Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lecture.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Жоғары мектеп педагогикасы нені қарастырады?

  2. Жоғары мектеп педагогикасы қандай өзге ғылым салаларымен байланысқа түседі?

  3. Ересктерге білім беру өзектілігі немен түсіндіріледі?

  4. Педагогикалық білімнің қазіргі қоғамдағы маңызы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.

  2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.

  3. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.

  4. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.

  5. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.

  6. Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.

2-тақырып. Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі

1. Лекцияның мақсаты: қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің жалпы әлемдік білім беру кеңістігінде интеграциялану сипаты, оның бүгінгі өзекті мәселелері мен заңнамалық базасы, елдің білім беру саясаты туралы мағлұмат беру.

2. Негізгі мәселелер:

1.Жоғары білімнің қалыптасу кезеңдері.

2. ҚР-да жоғары білімді дамытудың заңнамалық базасы.

3. ҚР «Білім туралы» Заңы.

4. Болон Декларациясы.

5. ҚР-нда білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы.

6. Жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.

3. Қысқаша мазмұны:

Қазіргі жаһандану процесі қоғамдық өмірдің барлық салаларын өзінің ықпалын тигізуде. Мұндай құбылыс педагогикада да жүріп жатыр, жаңа бағыттар мен үрдістер пайда бола бастады. Олардың ең бастыларын былайша нақтылап көрсетуге болады:

1. Кәсіби білімнің іс-әрекеттік қыры.

2. Оқытуды компъютерлендіру, ақпараттандыру.

3. Ақпараттық әдістен белсенді оқыту әдістерін пайдалануға көшу.

4. Белсендіруші, дамытушы, жедел ықпал етуші, ойын арқылы оқыту формаларына көшу.

Осылардың ішінде ақпараттық білім беру, білімді ақпараттандыру айрықша мәнге ие болып отыр. Ақпаратты білім беру ортасы дегеніміз - көпаспектілі, біртұтас әлеуметтік – психологиялық ақиқат. Оның құрамындағы қажетті психо-педагогикалық жағдайлар жиынтығы, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жасалған танымдық қызметті белсенді түсіріп, ресурстарға қол жеткізетін оқытудың жаңа технологиялары жатады. Ақпаратты білім беру ортасын құру, қажетті алдын-ала дайындалған, реттелген қолданушы сұранысына сай тексттік пен көрнекілік материалдардың дайындалуын ғана емес, сонымен қатар қолданушының танымдық қасиетін жетелеп, жобалауға, мүмкіндік беретін технологиялық негіздерді (әдіс, тәсіл, оқытудың жаңа құралдары) жасақтау болып табылды.

Осымен байланысты жоғары білім беруде білім мазмұнын анықтаудың жаңа критерийлері нақтыланды.

Жоғары мектепте білім берудің жаңа ұстанымдары да нақтыланды. Қазіргі кезде білім мазмұнын анықтауда басшылыққа алынатын мынадай ұстанымдардың артықшылығы айтылады:

  • білім мазмұнының қоғаммен,қоғамның сұранысына жауап беруі;

  • оқытудың мазмұны мен процессуалдық қырларының бірлігі;

  • білімнің түрлі деңгейлерінің құрылымдық бірлігі және тұтастығы;

Жоғары мектептегі педагогикалық үдерістің өзіне тән заңдылықтары мен ерекшеліктері, диалектикасы қазіргі кезде басқаша сипат алды.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.

Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше.

Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы

Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.

Білім мазмұны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.

Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.

Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.

Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуы тиіс.

Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің көбеюіне байланысты пәндердің өздері жаңа бөліктерге бөліне бастады. Бірақ, қазір оқу пәндерінің одан әрі көбеюі және дифференциациялануы (бөлшектенуі) жағдайды мүлде қиындатуы мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу пәндерін негізгі идея төңірегіне интеграциялауға (біріктіру) көшті.

Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген /адаптированная/ білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы өз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.

Білім мазмұнының қайнар көзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім /олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың функциясы жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі /оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың тәжірибесі.

Білім мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады:

  • ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің жоғары мектепте берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы;

  • әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;

  • тарихилық, яғни білім мазмұнында жоғары мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы;

  • жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.

  • жоғары мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде өмірмен байланыстылық принципі;

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі.

Білім мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.

Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:

1. Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса назар аудармай, қабілетті, ойлауды, қиялды, есті дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның өкілдері пәндерді екі топқа бөлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия және т.б. Формальдық білім беру теориясына сәйкесті Ресейдің, Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының оқу жоспарлары құрылды.

