар |
Карта масштабы |
Изоаномал қимасы, мГл |
Аймақты |
Жер қыртысының геологиялық құрылымын зерттеу, геологиялық карталау |
1: 1000000-1:5000000 |
5-10 |
Барлау |
Тектоникалық карталау, жер қыртысының құрылымдық элементтерін зерттеу |
1:200 000- 1:1 000000 |
1-2 |
Нақты |
Мүнай және газ кенорындарын іздеу |
1:100000- 1: 200000 |
0,1-0,5 |
Көмір, мыс, рудалық кенорындарын іздеу
|
1:25000, 1:5000, 1:2000. |
Гравиметриялық жұмыстарды аудандық және профильдік түсірілімдерге бөледі. Аудандық түсірілім зерттеленіп жатқан аймақтың ең нақты сипаттамасын береді, сондықтан оны гравиметриялық жұмыстардың барлық түрлерінде пайдаланады. Профильдік түсірілімді жеке, бір бірінен қашық орналасқан профильдерде жасайды. Бұл түсіруде ауырлық күшінің өзгеруін тек бір бағытта көрсете аламыз. Профильдік түсірілімді көбінесе таулы аймақтарда іске асырады.
Гравиметриялық жұмыстарды жүзеге асырғанда арнайы торды тұрғызады. Гравитациялық торды тіректі және қарапайымға бөледі. Тіректі тор гравитациялық түсірудің негізі болып табылады. Оны кұрғанда 3 түрлі тіректі нүктелерді пайдаланады: 1-ші, 2-ші, 3-ші класті.
1-ші
класс түректі нүктелерінің дәлдігі ең
жоғары. Оларды негізгі
халқаралық
нүктелері деп атайды. Мысалы, Постдамда
орналасқан 1-ші класс нүктесінің дәлдігі
мГл. Дәлдігі жоғары 1-ші класс нүктелердің
арасында 2-ші класстің нүктелері
орналасады, олардың дәлдігі
мГл (оларды 1-ші класс нүктелерімен
салыстырғанда). 2 класс нүктелері
(мемлекеттік
нүктелер)
1-ге қарағанда бір біріне жақын орналасқан.
Осы нүктелерге сүйеніп 3-ші класс
нуктелерінің тіректі торы тұрғызылады.
Осындай торды кұрайтын нүктелерді
жергілікті
нүктелер деп атайды. Жергілікті
нүктелердің арасындағы ара қашықтық
5-16 км болу керек. Олардың дәлдігі
мГл.
Дала жұмыстарының әдістемесімен танысайқ.
Барлық гравиметрлерде нуль-пункт ауытқуы деген құбылыс болғандықтан, оның әсерін мұқият алып тастау керек. Нуль-пункт ауытқуының графигі сызықтық болуы қажет. Егер бул шарт орындалмаса, онда гравибарлау жұмыстардың түріне және олар шешіп жатқан геологиялық мақсаттарына қарамай, профильдің ұзындығын бір неше қысқа рейс немесе үзбелерге бөледі. Онда нуль-пункт ауытқуының графигін сызықтық деп қарастыруға болады. Барлық жағдайда рейс және үзбелер 3-ші класс тіректі нүктелерінде тұйықталу қажет, сондықтан гравибарлау жұмыстарының бірінші және маңызды кезені деп осы класстің тіректі торын тұрғызуын айтуға болады. 3 класстің тіректі торы нуль-пункт ауытқуының әсерін жоқ қылуға және өлшеулердің қателерін азайту үшін арналған.
3 класс тіректі торын сапалық тұрғызу үшін, мынандай принциптерге сүйену қажет:
1) Тіректі тор нүктелерінің дәлдігі бірдей болу керек. Бул мақсатқа жетуге болады, егер бір гравиметрды пайдаланып, бір нүктеде көптеген өлшеулерді жасаса;
2) 3 класс тіректі нүктелерінің мәндері 1 және 2 класстің мемлекеттік нүктелеріне байланған болу керек;
3) Қарапайым рейстің ішінде 2-3 3-ші класс тіректі нүктелері болу керек. Негізінде, нақты гравибарлау жұмыстарын жүргізгенде, тіректі нүктелердің арасындағы қашықтық 2-3 км болады, ал барлау жұмыстарында - 8-12 км.
4) Тіректі торды құрғанда, полигонның жүйесін тұйық қылып жасауға ұмтылады.
Тіректі торды жасағаннан кейін бақылауды қарапайым жүйеде жасайды.
Гравиметр көмегімен жасалған рейстің құрылымы мынандай болуы мүмкін:
1) Рейс бір нүктеде басталып, сол нүктеде аяқталады. Кері жолмен жүргенде барлық бақылау нүктелерінде тағыда өлшеулер жасаланады. Егер рейстің құрылымы осындай болса, онда нуль-пункт ауытқуын дәл белгілеуге болады, бірақ түсірілімнің еңбек өнімділігі азаяды;
2) Рейс бір нүктеде басталып, сол нүктеде аяқталады. Кері жолмен жүргенде бақылау нүктелерінің жартысында өлшеулер қайталанады.
3) Рейс ішінде 3 тіректі нүктелер бар. Нуль-пункт ауытқуы үшін түзетуді тіректі нүктелерден айырымына сай еңгізеді.