
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?
2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?
3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың ерекшелігі неде?
4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
5. Педагогикалық құндылықтар деген не?
6. «Педагогикалық құндылықтардың жіктелуі» атты үлгі дайындап, оған сипаттама беріңіз.
7. Жоғары оқу орнының студенті өзінің әдіснамалық мәдениетін қалай жетілдіруіне болады?
8. Педагогика әдіснамасының мәні неде?
9.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
10.Ғылымның әдіснамасы деген не?
11.Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?
12. Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
13. Ғылыми зерттеу әдісі ұғымына анықтама беріңіз.
14. Педагогикада зерттеуді ұйымдастыру логикасына сипаттам беріңіз.
5. Ұсынылатын әдебиеттер
Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.
С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.
Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.
Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.
Кушнер Ю.З. Методология и методы педагогического исследования (учебно-методическое пособие). – М., 2001
Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.
5-тақырып. Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті
1. Лекцияның мақсаты: жоғары оқу орнының оқытушысы және оның атқаратын қызметі мен міндеті, қасиет-сапалары туралы білімдерді жинақтау.
2. Негізгі мәселелер:
1. Іс-әрекет ұғымы және таным.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылық.
4. ЖМ оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар.
3. Қысқаша мазмұны:
Жалпы іс-әрекет ұғымы психологияға да, педагогикаға да философиядан енген. Оның философиялық мағынасы – адам мен қоғамның жалпы тіршілік ету салты дегенді білдіреді. Іс-әрекет адамға тән болуымен қатар, мәдениет пен жалпы әлемнің субстанциясы ретінде адамның өзін де қалыптастырады. Сол себепті де іс-әрекетті «бір нәрсені істеу, орындау» деген тар мағынада алып қарай керек.
Писхологиялық мағынасы – адамның өміріндегі шынайы процестердің жиынтығы дегенді білдіреді. Іс-әрекет субъектінің әлеммен байланысқа түсу формасы деп те түсіндіріледі. Педагогикалық іс-әрекет дегенде оқытушының үйренушілермен білім беру мақсатында қарым-қатынасқа түсу формасын айтамыз.
Педагогикалық қызмет адамнан жан-жақтылықты талап етеді, себебі оның қызметі сан алуан болып келеді. Оқытушының педагогикалық орындайтын іс-әрекеті мен қызметін келесі кестеден көруге болады: (И.П.Подласый)
Жобаның сатылары |
Б
А
С
Қ
А
Р
У |
Іс-әрекеттің нәтижесі |
Б
А
С
Қ
А
Р
У |
Қызметі |
Дайындық сатысы
Жүзеге асыру
Қорытындылау |
Мақсат
Диагноз
Болжам
Жоба
Жоспар
Ақпарат
Ұйымдастыру
Бағалау Бақылау Түзету
Нәтиже |
Мақсат қою
Диагностикалау
Болжам жасау
Жобалау
Жоспарлау
Ақпараттық
Ұйымдастыру
Бағалау-бақылау Коррекциялау
Талдау
|
Бұл қызметтер оқытушының кәсіби білімі мен білігін қай бағытта қолдану керектігіне бағыт береді. Оқытушының атқаратын басты қызметі – білім алушыларды оқыту, оларға білім беру, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру. Бұл қызмет түрлерінің әрқайсысын орындау үшін мұғалім басқа да көптеген әрекеттерді жүзеге асырады. Дегенмен, кәсіби педагогикалық қызметті кешенді түрде қарастыратын болсақ, мұғалімнің ең басты қызметі – осы қызметтерді, яки оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқаруға негізделеді. Соңғы кездердегі ғылыми-педагогикалық қызметтің «педагогикалық менеджмент», ал педагогтың «менеджер» деп атала бастауы мұғалімнің басқару қызметіне ерекше басымдық берілетінін көрсетеді. ЖОО-ның оқытушысы үшін оқыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру, зерттеушілік қызметті басқару айрықша маңызды.
Практикалық педагогикалық қызмет жартылай білімге, жартылай өнерге негізделеді. Сол себепті кәсіби педагогқа қойылатын бірінші талап – педагогтық қабілеттің болуы. Қабілеттіліктердің мынадай түрлері бар (И.П.Подласый):
Ұйымдастырушылық.
Дидактикалық;
Перцептивтік (білім алушылардың жан дүниесін түсініп, эмоционалдық жай-күйін объективті бағалау, психикасындағы ерекшеліктерді анықтау)
Коммуникативтік
Суггестивтік (эмоциясына, ерік-жігеріне әсер ету)
Зерттеушілік
Ғылыми-танымдық
Алайда педагогикалық қабілет педагогикалық кәсіпті меңгеру үшін маңызды болғанмен, ол шешуші бола алмайды. Педагогикалық зерттеулерге сүйенетін болсақ, шынайы педагог – ол ұлы еңбекқор адам. Егер педагогтықты туабіткен дарындылықпен байланыстыратын болсақ, онда қалың көпшіліктің білікті оқытушыға деген сұранысын қанағаттандыру мүмкін болмас еді. Сондықтан педагог болу тек үлкен еңбекпен, тәжірибемен келеді.
