Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
98.78 Кб
Скачать

2.Туынды сөздің белгілері

  1. Туынды сөз жасалғанда тілге жаңа мағыналы жаңа сөз қосылады. Бірақ ол жаңа сөз жоқтан пайда болмайды, тілде бұрыннан бар тілдік тұлғалардың негізінде жасалады да, олардың туынды сөз жасап тұрған дербес мағынасынан басқа мағына туады. Мысалы: әнші, биші, жазушы... Туынды сөздердің ішінде мүлдем өзгеріп кетпей аздаған өзгеріске түсуі де бар. Мысалы: кітапша, үйшік, ағай...

  2. Туынды сөз мағынасының шындық өмірге қатысы арқылы да ажыратылады. Мысалы: аялдама, балмұздақ, жанкүйер, көрермен...

  3. Туынды сөз тілде бір кезде қалай жасалған болса, қандай сөйлем болмасын, сол бір кезде жасалған қалпында сөйлемге кіреді. Мысалға егін туралы бір ойды айту керек болғанда, тілде тым ертеде жасалған егін деген дайын тұрған туынды сөзді қолданамыз. Мысалы: егін салынды. Егінді жина. Етікші етік тікті. Етікшіде жақсы етік бар...

  4. Туынды сөз тілдің сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам тәсілдері арқылы, дайын сөзжасам үлгілері арқылы жасалады. Түбір + жұрнақ (синтетикалық тәсіл), түбір+ түбір(аналитикалық тәсіл)

  5. Туынды сөздің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы...

  6. Туынды сөздердің бір белгісіне туынды сөз бен туынды сөзге негіз болып тұрған түп негіздің мағына байланыстылығы жатады. Мысалы: өнер\паз осыған өнер сөзінің негіз болып тұрғаны көрініп тұр т.с.с. Тек жұрнақпен емес екі сөздің бірігуі арқылы да жасалады. Мысалы: белбеу, бел және бау сөздерінің бірігуі т.с.с.

  7. Туынды сөз сөйлемде сөз түрлендіруші, форма жасаушы қосымшалармен түрлене береді. Ол, әрине, оның қай сөз табына қатысына байланысты. Мысалы: қазақ\ша...

12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Сөзжасамдық тізбек

Сөзжасамдық тізбек –бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Сөзжасамдық тізбектің құрамында қанша сөз болса да, олардың бәрі бірімен-бірі мағыналық байланысы бар сөздер. Сөзжасамдық тізбекке берілген анықтаманың көбінде оның құрамындағы туынды түбірлердің бірінен тікелей өрбитіні, туындайтыны аталып отырғаны байқалды. Сөзжасамдық тізбектің белгілерінің бірі оның құрамындағы туындылардың бірінен тікелей туындайтыны. Сөзжасамдық тізбектің құрамы сөз табы жағынан түрлі болып келеді. Бұл сөзжасамдық тізбекте ең көп тараған құбылысы.

2. Сөзжасам уәжділігі, уәжділік түрлері

Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз – екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас. Сөзжасамдық уәждемелік қатынас орындалу үшін кемінде екі түбірлес сөз болуы шарт.

Тура уәждеме – адам танымында танылған болмысты таңбалауда себепші негіздің тура мағынасын арқылы негізделуі. Мысалы: арба – арбакеш, арбалы, арбасыз, арбадай т.б. Осылардың бәрі арба негізгі сөз арқылы жасалып тұр.

Ауыспалы уәждеме – адам танымында танылған болмысты таңбалауда себепші негіздің ауыспалы не абстрактылы, метафоралық мағынасы арқылы негізделуі. Мысалы:ұза, ұзақ, ұзын тура уәжделу; қыз ұзату, әңгіме ұзату, ұзақ құс ауыспалы уәждеме.

Түбірлік уәждеме – түбірдің себепші негіз ретінде жаңа атау туғызуға ұйытқы болуы. Мысалы: ақ– шыл,тау,ырақ,бурыл,пейіл...

Негіздік уәждеме – негіздің себепші негіз ретінде жаңа атау туғызуға ұйытқы болуы. Мысалы: айт– айтыс– кер, қыш, тыр, ушы...

Жүйелі уәждеме – болмыс табиғатына сәйкес берілетін таңбаның жүйелі болуы.

Жүйесіз уәждеме – белгілі бір қалыпқа түспеген, жеке–дара қалпында мотивтеніп, туынды сөз жасау жолы.

Абстрактылы уәжділік – болмыстағы құбылыстардың абстрактылық табиғатын таңбалау жүйесін анықтаудан туындайды. Мысалы: қол сөзінің қазіргі және кейінгі мағынасы.

Абсолюттік уәжділік – сөз өзінің негізгі мағынасын толық сақтап, туынды мағынаны тура мағынасы арқылы айқындайды. Мысалы: ағаштың тамыры, ағаш жапырағы...

13 ЕМТИХАН БИЛЕТІ