
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Іс-әрекет дегеніміз не?
2. Іс-әрекет қандай белгілерге ие?
3. Оқытушының іс-әрекеті неге негізделеді?
4. Педагогикалық қабілеттілік дегеніміз не?
5. Педагогикалық қызметке қойылатын талаптардың өзгеруі немен түсіндіріледі?
5. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.
2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.
3. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.
4. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.
5. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.
6. Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.
6-тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік және кәсіби зерттеу мәдениеті
1. Лекцияның мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының тұлғасын айқындау, кәсіби және әдіснамалық дайындығына қойылатын талаптарды нақтылау.
2. Негізгі мәселелер:
1.Тілдік қарым-қатынас және оның маңызы туралы. Тілдің қызметі мен мәдениеті.
2. Педагогикалық коммуникативтік, ақпараттық біліктілік.
3.Педагогикалық коммуникативтік қатынас түрлері, стильдері.
4.Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізі ретінде.
3. Қысқаша мазмұны:
Оқытушының коммуниктивтік, яғни тілдік қарым-қатынас қабілетінің алатын орны ерекше. Оқу процесінің сапасына оқытушының студентпен тіл табыса алу-алмауы зор әсер етеді. Қарым-қатынас тек білімді жеткізумен шектелмейді, ол эмоционалды болуы тиіс, студенттердің қызығушылығын оятып, юірлесе әрекететуге ықпал етсе жақсы.
Қарым-қатынас тек оқу әрекетінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, оны құндылық ретінде бағалаған дұрыс. Себебі адам қарым-қатынасқа әрдайым мұқтаж. Қарым-қатынасқа деген мұқтаждығын қанағаттандырудың өзі студентке үлкен ынта береді. Студенттің танымдық қана емес, қарым-қатынасқа деген мұқтаждығын қанағаттандыру оқытушының кәсіби біліктілігінің маңызды бөлшегі болып табылады.
Қарым-қатынас адам дүниеге келгеннен бастап оның дамуының басты шартына айналады. Соңғы кездері бұл сөз педагогикалық қарым-қатынас ұғымымен қатар жұмсалып жүр (алғаш рет 1970 ж.пайда болды). Оқу әрекетінің шығармашылық әлеуетін арттыруға, оқушының ынта-ықыласын дамытуға, ұжымдағы эмоционалдық ахуалды жақсартуға, әлеуметтік-психологиялық процесті тиімді басқаруға бағытталған оқытушының студенттермен қарым-қатынасын педагогикалық қарым-қатынас дейміз.
И.В.Зимняя бойынша, тиімді қарым-қатынасқа мыналар кедергі келтіреді:
1) этносоциомәдениеттік кедергі;
2) адамның әлеуметтік мәртебесіне қатысты кедергілер;
3) жас ерекшелігіне қатысты кедергілер;
4) адамның жеке басына қатысты психологиялық кедергілер (темперамент, мінез т.б.);
5) педагогикалық қызметтің өзіне тән кедергілері (педагогикалық шеберліктің жетіспеуі, оқу материалын терең білмеу т.б.)
В.А.Кан-Каликтің еңбегінде педагогикалық тиімді қарым-қатынасқа жиі тосқауыл болатын мынадай кедергілерді көрсетіледі:
1) екі тараптың мүдделерінің бір жерде тоғыспауы;
2) аудиториядан қорқу;
3) аудиториямен байланыстың болмауы;
4) қарым-қатынастың қызметін толық пайдаланбау (мысалы, қарым-қатынасты тек ақпаратты жеткізу құралы ретінде ғана тұтыну т.б.);
5) топ туралы алдын-ала дұрыс ой қалыптастырмау;
6) педагогикалық қателіктер жіберуден қорқу;
7) еліктеу.
Бұл кедергілерді болдырмаудың бір амалы – өзіңнің педагогикалық стиліңді қалыптастыру, педагогикалық қарым-қатынастың техникасын, әдістерін меңгеру. Көп жағдайда педагогикалық әрекетті бақылап отыру үнемі мүмкін бола бермейді. Бірақ оны рефлексивті саралау, түзету жақсы нәтиже береді.
А.А.Реан мен Я.Л.Коломинский (1999, Социальная педагогическая психология) конструктивтік қарым-қатынасқа қажетті мынадай ақыл-кеңестер береді:
-серіктесің түсінетін тілде сөйлеуге тырыс;
-серіктесіңе ерекше құрмет көрсетіп, оның сіз үшін маңыздылығын көрсетуге тырысыңыз;
-серіктесіңмен ортақ нәрселердің көп екенін барынша көрсетуге тырысыңыз;
-оның пробемасына ортақ екеніңізді шын нитеіңізбен білдіріңіз, жанашырлық танытыңыз, сөзін соңына дейін тыңдаңыз;
-эмоционалдық жай-күйіңізді де білдіріп тұрыңыз;
-келіспеушілік болған жағдайда оны шешудің нақты жолдарын ұсыныңыз;
-«бағындырушылық позициядан» бас тартыңыз;
-белсенді тыңдаушы әдісін жиі қолданыңыз;
-негативті жауапты «жоқ» дегеннен емес, «иә дұрыс, бірақ...» дегеннен бастаған жөн.
-талқылау, пікірталас кезінде серіктесіңізбен келісетін-келіспейтін тұстарыңызды анықтап алыңыз.
-келіспесеңіз де, өз сөзіңізді оның сөзін жақсы қабылдайтыныңызды айтудан бастаңыз, сосын барып оның сөзінің осал тұстарына көшіңіз;
-оның көзқарасына деген теріс бағаңызды жеке басына қатысты қарастырмаңыз;
- тартыс ұлғайған сайын келіспеушілікті конструктивтік шешу жолы тарыла түсетінін есіңізден шығармаңыз.
Сайып келгенде, бұл қатысымдық біліктілік оқытушының кәсіби қызметінің ең маңызды бөлігін құрайды.