М.М.Мұқанов педагогикалық қабілеттілікті педагог мамандығына лайықты, қажетті қабілеттердің, сапалардың жиынтығы ретінде анықтайды. Оны шартты түре екіге бөледі:
оқу мазмұнын шәкірттерге толық жеткізе алуы;
баланың ішкі жан-дүниесін жеке біліп, соған қарай өзінің сөзін, жұмысын ықшамдап, бейімдей алуы, яғни бала тәрбиесінде ерекше ішкі түйсікке ие болып, ұйымдастыру жұмысына икемді болуы.
Бұл ретте ғалым екінші қабілетті мұғалімнің тәрбие жұмысын жүргізе алу қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде көрсетіп, оның түрлі сипатта болатынын айтады.
Ал кейбір деректерде педагогикалық қабілеттілікті анықтауға мына қасиеттердің болуы негізгі деп көрсетіледі:
-педагогикалық көрегенділік;
-ұйымдастырушылық;
-экспрессивтілік.
«Имиджеология» пәнінде бұл қабілеттер педагогтың имиджін құрайтын компоненттер ретінде қарастырылады. Олар:
-педагогикалық эрудиция;
-педагогикалық рефлексия;
-педагогикалық мақсаттылық;
-педагогикалық ойлау;
-педагогикалық интуиция;
-педагогикалық импровизация (педагогикалық ойдың санада сәулеленуі, педагогикалық ойды түсіну, жүзеге асыру, импровизациялау, іске асқан процесті жедел ойша талдау, шешім қабылдау, интуитивтлік пен логиканың жемісін шығару)
-педагогикалық қарым-қатынас.
Сайып келгенде, педагогикалық қабілет дегеніміз адам тәрбиесімен айналысуға қажетті икемділіктердің жиынтығы түрінде көрінетін қасиеттер болып табылады.
Педагогикалық қабілеттердің қай-қайсысының да алатын орны ерекше. Дегенмен, осылардың ішінде коммуникативтік қабілетке ерекше мән беріледі.
Субъективтілік пен заттық педагогикалық іс- әрекеттің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Субъективтілік педагог образының белсенділігінен, қажеттілігінен, эмоцияларынан, мақсатынан, бағытынан, іс- әрекет таңдауынан және қызығушылығынан бейнеледі.
Заттылық адамның әлеуметтілік негіздеріне, оның санамен байланысына, схемаларда, түсініктерде, әлеуметтік ролдерде, құндылықтарда және әлеуметтік нормаларда пысықталдандығына мінезделеді.
Педагогикалық іс- әрекет айтарлықтай көпшекті болып табылады, сондықтан ол оның функциясының толық емес шегімен қолданылады:
ақпараттық;
дамушылық;
оқытушылық;
танымдылық;
шығармашылық;
тәрбиелеушілік;
туындырушылық;
жұмылдырушылық;
зерттеушілік;
болжамдылық;
құрастырушылық;
қатынастық;
сөздік.
Бұл физикалық және психикалық мінездер педагогтық лауазымға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалімнің профессиограмасын зейіннен, есінен, квалификациясынан, психикасынан, сырт көрінісінен анықтауға болады.
Профессиограмма – бұл психофизикалық талдау, мамандық бере алатын сапаның сипаттамасы және мінездемесі.
Профессиограмманы адамның нақты мінезіне қарсы қою эксперименттік комиссияға оның кәсіби жарамдылығын талдау құқығын береді.
Қазіргі кезде «кәсіби жарамдылық» түсінігі жоғарғы да, орта да мектептерді қанағаттандыра алмайды, өйткені ол Т.Ф. Белорусовтың жіктеуі бойыншапедагогикалық мәдениеттің орташа деңгейіне парапар болады.
ЮНЕСКО – ның ұсынысы бойынша біз осы күні кәсіби ептілігіне емес, кәсіби бділіктілігіне көп көңіл аударамыз.
Мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға деген субъективті талаптар да аз емес:
балаларды жақсы көру;
эмпатия;
жұғысқыштық;
адамгершілік;
тактика;
қатаң талап етушілік;
мейрімділік;
әділеттік;
рухани байлық;
адамдылық;
сөзге тұрақтылық және т.б.
Мұғалім педагогикалық қабілеттіліктің көптүсті палитраға ие болуы керек. Қабілеттілік – бұл басқаларға, соның ішінде оқушыларға нәтижелі әсер етуді қамтамасыз ететін тұлға қасиетінің жүйесі. Айтарлықтай, маңызды болып табылатын педагогикалық қасиеттерді бөліп көрсетуге болады:
академиялық;
шығармашылық;
дидактикалық;
сөздік;
перцептивті;
коммуникативті;
болжамдылық;
эмоционалды;
ұйымдастырушылық.
Пеадгогикалық тәжірибеде «шешімділік» термині көп кездеседі. Икемділік – бұл адамның осы немесе басқа тапсырманы сапалы орындау мүмкіндігі, бұл жағдайда педагогикалық іс- әрекетті жүзеге асырады:
жағдайды талдау;
педагогикалық тапсырманы дұрыстап қалыптсатыру;
педагогикалық тапсырманы жобалау деңгейінде шешу;
тәжірибеде, тұрақты тапсырмаларды жүзеге асыру;
іс- әрекеттің қорытындысмын талдау және бағалау.
педагогикалық іс- әрекеттерді сабақтың және сабақтан тыс формаларға ажыратылады.