
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
5. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.
2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.
3. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.
4. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.
5. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.
6. Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.
10-тақырып. Білімдендіру технологиялары және педагогикалық жобалау технологиясы
1. Лекцияның мақсаты: жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін ұйымдастырудың өзіндік талаптарымен таныстыру.
2. Негізгі мәселелер:
1. «Білімдендіру технологиясы», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдары.
2.Қазіргі педагогикалық технологиялар, олардың топтастырылуы.
3. Гумандық-тұлғалық технологиялар.
4.Ақпараттық технологиялар
5. Педагогикалық жобалау технологиялары.
3. Қысқаша мазмұны:
1. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-түнкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Мектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.
Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Білім беру технологиясына кіретіндер:
Мақсаттық бағытталғандық;
сүйенетін ғылыми идеялары;
Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;
Нәтижені бағалаудың өлшемдері;
Нәтижесі;
Қолданудағы шектеуліктер.
Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К.Селевко технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.
2.Г.Селевконың, Т.Шамованың т.б. оқу құралдарын пайдаланып мынадай оқыту технологияларын көрсетелік:
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы /П.М.Эрдниев/;
тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология /А.Окунев, Н.Палтышев/;
дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.Занков, В.Давыдов/;
оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/;
проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/;
түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/;
деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/;
ойындық оқыту технологиясы;
жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/;
түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту технологиясы;
дәрістік-семинарлық-зачеттік оқыту технологиясы;
М.Монтессори технологиясы;
еркін еңбек технологиясы /С.Френе/;
Вальдорф педагогикасы;
оқытудың компьютерлік технологиясы.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.
3.ХVII ѓасырдаѓы Я.А.Коменскийдіњ дидактикалыќ ж‰йесiнiњ негiзгi ќаѓидаларыныњ бiрiнде де баланыњ аќыл-ой к‰шiн, ќабiлеттерiн дамыту олардыњ бiлiмге деген ќ±штарлыѓын оятып, лаулата т‰седi делiнген.
И.Т.Песталоцци баланыњ аќыл-ойын, барлыќ ќабiлет-ќасиеттерiн дамыту идеясымен арќауланѓан бастауышта оќыту єдiстемесiн жасауѓа єрекет етедi.
Дамыта оќыту ±лы немiс педагогы А. Дистервегтіњ єйгiлi “Немiс м±ѓалiмдерiнiњ бiлiм беру iсiне басшылылыќ” (Руководство к образованию немецких учителей) атты ењбегiніњ де негiзi болып табылады. Дамыта оќыту деп ол баланыњ бiлiм алуѓа єрекет етуін ±йымдастыратын оќытуды атаѓан. “Жаман м±ѓалiм аќиќатты µзi айтып бередi, ал жаќсы м±ѓалiм оќушыныњ µзiн iзденуге жетелейдi” - деген.
Орыстыњ ±лы аѓартушысы К.Д.Ушинский де µз дидактикалыќ ењбектерiнде бастауыш мектеп жасындаѓы балаларды оќыта отырып дамыту мєселелерiне ерекше тоќталып, арнайы єдiстеме жасаѓан.
“Дамыта оќыту” деген термин психология ѓылымыныњ ќойнауында туып, баланыњ дамуын ќарастырѓан (Ж. Пиаже), ойлаудыњ єрт‰рлi дењгейiн, тип терiн (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жєне басќа да психиканыњ функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) жєне т.б., iс-єрекет теориясыныњ психалогиясын жасаѓан (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) ењбектерiнде жан-жаќты талданды. Нєтежеде дамыта оќыту проблемасына арналѓан екiiлгерi эксперимент жасалып, оныњ бiрiн Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екiншiсiн Л. В. Занков басќарады.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).
Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар. Олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады.
«Жақын даму аймағы». Көрнекті психолог Л.С.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың актуалдық аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Актуалды даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақта істей алатыны – жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы актуалды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген күннен бастап «жақын даму аймағында», дәлірек айтқанда баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.А.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем, оның астына шартты белгісі жазылады.
«Жақын даму зонасында » жұмыс жасаған В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталайын деп тұрған жер. Мұғалім осы жерде жұмыс істеп оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процессті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?» - деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму зонасында жұмыс істеуі керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, образдар туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу.
теориялық білімнің жетекші ролі. Теорияны құрғақ жаттамай ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу.
оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы.
оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субьектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен қалай өзгердім деген сұрақтарға өзіжауап береді.
Барлық білім алушылардың дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.