Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lecture.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

4. Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту әдісі дегеніміз не?

  2. Әдіс құрылымынан қандай құрамдық бөліктерді бөліп көрсетуге болады?Әдістерді жіктеудің мәнін ашып көрсет

  3. Оқыту функциялары қандай функцияларды орындайды?

  4. Әңгіме әдісінің мазмұнын ашып көрсет.

  5. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификацияла.

  6. Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  7. Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  8. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  9. Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері дегенді қалай түсінесің?

5. Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры). –А: Қазақ университеті, 2006.

2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2003.

3. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод.реком.КазГУ им.Аль-Фараби, 1996.

4. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –А: Агуим.Абая, 2003.

5. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект). –Красноярск, 1994.

6. Попков В.А. Коржуев А.В. Теория ипрактика высшего профессионального образования. М: Академический Проект, 2004.

9-тақырып. Жоғары мектептегі тәрбие

1. Лекцияның мақсаты: Жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін ұйымдастырудың өзіндік талаптарымен таныстыру.

2. Негізгі мәселелер:

1.Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.

2.Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.

3.Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбилеу.

4.Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.

3. Қысқаша мазмұны:

  1. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.

ЖОО – қоғамдық игіліктер мен нормативтерді, әдеп қағидалары мен ұжымның сыртқы ортамен қарым-қатынасын қалыптастыратын маңызды әлеуметтік институт болып саналады. ЖОО билік органдарымен бірлесе отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыруға қатысты ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асырады, сөйтіп елдің және қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын анықтайды. Әлеуметтік институт ретінде ЖОО-на мынадай белгілер тән:

-адамдардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырудың тұрақты формасына ие;

-қоғамның идеологиялық, құндылықтық, әлеуметтік-саяси құрылымымен интеграциялану қасиетіне ие;

-ЖОО-ның білім беру қызметі адамды дамытуға және оған қызмет етуге бағытталады;

-әлеуметтік қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін материалдық базасы мен құралдары бар;

-әдеп нормаларының генераторы болып табылады және олардың сақталуын әлеуметтік бақылауды іске асырады.

ЖОО қоғамдағы орнына қарай мынадай қызметтерді атқарады:

  1. Қоғамдық ақыл-ой, инттеллектіні өндіреді – адамға қызмет ететін және оның еркін дамуын қамтамасыз ететін білім беру қызметін қоғамға ұсынады.

  2. Жоғары білікті кадрларды даярлайды – жалпы білім беру жүйесінің дамуында шешуші рөл атқаратын қоғамдық элитаны даярлайды, сондай-ақ елдің ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуын қаматамасыз етеді.

  3. Еңбек нарығы қалыптастырады – ЖОО-да ұсынылатын жаңа білімдер еңбек нарығына тікелей ықпал етеді, сөйтіп қандайда бір кәсіби біліктіліктердің мәнін қайта бағалап, еңбек ресурстарына қойылатын сандық әрі сапалық талаптарды өзгертіп отырады.

  4. Әдеп нормалары мен мәдениетін дамытады (әдеп кодексі, ұжымдық келісім, еңбек жалақысы ережесі, сыйақылар т.б.), бұл нормалар мен мәдениетті сақтау ЖОО-ның психологиялық ахуалын анықтап, нарықтағы рөлін айқындайды.

  5. Әлеуметтік қатынастарды тұрақтандырады – ЖОО қызығушы тараптар мен әлеуметтік ортаның басқа да өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастың белсенді қатысушы болып саналады.

Қорыта айтқанда, ЖОО басқа да әлеуметтік институттар секілді әрі жалпы әрі өзіне тән белгілерге ие болып келеді және оның пайда болуының өзі әлеуметтік мәнге ие, себебі ол тұрғындардың білім деңгейін арттырып, тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осыған сай қазіргі жоғары мектеп идеологиялық, этикалық, азаматтық міндеттерді атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]