Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lecture.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать
  1. Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.

ЖОО әлеуметтік институт ретінде тәрбиені қалай жүргізеді? ЖОО-да қалыптасып келген «ересек, үлкен адамдарды тәрбиелеу мүмкін бе?» «Оларды тәрбиелеу дегеннің өзі ақылға сыя ма?». Бұл сұрақтардың жауабы тәрбие ұғымын қай тұрғыдан түсіндіргенге байланысты анықталады. Егер тәрбиені тәрбиелеуші, ЖОО, қоғам үшін қажетті сапа-қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ықпал ету деп түсінетін болсақ, бұл жаңсақ пікір болады. Ал егер оны ЖОО-да оқу үдерісі барысында тұлғаның өзін-өзі дамуына жағдай жасау десек, шындыққа жақын болары анық.

ЖОО-да оқытушы не үшін керек? Оның не үшін керектігін түсінгенде оқытушының ақылды компьютерден, кітаптан артықшылығының неде екеніне көз жеткізе аламыз. ЖОО-ның қызметі тек арнайы білімдерді беру емес, қоғамның мәдени сауатты, көзі ашық азаматтарын тәрбиелеу және дамыту. Сондай-ақ, ЖОО оқытушысы да тек білімдер мен кәсіби білік-дағдыларды беріп қана қоймайды, оны нақты саланың мәдениетіне үйретеді. Ал бұл мәдениеттің қоғамда әрі қарай дамуы үшін және жалғасуы үшін тірі адам және жанды қарым-қатынас керек. Бұл орайда оқытушы мәдениетті жеткізуші, мәдениетке үйретуші тұлға. К.Д.Ушинскийдің сөзіне сүйенетін болсақ, «тұлғаның дамуына тек тұлға ғана ықпал ете алады, мінез ғана «мінезді» тәрбиелейді». Тәрбиелеу дегенде – адамдармен өзара қарым-қатынас жасау жүйесін құруға үйрету дегенді білдіреді.

Тәрбие - адамның рухани дамуы және оны қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған үдерісі.

Тәрбие әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену ретінде - бұл адамдардың қоғамда біртіндеп бейімделуіне, оның әлеуметтенуі жүретін топ немесе ұйымның мақсатының спецификасына сәйкес адамның бөлінуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін саналы және мақсатты түрде адамды өсіру. Тәрбие қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайымен, этникалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты нақты тарихи құбылыс. Әрбір адам, әсіресе балалық шағында, жастық шағында әлеуметтенудің обьектісі ретінде танылады. Тәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғам мүшелерін саналы түрде әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруына қажетті жағдай жасау үшін пайда болды.

Технология (грекше techne-шеберлік, іскерлік; lodos- сөз, ілім) - объектінің күйін, қасиетін, формасын өңдеудің, жасаудың, өзгертудің әдістерінің жиынтығы.

Тәрбие технологиясы - нақты тәрбиелік нәтижеге бірізділікпен, белгілі тәсілмен қол жеткізуде қолданылатын іс-шаралар жиынтығы.

Бүгінгі таңдағы тәрбие тұжырымдамалары философиялық ілімдер және психологиялық теориялар негізінде жасалуда. Олар: психоаналитикалық теория. (А.Гезелл, З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Эриксон), когнитивті теория (Ж.Пиаже, Д.Дьюи), іс-әрекет теориясы (Д.Локк, Д.Уотсон, Б.Скиннер), биологиялық (генетикалық) теория (К.Лоренц, Д.Кеннел), әлеуметтік-синергетикалық теория (Л.С.Выготский, П.А.Флоренский), гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс және т.б.). Гуманистік педагогиканың басты құндылығы - өз өмірінің, тарихтың, мәдениеттің субъектісі ретіндегі адам.