2. Материалдық білім беру теориясы /ХҮІІІғ.аяғы/ білім мазмұнын тандаудың негізгі критериясы ретінде оның пайдалылығын, қоғамның өміріне қажеттігін қойды. Материалдық білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға, жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске көп орын берілді.

ҚР «Білім туралы» заңында /1999ж./ білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.

Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:

  • дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;

  • ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты;

өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға.

Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тұлғанықалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді.

Гуманитаризация (латынша humanitarys - адамға қажетті) бұл ол кім немесе кім болғысы келетініне қарамастан барлық адамға қажетті білім, біліктіліктерді меңгертуге бағытталған білім мазмұнының жалпы бағыты. Мысалы, олардың ішінен ана тілін, әдебиетін, тарих, өлкетануды атап көрсетуге болады.

Білім мазмұнын гуманизациялауға тек қана гуманитарлық емес,сонымен бірге жеке тұлғаны қалыптастыруға көп ықпалын тигізетін мектепте оқылатын басқа да пәндерді кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Білім мазмұнын қалыптастыруда адам мен табиғаттың байланысын, адамдар арасында гуманды қарым-қатынасты қалыптастыруда зор ықпалын тигізетін гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің тең болуының, математика, биология, техникалық пәндерді адам жөніндегі білімдермен толықтырудың маңызы зор.Гуманистік бағыттағы мазмұнды игеру ойлаудың гуманистік типінің, тұлғалық бағытты дүниеге көзқарасты қалыптастыруда өмірдегі мәселелерге оптимистік көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Білім мазмұнын гуманизациялауда жеке тұлғаның өзін тануына, өз мінез-құлқын реттеуге және өз іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгертуге ықпалын тигізетін тілдік және әдебиеттік білімнің, эстетикалық тәрбиенің адамтану курстарының маңызы зор.

Білім мазмұнын дифференциялауды түрлі топтарды тиімді оқытуға жағдай жасау мақсатында жаңа пәндерді одан әрі бөлшектеу емес, керісінше белгілі деңгейде біріктіру деп түсінуге болады.

Әрбір адамның білім мазмұнын игеруде белгілі мақсаттар болады, әрбір адамның қабілеттері, мүкіндіктері, өмірлік жоспарлары әртүрлі. Біреулері гуманитарлық профильді таңдаса, енді біреулері жаратылыстану-математика немесе көркем суретті таңдайды. Біреулері бір пәнді тереңдетіп оқыса, енді біреулері жай ғана шолып өтеді. Білім мазмұнын әрбір деңгейге сай, жеке тұлғаның мүмкіндіктері мен сұраныстарына сай дифференциациялау керек.

Интеграция – жеке оқу пәндерінің, бөліктерінің арасындағы мәнді байланыстарды анықтау негізінде тұтастың қалыптасу үрдісі және нәтижесі. Интеграцияның мақсаты білім бөліктерін біріктіру болып табылатын білімді ұйымдастыру үрдісінің негізінде болады. Интеграция түрлі деңгейлерден көрініс табады: пәнішілік – жеке оқу пәніндегі негізгі ядро төңірегіне білім мазмұнын жинақтау, пәнаралық - өзара “туыс” оқу пәндерінің әдістері немесе ортақ принциптері негізінде.

Қазіргі оқу орындарындағы пәнаралық интеграция негізінде пайда болған интеграцияланған курстардың , жүйеленген білімді, біліктіліктерді, іс-әрекет және ойлау тәсілдерін қалыптастыруда орны ерекше.

Экологизация идеясы қазіргі мектептегі барлық пәндердің білім мазмұнына тікелей қатысы бар. Қазіргі уақытта адамзат бүкіләлемдік эқологиялық катастрофа шегінде тұр. Егер білім мазмұнына оны тоқтату немесе болдырмау идеясын кіргізбесе, егер адамзат мәдениетін табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік ретінде игермесе барлық білім,

біліктіліктердің түкке пайдаға аспай қалуы мүмкін. Соған орай қазір көптеген елдерде білім мазмұнын экологизациялау принципі басты орында тұр.

Әлемдік және ұлттық мұраларды мақсатты пайдалану оқыту мақсаты ұлы еліміздің патриотты, азаматты тәрбиелеу мақсатымен бірігетін мектептердегі білім беруді қайта құруды талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мектепте оқытылатын білім көлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет тәсілдерін, динамикалық және көрнекі образдық модельдерді пайдалануды , материалды беруді жетілдіруді мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.

Шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру бұл толыққанды, көпкомпонентті білім мазмұнының және оның негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]