
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
4 .Бақылау сұрақтары.
1. ҚР білім беру жүйесі қандай деңгейлерден тұрады?
2. ҚР білім берудің қандай үрдісі қалыптасуда?
3. Білім мазмұнына қандай құжаттар негіз болады?
4. ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық базасына қандай құжаттар негізге алынады?
Ұсынылатын әдебиеттер
Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.
С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.
Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.
Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.
Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.
Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.
3-тақырып. Педагогика ғылым ретінде
1. Лекцияның мақсаты: педагогика ғылымы туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, ғылым ретіндегі өзіндік орнына баға беру, ғылыми сипаттау.
2. Негізгі мәселелер:
1.Педагогика, әдіснамасы, негізгі категориялары, заңдары мен заңдылықтары.
2.Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
Қысқаша мазмұны:
Педагогика ең алдымен тәрбие туралы ғылым. Ол тәрбие жұмысының мақсатын, құралдарын, формалары мен әдістерін қарастырады. Сол себепті оның ең басты ұғымы – тәрбие.
Тәрбие тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын арнайы процесс. Ол кең мағынасында жеке тұлғаның интеллектуалдық, рухани және физикалық қалыптасу процесі ретінде танылады. Ал тар мағынасында тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатындағы тәрбиешінің ықпалы, мақсатты әрі жүйелі әрекеті.
Білім беру, оқыту және тәрбие жұмысы ұғымдарыа да педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына жатады. Білім беру – жүйеленген білім, білік, дағдыларды, белгілі бір мәдени білім қорларын игеру процесі және оның нәтижелері. Халық ұғымындағы «білімді» сөз жоғары мәдениеттілікпен ыңғайлас түсінік, сол себепті білімді, жоғары білімі бар адам тек кәсіби дайындығы ғана емес, ең алдымен, мәдениеті жоғары адам болып саналады.
Оқыту – білім алудың негізгі жолы. Ол жүйеленген білім, білік, дағдыларды меңгерудегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен екіжақты әрекетіне негізделетін екіжақты процесс болып табылады.
Тәрбие жұмысы – педагогтардың сабақтан тыс уақытта жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастыратын жұмысы.
Оқыту мен білім беру және тәрбиелеу ұғымдары өзара тығыз байланысты. Педагогика жеке тұлғаның қалыптасуы туралы ғылым ретінде «тәрбие» және «білім беру» ұғымдарына қарағанда кең мағынада түсіндіріледі.
Тәрбие
Білім беру
Оқыту
Педагогика ғылым ретінде ХҮІІ ғасырда ғана қалыптасты. Оның негізін қалушы чех ғалымы Я.А.Коменский болды. Ол өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде педагогиканың негізгі міндеттері мен ұстанымдарын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін анықтап берді. Осыдан бергі кезеңде педагогика өз ішінде бөлімдерге тармақталып, жекелеген салаларға бөлінді.
Педагогиканың салалары:
Жас ерекшелігі ұстанымдарына қарай:
жалпы және жас кезеңдері педагогикасы
мектепке дейінгі педагогика
мектеп педагогикасы
кәсіптік-техникалық педагогика
жоғары мектеп педагогикасы
Қызмет салаларына қарай:
әскери педагогика
өндірістік педагогика
инженерлік педагогика
арнайы педагогика
театр т.б. педагогикалар
Педагогиканың бөлімдері мен педагогикалық пәндер:
Оқыту теориясы (дидактика)
Тәрбие теориясы
Білім беру жүйесін басқару және ұйымдастыру
Педагогика тарихы
Жекелеген пәндерді оқыту әдістемесі
Мұндағы алғашқы үшеуі жалпы педагогиканың құрамдас бөліктері ретінде де, жеке пән ретінде де қарастырылады.
Арнайы педагогиканың (физикалық және психикалық ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік заңдылықтарын зерттейді)
Арнайы педагогиканың түрлері:
Сурдопедагогика (есту қабілеті нашар балаларды оқыту және тәриелеумен айналысады)
Тифлопедагогика (көруі нашар, зағип жандардың тәрбиесі, оқыту мәселелерімен айналысады)
Олигофренопедагогика (ақыл-ой қабілеті нашар балалардың тәрбиесі мен оқыту мәселелерін қарастырады)
Логопедагогика (сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың тәрбиесі мен оқыту мәселелерін қарастырады)
Маманды кәсіби тұрғыдан қалыптастыруда жоғары мектеп педагогикасының маңызы өте зор. Жоғары мектеп педагогикасының басты мақсаты студенттердің гуманитарлық ойлауын дамыту және кәсіби білімдерін жетілдіруге қажетті педагогикалық және психологиялық білім, білік дағдылар беру болып табылады.
Білім болашақ маманның кәсіби өсуіне жағдай жасауы тиіс, білім беру процесі осыған қызмет етеді. Әр адам үшін кәсіби білім екі тұрғыдан маңызды болып табылады:
1) жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыру және өзін-өзі таныту құралы болып табылады, себебі адам өзінің қабілеті мен мүмкіншілігін еңбек арқылы таныта алады, соның ішінде кәсіби салада анық көрінеді.
2) өзін-өзі әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру және нарықтық экономика жағдайында өзінің еншісіндегі меншігі, капиталы ретінде әлеуметтік ортаға өзін бейімдеудің құралы.