Гуманистік тұрғы адамды, оның қабілеттері мен өзін-өзі дамытуға құқығын, педагогикалық үрдістегі қарым- қатынастардың субъект-субъектілі сипатын басты құндылық ретінде таниды. Гуманистік педагогикадағы тәрбиенің мақсаты - өзін-өзі рухани және дене жағынан дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі іске асыруға қабілетті мәдениетті адамды қалыптастыру.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары:

- тұлғаны сол күйінде қабылдау, оған тұрақты жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру;

- әрбір тұлғаның бойында жеке абырой сезімін және оны құрметтеуді көрсету;

- тұлғаның ешкімге ұқсағысы келмеу құқығын ұғыну және оны тану,

- өз еркімен таңдау құқығын беру;

- адамның тұлғасын емес, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын бағалау;

- әрбір тұлғаны «сезіну» (эмпатия) қабілетіне ие болу,

- тұлғанының жеке-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін (жүйке жүйесінің типі, темпераменті, қабылдау, ойлау және есте сақтау ерекшеліктері, қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері, мотивтері, бағытталуы, ұжымдағы мәртебесі, өзін-өзі бағалуы, мен-концепциясының қалыптасу деңгейі, белсенділігі және т.б) есепке алу.

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.

Мақсат – бұл ойластырылған педагогикалық қызметтің болашақ нәтижесінің сөзбен жеткізілетін алғы шарты. Сонымен қатар, мақсатты кез келген жүйеге қойылатын түпкі жағдайының нақты суреттемесі ретінде түсіндіреді. Педагогикалық әдебиетте мақсаттың әр түрлі анықтамалары кездеседі: а) мақсат – бұл тәрбиелік процестің элементі, жүйе құратын фактор; б) мақсат (мақсатты пайымдау арқылы) – бұл педагог пен тәрбиелеушінің басқару қызметінің кезеңі; в) мақсат – бұл педагог пен білім мекемесінің көздейтіні және ұмтылысы.

Педагогтар мақсаттың белсенділігіне, дұрыстығына және мерзімділігіне жауапты. Дұрыс қойылмаған мақсат – педагогикалық жұмыстағы көптеген сәтсіздіктер мен қателерге себеп болады. Қызметтің тиімділігі ең алдымен дұрыс қойылған мақсат түрғысынан бағаланады, сондықтан мақсатты дұрыс анықтау өте қажет. Тәрбиелік үрдісте тек мақсат қана емес, сонымен бірге оның анықталуы, өңделуі өте маңызды. Бұл жағдайда әңгімені мақсатты пайымдау туралы жүргізу қажет. Мақсат егер тәрбиелік үрдістің барлық қатысушылары үшін маңызды болса, олармен қабылданған болса, онда ол осы үрдістің қозғаушы күшіне айналады.

Педагогикалық ғылымда мақсатты пайымдау үш компоненттен тұрады: а)мақсатты негіздеу және жамыту, жетілдіру; б) оған жету жолдарын анықтау; в) күтілетін нәтижені жобалау.

Мақсатты пайымдау – үзіліссіз процесс. Мақсатты пайымдаудың қалай жүзеге асуына педаготар мен оқушылардың өзара қызметі, олардың арақатынасы тәуелді. Мақсатты пайымдауда мынандай талаптар есепке алынады: диагностикалық; шынайылық; мақсаттардың сәйкестігі; нәтижеге бағытталуы. Мақсаттарды анықтау былайша жүреді:

Ерікті мақсатты пайымдау

Біріккен мақсатты пайымдау

Қатаң мақсатты пайымдау

1

Ортақ мақсаттарды біріккен интелектуалдық әңгімелесу процесінде іздеу

Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы

Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы

2

Қол жеткен нәтижелерді есепке алу

Жоспарланған нәтижелерді есепке алу

Жоспарланған нәтижелерді есепке алу

3

Жеке қажеттіліктерге бағыттау

Борыш ырғағына бағытталу және жеке қызығушылықтарды есепке алу

Борыш ырғағына бағытталу

4

Мақсатқа жету барысында бағдарламаны ұжыммен бірлесе отырып жасау

Мақсатқа жету барысында іс-әрекетті ұжыммен бірлесе отырып жасау

Іс-әрекет бағдарламасы педагогтармен беріледі.

Тәрбие мақсатын тәрбиелік талаптардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Тәрбиеленудің жалпы мақсаты О.С.Газман бойынша – бұл еңбекқор азаматты тәрбиелеу, тұрмыстағы адамды тәрбиелеу, қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесі арқылы іске асырылады. Мақсатқа бәрі бағынады: тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, формалары және әдістері. Тәрбиенің мақсатын таңдағанда, қойғанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адам дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек.

Тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуының сұранысымен анықталады және өзіндік тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне тәуелді.

