Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
98.78 Кб
Скачать
  1. Күрделі сөздер, белгілері, түрлері.

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді. Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.

15 БИЛЕТ

1.Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б. Құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, арман ет - арманда, үміт ет - үміттен.

Құранды етістіктердің тілде синоним туынды түбір етістіктері бары анықталды. Ол әр есім сөзден тілде аналитикалық тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы да туынды етістіктер жасалғанын білдіреді. Ал ол − құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің есім сөзге жұрнақ сияқты қимыл мәнін қосқанына толық дәлел. Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктердің туынды етістік екенін олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз адым жер шегінбеуге (Д.Әбілев). Жауқазындар гүл атты (С.Мұқанов).  Ой, тақсыр, айып етпе, шақырғанға деп айтты сасқаннан соң, қолын құшып (ауыз әдебиетінен). Назды мұң мен толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен (М.Әуезов). Құранды етістіктердің негіз сөзі есім сөздерден болады. Мысалы, адам ет, қызмет ет, жақсы бол, тамаша ет, солай ет, екі етпе, тырс еткіз, т.б. Тілде құранды етістік жасайтын белгілі көмекші етістіктер: ет, қыл, бол, тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі ең өнімдісі — ет көмекші етістігі: еңбек ет, ел ет, құрал ет, алданыш ет, жар ет, бала ет, сүйеу ет, құрбан ет, азат ет, дұшпан ет, кастық ет, жақсылық ет, айқын ет, кыңк еткізбе, зырқ етті, сыр етті, бұрқ-бұрқ етті, былш етті т.б. Қыл көмекші етістігі бұрын кұранды етістік жасауда белсенді қызмет атқарған, казір оның қызметі бәсендеді: дауыс қыл, жүн қыл, жоқ қыл, жыр қыл, сәлем қыл, қор қыл, міндет қыл, мазақ қыл, адам қыл, толқын қыл, үміт қыл, өсек қыл, тәубә қыл, қас қыл т.б. Бол көмекші етістігі арқылы: адам бол, жақсы бол, үстем бол, құмар бол, жария бол, таза бол, азық бол т.б. Кейбір көмекші етістіктер: тарт, ат, соқ, бер, ұр, бірлі-жарым құранды етістіктер ғана жасайды: сарғылт тартты, әуреге түсу, гүл атты, телефон соқ, тап берді, тарс ұру т.б. Идиомаланған тіркестердің де құранды етістіктерге жататындары да бар: жек көру, жақсы көру, зар қағу, таяқ жеу, бас қою, көз салу т.б.

2.Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.

Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.  Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар: Г.О.Винокур, Е.С.Кубряков, Е.А.Земская, Н.Д.Арутюнова, А.Н.Тихонов, И.С.Улуханов.  Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф.А.Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам − татар тіл білімінің бір саласы” деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.  Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Монографияны Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері, 2)сөз таптарының сөзжасамы. Сөз таптары сөзжасамының зерттелуі 1949 жылдардан басталады. Ә.Төлеуов 1949 жылы есім сөздердің жұрнақ арқылы жасалуын зерттеп, одан кандидаттық диссертация қорғады. Осы жылы А.Хасенова (Қалыбаева) етістіктің етістіктен жасалуын етіс категориясы арқылы зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. 1956 жылы Б.Құлмағанбетова етістіктің жұрнақ арқылы зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. 1963 жылы Б.Қайымова жұрнақ арқылы етістіктен есім сөздің жасалуы тақырыбынан кандидаттық диссертация қорғады. А.Хасенова (Қалыбаева) 1960 жылы туынды түбір етістіктер мәселесінен әйел тілшілердің ішінен бірінші болып докторлық диссертация қорғады.

16 БИЛЕТ

1. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, үстеу (тіл білімі), құн, нарық (экономика), теңеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, қосу, алу (математика) т.б. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы − өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар: 1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі; 2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы. Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) − тілдерге кең тараған түрі. Ол көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет аткарған. 2.Сөзтіркесім арқылы жасалған туынды жаңа сөздер: Ақ орда (резиденция), ас үй, әуе серігі (стюардесса), жол сілтеуші (регулировщик), темір жол.

17 БИЛЕТ

1. Сөзқысқарымның қазіргі қолданысы: БҰҰ, ЕҰУ, ЖҚТБ, меморган. 25.2.нақты берілген

2. Конверсия − ешқандай аффикстің көмегінсіз-ақ түбірдің не негіздің басқа сөз табына алмасуы арқылы жасалатын сөзжасам тәсілі. Конверсия аффикссіз сөзжасам әдісі ретінде аффиксацияға қарсы қойылады. Конверсия тәсілі арқылы жаңа мағына алып, жаңа сөз жасалу ең көнеден келе жатқан, көзінде өте өлшемді тәсіл болған лексика-семантикалық сөзжасам амалы. Конверсия зат есім мен етістік, зат есім мен сын есім, сан есім мен үстеу арасында үзілмей болып отыратын табиғи тілдік процесс.. Сөздің морфология парадигмасы арқылы оның қай сөз табына жататыны көрінеді.

Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) − тілдерге кең тараған түрі. Ол көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім)[1] — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән. Олардың бірқатары біржолата зат есімге айналып кеткен: ақтар, қызылдар, сары (ру аты), Тулкілі, Бақалы, Жыланды (жер атаулары), Дәметкен, Үлтуган, Журген (адам аттары), алашақ, берешек, қуймақ, соқпақ, піспек. Бірқатар сөз зат есім қызметін де, ездері жататын сөз таптары қызметін де атқарады: суық, салқын, жарық, жас, кәрі, ескі, жаңа. Бұлардың нақты қызметі сөз тіркесінде, сөйлем құрамында анықталады.

Прономиналдану есімдікке айналу орыс. прономинализация (лат.pronominatio)— баска сөз табына жататын сөздердің есімдікке айналуы.

Мысалы: Прономиналдануған зат есімдер: дәнеңе, бірдеңе, ісім, элдекім; Прономиналдануған сын есімдер: барлық, куллі.

Вербалдану (етістікке айналу) ( орыс. вербализация ) ( лат. ver- бит етістік ) - баска сөз таптарына жататын сөздердің етістікке 5-138 ауысуы. Вербалдану негізінен морфологиялықжолмен туады. Мысалы: күрек - күректеу, балга - ба/іга/іау, үлкен - үлкею, қол - қолдану. Қараңыз: Транспозиция.

Адвербиалдану – үстеуге айналу: зорға, бірден, босқа, текке, абайсызда, қапыда. Мұндай сөздер мағына жағынан қимылдың әр түрлі күй-жайын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады: Үйіне зорға жетті.

Адъективтену – басқа сөз таптарының сын есімге айналуы: оқыған азамат. Сын есімге айналатын сөздер негізінде морфологиялық жолмен туады: бойшаң, бауырмал – зат есімдерден; тайғақ, тебеген, сүзеген, оқыған – етістіктерден.

18 БИЛЕТ

1. Сөзжасамның аналитикалық тәсілінің сөзбірігім жолы

2. Сөзжасамдағы заттану үдерісі

3.Мысалдардан ұяның негіз сөздерін көрсетіңіз: барғыш, шығын, безін, шығында, негіз, шығындал, желіс, шығындан, жетіл, шығындандыр, жүзімпаз, шығым, жүрдек, шығымды, шытыр, шығымдылық, езбе, шығысы, келін, шығысылы, шығар, кетір, шығарғыш, кірме, шығарғыштық, шығарма, қашаң, шығарғыштық, шығармашылық, қайтқыш

2. Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім)[1] — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән. Олардың бірқатары біржолата зат есімге айналып кеткен: ақтар, қызылдар, сары (ру аты), Тулкілі, Бақалы, Жыланды (жер атаулары), Дәметкен, Үлтуган, Журген (адам аттары), алашақ, берешек, қуймақ, соқпақ, піспек. Бірқатар сөз зат есім қызметін де, ездері жататын сөз таптары қызметін де атқарады: суық, салқын, жарық, жас, кәрі, ескі, жаңа. Бұлардың нақты қызметі сөз тіркесінде, сөйлем құрамында анықталады.

19 БИЛЕТ

1. Сөздердің қосарлануы және туынды лексикалық мағына

2. Сын есімнің сөзжасамындағы сөзтіркесімнің орны

3. Көр етістігі негізінде сөзжасамдық ұя жасаңыз

2. Күрделі сындар сөзжасамның аналитикалық тәсілінің ішкі үш түрі арқылы сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдері арқылыжасалады. Осыған байланысты күрделі сындардың үш түрі бар: 1)біріккен күрделі сындар, 2) қосарланған күрделі сындар, 3) тіркескенкүрделі сындар.

Біріккен күрделі сындар онша көп емес, олар көнетоз, көнтері, тілалғыш, есерсоқ, біртоға, алаңғасар, аласабыр, бұратана, кемтар,кертартпа, қонакжай, жарымжан, балажан, қарапайым, кеудемсоқ, ішкұста (ашу), етжеңді, кірпияз, можантопай, етекбасты (мінез) сияқты сөздер.

