Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
98.78 Кб
Скачать
  1. Сөзжасам теориясы қарастыратын мәселелер.

Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық уәждеме, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық үлгі, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл туралы...

2. Зат есім сөзжасамының синтетикалық тәсілі.

Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуына сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалу жатады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын жұрнақтар аталады. Мысалы, тыңшы, қызметкер, ондық, жүздік т.б. Мұндай жұрнақтар зат есімнен (тың қызмет, арба) туынды зат есім жасаған, етістіктен (сыпыр, қуан, еле) туынды зат есім, сын есімнен (жақсы, үлкен) туынды зат есім сан есімнен (он, жүз) туынды түбір зат есім жасаған. Туынды түбір зат есім сөздерді жасайтын тілде 110 шамалы жұрнақ бар. Олар құрамы, мағынасы, кызметі жағынан алуан түрлі. Жалаң жұрнақтар деп құрамы бөлшектеуге келмейтін жұрнақтар аталады. Мысалы, -шы, -ші, -кер, -гер, тыр, -тір, -ыр, -ес, -ық, -ша, -сын сияқты т.б. жұрнақтар бір морфемадан тұрады, сондықтан олардың құрамы бөлінбейді. Туынды зат есім атаулар жасайтын мұндай жұрнақтар зат есім сөзжасамында негізгі орын алады. Мысалы, орындық, қаламгер, мұздақ, арбакеш, жеңгетай, ойыншық, тілмар, қырқа, ойпат, төскей, мындық, бестік,.

Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын жұрнақтар аталады. Мысалы, -шылық, -шілік, -қыншақ, -ынды, -палық, -малық, -мшы, -нда жұрнақтарының құрамы екі морфемадан тұрады ягғни олар бұрын екі жұрнақ болған. Кейін тілдің дамуында олар кірігіп, бірінсіз бірі қолданылмайтын дәрежеге жеткен. Мысалы, адамшылық деген туынды адам негізі және -шылық жұрнағы арқылы жасалған, өйткені тілде адамшы деген сөз жоқ. Сондықтан мұндай қолданыста ол құранды жұрнақ болады. Ал егіншілік деген туынды егінші деген сөзден жасалған, сондықтан мұнда —ші және —лік деген жалаң жұрнақтар қолданылған. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың мағыналық құрамы да әртүрлі. Бірсыпыра жұрнақтар түрлі мағыналы туынды зат атауларын жасайды. Мәселен, -лық, -лік, -дық, -тік, -тық, -тік жұрнағы түрлі сөз табының түбірлерінен түрлі мағыналы туынды түбір зат есім сөздер жасайды. Ол тек зат есім сөздердің өзінен түрлі мағыналы туынды сөздер жасайды. Мысалы, молдалық, шабындық, патшалық, қалыңдық, жиендік, апталық, қолтық, қастық, оттық сияқты туынды түбірлердің мағыналары әртүрлі. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының ішінде мұндай көп мағыналы жұрнақтар бірсыпыра: -ым, ім, м; -дақ, -тақ -шық, -мыс, -міс; -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек; -ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек. -ым, -ім

Өнімді жұрнақтардың ішіндегі ең өнімділері берілді, оларды түгел беру мүмкін емес.

Өнімсіз жүрнақтар да бірсыпыра, олардың біразы ғана келтіріледі.

-гек: діңгек; -деу: белдеу; -шын: кұлақшын; -кір: түпкір;

-арт: мұзарт; -қат: жарақат; -пек: пішпек; -лғы: жоралғы. Туынды зат атауларына түрлі сөз табының сөздері негіз болады1) есім сөздерден зат атауын жасайтын жұрнақтар; 2) етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.

Есім сөздерден туынды зат есім сөздер жасайтын жұрнақтар аз емес, олардың жалпы саны жетпіс бестей болып қалады. Олардың мағынасында екі түрлі үлкен ерекшелік бар. Бір топ жұрнақтар есім сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді, енді біреуі сөздің лексикалық мағынасын сақтап, оған түрлі үстеме мағына қосады.

Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар 1. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар.

Лексикалық мағынаны өзгертетін зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы түрлі-түрлі, оларды түгел көрсету мүмкін емес. Мұнда солардың ішінен ірілерін жинақтап, 13 мағыналық түрі берілді.

І.Мамандық мәнді жұрнақтар

-шы/-ші. -кер/-гер, -піз, -пан, -кіш, -лық/-лік. Бұл жұрнақтар мамандық атауын жасап, белгілі бір кәсіппен шүғылданатын адамды білдіреді.

-кеш, -паз, -пан (сақпан) жұрнактары өнімсіз қалыпта қалып тұр. Мысалы, Шоқайдан құрылыс жабдықтарын тасушы арбакештер үлкен керуен болып, жол үстінде жылжып келеді. (Ғ.Мүстафин).

2.0рын-жай мәнді жұрнақтар

Олар: -стан, -кент, -хана, -дық, -дік. Бұл жұрнақтардың мағынасында да, қолданысында да біраз ерекшелік бар.

-стан жүрнағы халық атына жалғанып, сол халыктың елі, мемлекеті деген мағына береді. Ол онша өнімді жұрнақ емес.

-кент жұрнағы да мекен атауларын жасайды. Өнімсіз жұрнақ санауға болады.

-хана мекеме, орын-жай мағынасын білдіреді. Бүрын өнімсіз саналатын бұл жұрнақтың қазір өнімділігі артып келеді.