Тәрбиенің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ойдың дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы политехникалық білім, дене және ақыл-ой еңбегіне, денелік дамуының бірлігімен әр түрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады.

Тәрбие үдерісінің нәтижелілігіне педагогтың шеберлігі, оның тұлғалық ерекшеліктері, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге қатынасы ерекше әсер етеді. Тәрбие технологиясына спецификалық қасиеттер тән. Олар: мақсат қою; тәрбиелеу кезеңін қайта өндіру мүмкіндігі; кері байланыс; бағалау және бақылау; түзету. Педагогикалық технологияларды құру - өте күрделі үдеріс. Жалпы педагогикалық үдеріс бірнеше кезеңдерден тұрады: педагогикалық технологияның басты идеясын таңдау және негіздеу, технологияның мақсаттық тұжырымдамасын жасау және міндеттерді жобалау; тәрбиенің мазмұнын жобалау; тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, формаларын интеграциялау; оқу-тәрбие үрдісінде технологияны іске асыру құралдар жүйесін құрастыру, жетістіктерін, тәрбиелілік деңгейін, тұлғаның қасиеттерін бақылау және бағалау жүйесін жасау.

Тәрбие технологияларының тиімділігі олар жүзеге асырылатын педагогикалық жағдайларға да тәуелді. Олар: педагогтың жеке ерекшеліктері (эрудиция, тұлғаның қайталанбастығы, мәдениеті, қызығушылықтары және т.с.с.), тәрбиеленушілерге көзқарасы (педагогикалық такт, оптимизм), педагогтың кәсібилік деңгейі (тәрбие заңдылықтарын, адам психологиясын білуі, диагностикалау әдістерін меңгеруі) және материалдық жағдайлар (сыныптың күйі, құрал-жабдықтардың жеткілікті саны және т.б.)

Тәрбие технологиясының сипаты тұлғаға деген көзқарасқа тәуелді болып табылады. Сол арқылы технологияның түрі таңдалады: ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлы немесе тұлғалық бағдарлы.

Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшіліктері бар:

  • Тәрбие үдерісі көп факторлы үдеріс.

  • Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үдеріс.

  • Тәрбие үдерісінде бірнеше қайталау болады.

  • Нәтижесі өте елеусіз.

  • Болашаққа бағытталған үдеріс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үдеріс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттың өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:

  • Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.

Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).

Адамның дамуы екі өзара байланысты үдерісті - оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастыруды талап етеді. Бұл екі үдерістің әр түрлі міндеттері бар, сондықтан бір бірімен қиылысса да, кейде уақыт бойынша қатар келсе де, олар бір бірінен ұйымдастырудың әдістері және формасы жағынан үлкен айырмашылықтары бар.

Тәрбие үдерісі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дәл сол тиімді өзара әрекеті (ынтымақтастығы).

Тұтас педагогикалық үдерісте тәрбие үдерісі маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық үдеріс бөлімінде берілген білімдер жиынтығы тәрбие үдерісіне де тікелей қатысты. Тәрбие үдерісінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы зор. Бұған тәрбиеленушілердің интеллектуалдық өрісіне (олардың санасына), эмоциялық өрісіне (олардың эмоциялары мен сезімдеріне) және еріктік өрісіне (олардың әрекеттеріне, мінез-құлқына) жүйелі және жоспарлы ықпал еткен кезде қол жетеді. Егер осы компоненттердің біреуі түсіп қалатын болса, тәрбие өз мақсатына жете алмайды, ол біржақты сипатқа ие болады. Сондықтан тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - тұлғаға жан-жақты ықпал жасау, санаға, сезім мен мінез-құлыққа бір мезгілде әсер ету.

ЖОО-дағы тәрбиенің басты міндеттері мыналар:

-тәрбиеленушілерге таңдау мүмкіндігін беру, себебі тәрбиеленушілердің нені және не үшін, қалай таңдау керектігіне өмірлік тәжірибелері, білімдері жете бермеуі мүмкін.

-тәрбиеленушіге тең серіктес, одақтас ретінде өзара сыйластықпен қарау. Бұл идеяның негізіне ынтымақтастық педагогикасы алынады.

-тәрбиеленушіге өзінің өмір сүру, іс-әрекетті орындау, қарым-қатынас жасау стилін қалыптастыруға көмектесу т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]