Қосарланған күрделі сындар тілде бірсыпыра: үлкенді-кішілі, жаманды-жақсылы, ақты-каралы, кызылды-жасылды, ерке-бұлаң, көл-көсір, ала-құла, ағал-жағал, сыбай-салтаң, қан-сөлсіз, кедір-бұдыр, телегей-теңіз, үзыннан-үзақ, өркеш-өркеш, үйме-жүйме, аумалы-төкпелі, қырғи-қабак, өлем-жәлем, сүлу-сыпайы, кдйғы-қасіретсіз, үлкен-үлкен, ұсақ-түйек, биік-биік т.б.

Тіркескен күрделі сындар тілден кең орын алады. Олар сөзді танудың емле белгісіне бағынбайды. Тіркесті күрделі сындар неше сыңардан құралса да, оның сыңарлары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, ақ сары, күрең қызыл, қара қошқыл, теңбіл көк, удай ащы, қоңыр салқын, майда қоңыр, қызыл шұнақ (аяз), түлкі бұлаң, көк долы, көкжасық, кер шолақ, арыстандай айбынды, касқыр ішікті т.б. Осы тіркескен сындардың қайсысы болсын біртұтас мағына береді. Күрделі сынның барлық белгісіне сай келеді.

Тіркескен күрделі сындар айтылу жағынан да бір үдай, бір ырғақ арқылы ерекшеленеді. Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы жеке айтылып, сыңарлары пауза арқылы бөлініп түрмайды. Күрделі сындардың сыңарларының ара-жігі бөлінбей, біртүтас ырғақпен айтылып, бір сөздегі бір екпінмен айтылады. Мысалы, Үзын бойлы, кдра сүр, ашықжүзді. Күңке ерінің жылы шырайын пайдаланып, - Мен бүгін тендерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім, -деп, Майбасарға қарады. Зор денелі, бурыл ■ сақалды Қүнанбайдың жалғыз көзі бүларда емес (М.Әуезов). Осьшардың ешкдйсында күрделі сынның сыңарларының арасында пауза, іркіліс жоқ, айтылуда күрделі сындар біртүтас сөз ретінде бір екпінмен ғана айтылады. Кідіріс тек күрделі сындардан болған бірыңғай мүшелердің арасында ғана бар.

Күрделі сындардың сыңарлары болып сын есім сөздер (кара торы, ал қызыл, сары ала), зат есім сөздер (ат жақгы, түлкі тымакты, касқьір ішікті), сан есім сөздер (екіжүзді, жүз кадамдай, сегіз қырлы), етістік сөздер (күйген терідей, үлбіреген жас) қатысады.

Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар қай сөз табынан болса да, олар тұтас мағынаға көшіп, күрделі сындық ұғымдыбілдіреді. Күрделі сындық ұғым күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың мағыналарының кірігуі, жалпылануы, кеңуі, қосылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде туады.

Күрделі сындардың құрамы екі түрлі: екі құрамды және үш құрамды күрделі сындар.

Күрделі сындар екі құрамды (күрең қоңыр, көк ала, қара кер, елтірі бөрікті), үш құрамды (аш қасқырдай қомағай, ал кара көк, асқар таудай биік, өңкиген қара торы, сырықтай ұзын бойлы).

Екі құрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері: 1) сапа сыны+сапа сыны: қызыл ала, қара көк, ал қызыл, көк ала, күңгірт кызыл, күрең қоңыр; 2) қатыстық сын+сапа сыны: оқтаудай түзу, сыбызғыдай нәзік, жардай семіз, каңбақтай жеңіл, удай ащы т.б. 3) зат есім+катыстық сын: арыстан жүректі, жай оғындай, алтын басты, күміс қоңыраулы; 4) қатыстық сын+қатыстық сын: сәнді киімді, періштедей кінәсіз, қазақы киімді, өліктей үнсіз; 5) сан есім+қатыстық сын: жүз қадамдай, екі кісілік, сегіз қанатты, бір бетті (адам); 6) етістік+қатыстық сын: ұлыған қасқырдай, қажымас қажырлы, қаққан қазықтай, піскен алмадай, аршыған жұмыртқадай т.б.

Үш құрамды күрделі сындардың үлгілері: 1) дара сын+күрделі сын; 2) күрделі сын+дара сын.

Дара сын+күрделі сын: күмістей таза сұлу, нәзік қоңыр сәулелі, сұлу жіңішке белді; Мысалы, Ол үлкен қара көзді жігіт еді (С.Мұқанов).

Күрделі сын+дара сын: қызыл ала көйлекті, түйе жүн шекпенді, ақ сұр жүзді. Мысалы, Алпамса денелі, қызыл күрең жүзді адам (С.Мұканов).

20 ЕМТИХАН БИЛЕТІ