
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
Әрбір ЖОО өзінің оқыту-тәрбиелеу, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, реттеу, басқарудың өзінік саясатын ұстанады. Ал ол білім беру саласындағы мемлекеттік құжаттарда белніленіп, нақтыланады. Қазіргі қазақстандық ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесіне енуіне байланысты тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың жаңа субъектілері пайда болды. Солардың бірі – эдвайзер.
Эдвайзер - сабақта және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог. Ол студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырушы, тәрбиелік ықпалдарды бағыттаушы болып табылады.
Осыған дейін эдвайзердің қызметін кураторлар атқарып келді.
Эдвайзер ұжым жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін ұжымға әрі жекелеген студентке қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі студентке барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, кәсіби-тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Рухани адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Стеденттердың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер ұжымды қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен емін-еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
3. Өзін-өзі басқаруды дамыту. Оған: нақтылау, мақсат қою, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Студенттер ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (жастар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір адам өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару жастардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген жастар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Өзін-өзі бақару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Топ жағдайында өзін-өзі басқару: оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына топ немесе курс кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.
Топ студенттерінің өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір топтың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады.
ЖОО жағдайында тең төрағалық (сопредедатель) басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына жастардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің мүшелері, кеңесші оқытушылар кіреді.
Жастар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлісін шартты түрде былай көрсетуге болады:
Әрекеттің мақсатын анықтау;
Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болу талқылау);
Басқару мәселесін қою;
Шешімді ұжым болып талқылау;
Шешімді қабылдау;
Шешімді жүзеге асыру;
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.
Өзін-өзі басқару процесінің қозғаушы күші – ондағы мотивтің болуы. Сондықтан өзін-өзі басқарудың жоғарыда келтірілген әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
Педагогикалық теория мен практикада тәрбие жұмысының формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өткізілу уақыты бойынша барлық формаларды қысқамерзімді (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақмерзімді (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін), дәстүрлі (әрдайым қайталанатын) түрлерге ажыратады.
Тәрбие жұмысының жеке формасы сабақтан тыс уақыттың бәрін алады, олар топтық және ұжымдық формаларға араласа отырып, басқа формалардың жетістігін белгілеп отырады. Жеке формаларға әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, пікір алмасу, біріккен тапсырманы орындау, жеке тапсырма беру, көмек беру, нақты проблеманы, міндетті шешуде ізденіс. Олардың әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсіл, құралдар тән. Жеке жұмыс жасау формасындағы педагогтың басты міндеті – оқушыны танып-білу,оның дарынды қасиеттерін ашу, оқушыға тән қасиеттерді анықтау. Оқушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасау түрліше жүруі тиіс.
Топтық жұмыс жасау формаларына шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, шағын секциялар және т.б. жатады. Жұмыс жасаудың бұл формасында педагог қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде танылады. Педагогтың басты міндеті – бір жағынан, әрбір оқушының өзін көрсетуіне жағдай жасау, екінші жағынан, ұжымның барлық мүшелері үшін маңызды болып табылатын дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік туғызу. Топтық формада педагогтардың әсері балалардың өзара әрекеттесуі ізгіліктік тұрғысынан дамытылуына бағытталған.
Ұжымдық жұмыс жасау формаларына педагогтар мен жастардың түрлі шаралары, конкурстары, концерттері, қойылымдары, серуендері, спорттық жарыстары енгізіледі. Жастардың жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға байланысты мұнда педагог жүргізуші, ұйымдастырушы, қатысушы, кеңесші, көмек беруші рольдерін атқара алады.
Тәрбие жұмысының формаларын таңдауда педагог мына қағидаларды басшылыққа алғаны жөн:
жұмыстың тәрбиелік міндеттерін есепке алу; жұмыстың формасы осы міндеттері шешуге бағытталуы тиіс;
міндеттер негізінде жұмыстың мазмұнын,іс-әрекет түрлерін нақтылау;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіншіліктерін, дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, мектептің материалдық базасын, сыртқы жағдайларды, педагогтардың мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленген міндеттерді шешу үшін әдіс-тәсілдердің жиынтығын жасау;
ұжымдық мақсат қою негізінде жұмыс жасау формасын таңдау.
Осылайша, педагог жұмыс жасау формаларын белгілей алады. Жаңа форманы құру былайша жүруі мүмкін: белгілі бір форма таңдалып, содан соң іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдері анықталады. Мысалы, сайыс немесе тақырыптық кеш өткізу идеясы пайда болса, олардың неге арналатыны, оның мазмұны қандай болатыны содан кейін белгіленеді. Немесе алдымен мазмұндық идея алынып, содан соң оны ұйымдастыру формасы ізделіп, жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының түрлі формаларын есепке ала отырып, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгеру аса маңыздылыққа ие. Тәрбие жұмысының формасы егер ол оған қатысушылардың біріккен қызметі негізінде пайда болса, ұжымдық және шығармашылық сипатта бола алады. Онда
әрбір адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктері есепке алынуы керек;
жеке мақсаттар топтың жалпы мақсаттарына қарама-қайшы болмауы тиіс;
ұжымдық жұмыс әрбір адамға жалпы істен өз орнын табуға мүмкіндік береді;
бұл форма орындалғаннан кейін қайталанбайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс формалары басқа формалардан тәрбиелік міндеттерді қоюмен, білім алушылардың тәжірибені меңгеруімен ерекшеленеді. Тәрбиелік шарада тәрбиеші нақты міндетті ашық түрде ұсынса, ұжымдық шығармашылық жұмыста тәрбиеші міндеттерді білдіртпей жасайды. Білім алушылар бұл міндеттерді өздері «тауып, ашуы» керек, ересектермен бірге жаңа тәжірибе жинақтайды, алынған тәжірибені практикада қолдануға үйренеді.
Бұл әдістеменің негізі - ынтымақтастық педагогикасы, біріккен іс-әрекет. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формалары – ұжымдық шығармашылық жұмыстар, дәстүрлі тапсырмалар, сюжеттік-рольдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және .тб.