
- •1)Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы.
- •2) Сөзжасамдық жұрнақтар, түрлері, қызметі
- •1) Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
- •2) Сөзжасамдық қатынастар
- •1. Сөзжасамдық уәжділік (мотивация)
- •2.Туынды сөздің белгілері
- •1. Сөзжасамдық тізбек
- •2. Сөзжасам уәжділігі, уәжділік түрлері
- •Сөзжасам теориясы қарастыратын мәселелер.
- •2. Зат есім сөзжасамының синтетикалық тәсілі.
- •1. Тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
- •3. Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар
- •4. Дене мүшелері атауын жасайтын жұрнақтар
- •5. Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар
- •6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
- •Сөзжасамдық ұядағы қатынастар.
- •Күрделі сөздер, белгілері, түрлері.
- •Сөзжасамға қатысатын өнімсіз жұрнақтар
- •Үстеулену (адвербиалдану) үрдісі.
1-билет
1)Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан.
Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.
Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.
2) Сөзжасамдық жұрнақтар, түрлері, қызметі
Сөзжасамдықжұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалык мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.
Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботакан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.
Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жекемағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған.
Мына туынды түбірлердегі жүрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б.
Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.тағы мәліметтер бар болса қарастырыныз
2билет
1.Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. Ұяның түр негіз сөзі сатыға кирмейді,саты құрамайды. Бір түп негізден басталып, бірінен бірі тікелей туындаған түбірлер қанша болса ұяда сонша саты болады. Ғылымда сж саты екі тұрғыда сипатталады: көлденең қатардағы сатылар және тік қатардағы сатылар. Тік қ с бір ұядағы барлық тізбекке қатысты.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.
Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.
2.Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.
Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:
негіз сөздің қай сөз табына жататыны;
негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;
сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы
формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше.
3билет
1.Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салаларымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады.
Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы
Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.
2.Сөзжасамдық қалып-Сөздердің тууында сөзжасамдық тәсіл мен үлгіден басқа қалып та болады.
Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір тұлғалардың жасалуын ғана белгілетін болса, сөзжасамдық қалып ұғымы одан гөрі кең.Сөзжасамдық қалып жаңа туынды сөз жасалуының жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын айқындай алады.
Қазақ тіліндегі сөзжасамадық тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән сөзжасамдық қалыптары бар. Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы екі сөзжасамдық қалып пайда болған: дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар және дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар.Мысалы:
Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар:Көр-көр,ауа-әуе,аса,есе,ызу-із,қол-қыл т.б. Ал бұлардың белгілі тектес дыбыстар арқылы туынды сөз жасауы сөзжасамдық үлгіні құрайды.
Дауыссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар:кел-кет, көз-көр,ез-ер,боз-бор т.б
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар сөздердің синонимдік, антонимдік,көпмағаналық сипаты арқылы пайда болып,дамыған.Мысалы:үй-үй-үй,үйір-үйір-үйір;ат-ат-ат-ат:
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары:сөздердің бірігуі,тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады.Мысалы:асқабақ,Сарыарқа,Ақтоты т.б:көзі ашық, қолы ұзын т.б:
Қалыптасқан сөзжасамдық қалыптардың негізі жасалған жаңа атаулар тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалғандықтан, халықтың дүниетанымына негізгі уәжділігі айқын болады.
4-билет
1)Сөзжасамдық бірлік. Сөзж бірліктер деп туында сөзге қатысатын морфемалар аталады. Сж бірліктерге:түбір сөздер, сж жұрнақтар жатады. Түбір сөз сж синтетикалық тәсілінде негіз сөз қызметін атқарады: талапкер, ойыншық туынды түбірлерінің құрамындағы түбір сөздер талап, ойын. Осыларда негіз сөз қызметін атқарып тұр. Ал аналитикалық тәсілде сж бірлік қызметін тек түбір сөздер ғана атқарады. Мысал: ем+арша, еңбек+ақы. Негіз сөз лекс-сем/қ тәсіл арқылы жасалған сөздерде негізгі қызмет атқарады. *нарық кезеңі-нарық саясаты.
Сж бірліктің екінші түрі сж жұрнақтар. Жұрнақ тек синт. тәсілге ғана қатысады. Сж қабілетіне қарай өнімді/өнімсіз болып бөлінеді. *Малшы дегенде шы-өнімді, өміршең., шаң шең-өнімсіз.
2) Сөзжасамдық мағына- туынды сөздің жасалуы байланысты пайда болған мағына. Мағына екіге жіктеледі:1. жиынтық мағына – негіз сөз бен жұрнақтың мағ/ның қосындысынан шыққан мағ. 2. Айырма мағ – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағ/қ айырмашылық. Одан басқа: өзгерген туынды мағ- негіз сөздің мағ негізінде басқа мағ/ң жасалуын негізден өзгерген мағ д а. * жасар (жас), 2,түрленген т м- негіз сөздің мағ өзгертпей оның мағ/на үстеліп қосылуы. *дөнен-дөнежін, бала+пан. 3. Көшірілген т м – негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы қатыстың үшінші түрінде туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағ/н басқа сөз табына көшіреді. Айтыс(ет.)-айтыс(зат е.). 4. Теңбе-тең туынды м- туынды сөздің лекс мағынасы негіз сөздің не сөз тіркесінің мағ тең түсуі. * ҚР-қазақстан республикасы.
5-билет
1)Күрделі етістіктер- барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрделіетістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп кайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістікгегі күрделі кимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылықты құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Баска жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.
Күрделі етістікгердің бірнеше түрі бар. Олар:
1) кіріккен күрделі етістіктер;
2) тіркескен күрделі етістіктер;
3) кұранды етістіктер;
4) қосарланған етістіктер;
5) тұрақты тіркес етістіктері.
Кіріккен күрделі етістік
Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан кұралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер жатады. Кіріккен етістіктердің кұрамы алғаш толық. мағыналы етістіктер болғаны белгілі, сондыктан олардың сыңарларының дыбыстық кұрамы толық сақталмаса да, түп негізіне карап, ол күрделі етістіктерге жатады.
Тіркескен күрделі етістіктер
Тіркескен күрделі етістікгер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер, кайтып кел т.б. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі қимыл ұғымының атауы жасалады
Құранды етістіктер
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш кемекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет – табыста
Қосарланған күрделі етістіктер
Қосарланған етістіктер деп екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер аталады. Қосарланған етістіктер деп белгілі тұлғадағы екі түрлі етістіктен не бір етістіктің қайталануынан жасалған етістіктер аталады: келіп-кетіп, ашып-жауып, жүріп-тұрып, бағып-қағып, сылап-сипап, күліп-ойнап, асып-тасып, өліп-талып, жылап-сықтап, алдап-арбап, асығып-сасып, қорқып-үркіп, ұрып-соғып, келе-келе, айта-айта, көре-көре, жылай-жылай, сұрай-сұрай т.б.
Қосарланған етістіктер сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін білдіреді.
Идиомаланған күрделі етістіктер
Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы, көзге түрткі болу, көзден ғайып болу, көздеп бір-бір ұшу, зәре-құты қалмау, төбе шашы тік тұру, қара терге бату, қара жер болу, бетегеден биік, жусаннан аласа болу, көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт кигізу, тумай жатып картайған, инедейді түйедей ету т.б.
2)Сөзжасамдық жұп- негіз сөз бен одан жасалған туынды түбір сөздің жиынтығы. Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.
6-билет