
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
Шығармашылық іс-әрекетті «қалыптастыру» арқылы тұлғаны шығармашылыққа үйретуге бола ма? Жоқ. Тұлғаны «қалыптастыруға» болмайды, тек тәрбиелеуге ғана болады. Ал тәрбиелеу дегеніміз тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне неғұрлым жағымды жағдай жасау болып табылады. Шығармашылық өзін-өзі дамытуға қабілетті және ерікті адамда ғана бола алады. Бұл С.Д.Смирновтың оқулығынан алынған пайымдау. ЖОО-ның маман даярлау ісінде студенттің сыни және шығармашылық ойлауын тәрбиелеу өте маңызды.
Психологиялық тұжырымдарға сүйенетін болсақ, шығармашылық ойлау мынадай белгілерге ие болып келеді:
-шығармашылық әрекет дегеніміз жаңа, соны нәтижеге, жаңа өнімге әкелетін әрекеттің түрі;
-жаңа өнім кездейсоқ алынбайды, сол себепті де оның алыну үдерісі да жаңа болып келеді (жаңа әдіс, тәсіл, әрекет түрі қорлданылады);
-ойлау әрекеті үдерісі немесе нәтижесі қарапайым логикалық жолмен немесе алгоритм бойынша алынбаған жағдайда ғана шығармашылық болып саналады;
-шығармашылық ойлау алға қойған міндетті шешуімен емес, проблеманы өз бетімен көріп, анықтай алуымен байланысты;
-басты ерекшелігі – шешімге келер алдындағы эмоционалдық толғаныстың айқын көрініс алуы (инсайт, ойдың санада сәулеленуі);
-шығармашылық ойлау әрекеті әдеттемықты әрі тұрақты немесе қысқа мерзімді, бірақ өте күшті мотивацияның болуын талап етеді;
-Г.Гельмгольц, А.Пуанкаренің пайымдауынша, кез келген шығармашылық әрекет 4 сатыдан тұрады: 1) материалды жинап, білімді жинақтау – бұл мәселені анықтауға, шешуге негіз болады; 2) санада жетілу немесе инкубация сатысы – бұл кезеңде ой санадан тыс жүріп, ал саналы деңгейде адам мүлдем басқа әрекетті орындап жүреді, 3) санада сәулеленуі немесе инсайт сатысы – бұл кезеңде шешім аяқ астынан келіп, санада көрініс береді, 4) бақылау немесе тексеру сатысы – сана толығымен іске қосылады.
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде шығармашылық ойлауды дамыту үшін мынадай әдістемелік нұсқаулықтарды ұстану тиімді:
Оқушының интуициясына тосқауыл қоюға немесе оны басуға болмайды.
Оқушының өзіне, бұл есепті, тапсырманы орындай алатынына сенімін қалыптастыру.
Оқыту үдерісі барысында барынша жағымды эмоциялар туғызу, оны көтермелеу (таң қалу, қуану, симпатия, жетістікке қуану т.б.)
Оқуда мәселені немесе есепті шешудің мақсатын, міндеттерін, құралдарын өз еркімен, өз бетімен таңдауға деген ұмтылысын қолдау, оған ынталандыру.
Тәуекелді іс-әрекеттерді орындауға деген құлшынысын мадақтау.
Конформфты ойлаудың (бәрімен немесе көпшіліктің пікірімен келісе беру) қалыптасуына жол бермеу.
Қиялын дамытып, қиялдауға деген бейімділігін тұншықтырмау.
Қайшылықтарға ерекше сезімталдықты қалыптастыру, оларды тауып, анықтай алуға үйрету.
Оқытуда ашық тапсырмаларды көбірек қолдану.
Оқытудың проблемалық әдісін кеңінен қолдану.
Түрлі тапсырмаларды арнайы эвристикалық тәсілдермен шешуге үйрету.
Зерттеу жұмысын оқытушымен бірлесе отырып жүргізу.
Ең бастысы – өзнің «Менін» тыңдауға, өзімен келісімде болуға тырысуын үнемі көтермелеп, қолдап отыру.
Сыни ойлау да ЖОО-да студенттерді тәрбиелеуде алға қойылатын басты міндеттердің бірі. Есте сақтау, түсіну, шығармашылық ойлау – бұлар сыни ойлауға жатпайды. Сыни ойлау:
1) өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сондықтан сабақ сыни тұрғыдан ойлау ұстанымына негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сондай-ақ, ол өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептелінеді. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеш алуы үшін жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқық бар. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның пікірімен жиі келісе бермейді. Бірақ ең негізгісі – адам не ойлау керектігін өзі шешеді.
2) ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып саналады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеяларды, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концептілер секілді «шикізаттарды» өңдеу керек болады.
3) сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Нағыз таным процесі өзінің кез келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы, қажеттіліктерінен туындайтын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады. Демек, сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің қиындығы оқушыларды айналамыздағы мәселелердің сан алуандылығын түсінулеріне көмектесуден тұрады. Бразилия педагогі Пауло Фрейре оқушының басы өзіндік «есептерге» қызмет етіп, мұғалімдер өз білімдерін ортаға салатын дәстүрлі «жинақталған» білімді оқушылардың нағыз өмірден алынған мәселелермен айналысатын «проблемалық» білімге ауыстыру керек деген пікір ұстанады. Американдық философ әрі педагог Джон Дьюи сыни тұрғыда ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептейді. «Ситуацияға немесе құбылысқа байланысты қойылатын негізгі сұрақ осы құбылыстың қандай мәселелерден туындайтындығы туралы болмақ». Дьюидің айтуы бойынша, мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи қызығушылығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. «Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады».
4) сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
5) сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі немесе философ Ханна Арендттің жазуынша «тек кімде-кімнің қатысы болғанда ғана кемелге жетуге болады». Басқалармен таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бйолай түсеміз. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін оқу үдерісінде оқушының түрлі басылымды жазба жұмыстарын қамтитын жұптасып немесе топтасып жасалатын жұмыстардың барлық түрлерін іске асыруы керек. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда шыдамдылық пен басқаны тыңдай білу, өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапаларды өңдеуге ерекше назар аударуы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау анықтамасының 5 пунктінің барлығы оқу әрекетінің кез келген түрінде орын алуы мүмкін, бірақ олардың ішіндегі оқытушы үшін де, оқушы үшін де жақсысы жазба жұмысы болып есептеледі.