Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.12.2019
Размер:
98.78 Кб
Скачать

2) Сөзжасамдық қатынастар

8-билет

1) Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.

Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.

Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады, сәулет+ші = сәулетші т.б.

2) Сөзжасамдық тарам(парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығын айтады.Мыс, тісте,тісе,тіссіз,тісті туындылары-бір сөзж.қ тарам.Олар ұяның 1-сатысында жасалған.Сөзжасамдық тарамның ең кішісі 2 туынды сөзден тұрады, ең көбінің құрамы 16-17 туынды сөзге жетеді.

9- билет

1)Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қалай жасалғанын, туынды мағынаны жасаған сөзжасамдық бірліктерді анықтау мақсаты көзделеді. Туынды сөздерді талдауда негізгі сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысын іздеу керек.жане негіз сөз табылған соң, құрамындағы жұрнақты анықтау керек.Мыс,Бала+лық,жаза+ла. Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографиялық еңбектен басталады.(2 сұрақ бірге)

2. №22 билеттин 2 сурагы. Жауап сонда.

10-билет

1) Сөзжасамның аналитикалық тәсілі деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғаут.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш(зат есім); кызыл ала (сын-есім); кырық сегіз(сан есім); кіріп шық (етістік); күні кеше(үстеу); так-түқ (елікгеуіш); пай-пай, ойпырмай (одағай).

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

2)Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды. 23-билет. 2-сұрақ

11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Сөзжасамдық уәжділік (мотивация)

Уәжділік барлық қабаттағы сөздерге тән. Айталық, сөздің, атаудың жасалу уәжі бар, фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында сематикалық негіз бар, сөйлем құрылысында да сөйлеуге тән валенттілік заңына бағынатын өзіндік уәжі бар. Осының бәрі тілдің негізгі нысананы сөз болуымен байланысты.

Мотивология қарастыратын сөздің ішкі формасы немесе мотив таңбаның мағынасымен тікелей байланысты; бірақ екеуі екі басқа нәрсе. Сөздің ішкі формасы таңбаның ішкі құрылымы арқылы анықталса, ал оның мотиві, уәжі заттың қасиеті арқылы айқындалады. Таңбаның мағынасын түрлі сөздердің мағыналары арқылы шамалауға болса, уәжі шындық болмыстағы зат пен құбылыстың қасиеттері мен белгісі арқылы белгіленеді. Сөздің ішкі формасы – атаудың өзін құрайтын сыңарлармен тұлғалық және мағыналық жағынан жақындығы, байланысы ретінде қарастырылады. Ал уәждеме атауы мен зат арасындағы байланыс пен бірліктен туындаса керек.

Мотивологияда лингистикалық факторлармен қоса, экстралингвистикалық факторлар әсері толық ескеріледі.

Лингвистикалық фактор сөздің немесе атаудың жасалуындағы тілдік заңдылықтар. Экстролингвистикалық фактор тілдің қоғамдағы орны мен қызметі арқылы анықталатын әрі тілдің қоғамдағы рөлін белгілейтін оның жалпы таңбалаушылық қызметі.