-дық/-дік жұрнағы да жер, орын мағынасында қолданылады. Мысалы, шабындық, егіндік т.б. Егіндікте жұмыс қызған. (газеттен)

З.Лауазым атаулары мәнді жұрнақтар

Билік, лауазым мәнін тудыратын жұрнақтар: -дык/-тық,

-лық/-лік: патшалық, хандық, сұлтандық, болыстық, өкімдік, төрелік,

4. Кісі аттарын жасайтын жұрнақтар

-зада, -қан, -жан, -бай, -бек.

-зада, -зат. Мысалы, Гүлзада, Бекзада, Асылзада, Шайзада, Ханзада, Айзада, Бекзат, Пәкизат, Асылзат т.б.

Бұл жұрнақ арқылы жасалған жалпы есім сөз де кездеседі. Мысалы, арамзада, арамза.

5.Салт-дәстүрге қатысты атаулар жасайтын жұрнақтар -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: құдалық, базарлық, қалыңдық, түстік, бақастық, дұғалық.

-ын: ұрын бару. -іт: киіт кигізу. -у: ілу сыйлау.

6. Туыстық атаулар жасайтын жұрнақтар

-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ағалық, жиендік, туыстық, тоқалдық т.б. -дас/-тас: қарындас, бауырлас, туыстас, қандас.

7. Тағам атауларын жасайтын жұрнақтар

-дық: тұздық, уыздык, -не: сірне. -шік: ірімшік.-лақ, -дак/-тақ: балмұздақ, тұздақ, ұнтақ.

-сын: сусын.

8. Дене мүшелері атауларын жасайтын жұрнақтар

тақ: шынтақ.

9. Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақ

-лық: апталық, күздік, айлық, жетілік, жыддық, қыстық т.б.

10. Дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын жұрнақ

-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ғұламалық, әзәзілдік, зұлматтық, зәбірлік, кәпірлік, батырлық, кұпиялық, достық, қателік, қастықтық.

-ым/-ім, -м: қайырым, мейірім, қарым.

-шілік/-шылық: кәріпшілік, мүмкіншілік, бейбітшілік, шүкіршілік, адамшылық, әурешілік.

11. Қарым-қатыс атауларын жасайтын жұрнақ -дас/-дес, -тас/-тес, -лас/-лес: замандас, жолдас, отандас, әріптес, күндес, жерлес, мұңдас. Мысалы, Заманымыз бір сыйлы замандасым сенен жасыратын сыр жоқ (С.Мәуленов).

12. Аспаптар атауын жасайтын жұрнақ

-ген: сазген, жетіген. -ган, -кен: құмған, желкен. -ман: сайман. -пар: шоқпар.

13. Деректі зат атауларын жасайтын жұрнақ

-тық, -тік: істік, желдік, терлік, бұғылық, белдік, жаялық, ауыздық,мойындық, көздік, оттық, кдзандық, кездік, орындық. сіз/-сыз: жеңсіз. -ык/-ік, -ақ, -ек: шырақ, мойнақ.-ша/-ше: бақша, жүрекше.-шық/-шік: ойыншық, қапшық, тығыншық. -ілдірік: көзілдірік, кекілдірік.

Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар

Адамдар арасындағы тұрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан-алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Лексикалық мағынаның түрленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына деп атаған .Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп лексикалық мағынаның үстіне қосылатын реңкгік мағына аталады. Мысалы, апатай, ағатай сөздерінде апасын, ағасын жақсы көру, оларға ілтипат көрсету мәні бар. А.ЬІскақов бұл жұрнақтардың 13 түрін көрсеткен.

Соңғы зерттеу бойынша зат есім лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мән қосатын 24 жұрнақ бар. Олар төмендегілер:

1 -еке, -қа, -ке (Жұмеке, Мүке, Сәке);2 -й (апай, ағай, әкей, шешей)'3 -тай (ағатай, әкетай, көкетай);4 -жан (Ардақжан, көкежан);5 -қан, -ақан (ботақан, қошақан);6 -қай, -кей (балақай, шешекей)'7 -шақ, -шек (құлыншақ, інішек);8 -шық, -шік (қапшық, көлшік);9 -ша, -ше (кітапша, өгізше);10 -ш (Құрмаш, Айнаш);1.1 -сымақ (көлсымақ, таусымақ);12 -шығаш, -шігеш (байшығаш, ершігеш);13 -жын, -жін (құнажын, дөнежін);14 -ес (белес, дөңес); 15) -қа (қырқа);16) -ат (қырат);17) -қал (шатқал);18) -пат (ойпат);19) -пан (балапан);20) -анақ (шұқанақ);21) -қалаң (шатқалаң); Бұл жұрнақгардың тілде атқаратын қызметтері бірдей емес. Бұлардың ішінде тілде белсенді қызмет атқаратын өнімділері де бар, қызметі тарылған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға -еке, -қа -ке, -й, -тай, -жан, -шақ, -шек, -шық, -шік, -ш, -сымақ жұрнақтары жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі қолданылады, өрісі кең жұрнақтар.Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Олар: 1) сыйлау, құрметтеу мағынасы, 2) жақсы көру сезімін білдіру, 3) еркелету, 4) кішірейту.

1. Сыйлау, құрметтеу мәндегі жұрнақтар -еке, -қа, -ке,

2. Тіліміздегі —й жұрнағы да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Жан, тай

3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар

Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов).

Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес, -ш жұрнағы өте жиі қолданылады.

4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар. Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.

5. Ұрғашы мәнді жұрнақҰрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін.

6. Кішірейту мәнді жұрнақтарКішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра-Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады яғни олардың қолданылу аясы кең.

Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар

1) –пан. балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ.

2) -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі. 3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ.

4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді. 5) -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз. 6) -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев).

7) -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов).

8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев).

Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар көбіне жалғыз-жарым сөзде сақталған, қолданылу аясы өте тар.

Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақгар

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те негіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады.