
- •2. Негізгі мәселелер.
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4 .Бақылау сұрақтары.
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3.Педагогика ғылымының атқаратын қызметі.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •1. «Әдіс» және «оқыту әдісі» ұғымы және олардың қызметі мен топтастырылуы.
- •2.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері.
- •3.Оқытудың белсенді әдістері мен түрлері.
- •4. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Қашықтан оқыту түрі.
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде.
- •Тәрбиенің теориялық негіздері мен мәселелері.
- •3. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Студенттерді шығармашылық және сыни ойлауға тәрбиелеу.
- •4. Қазіргі жоғары мектептегі тәрбие. Тәрбиеудің түрлері мен формалары.
- •Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
- •2. Негізгі мәселелер:
- •3. Қысқаша мазмұны:
- •4. Бақылау сұрақтары
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер:
1-тақырып:Жоғары мектеп педагогикасына кіріспе.
1. Лекцияның мақсаты: педагогика ғылымының негіздері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, өзге ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау.
2. Негізгі мәселелер.
1.ЖМ педагогикасының пәні және оның мәні мен маңызы.
2. Педагогикалық ойлардың дамуы. Педагогикалық білім беру – ересектерге білім берудің бір тармағы ретінде.
3. ЖМ педагогикасының өзге ғылым салаларымен байланысы.
3. Қысқаша мазмұны:
Қазіргі кездегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени өзгерістер ел өмірінің, сондай-ақ адам өмірінің барлық саласына өзінің әсерін тигізді. Айналадағы құбылыстарға, заттарға, адамға деген ішкі сана-сезім, көзқарас, қарым-қатынас түбімен өзгерді. Адамдардың, қоғамның құндылықтары мен қызығушылықтары да басқаша сипат алды. Білімге деген сұраныс та, талап та өсе түсті. Осыған байланысты елдің білім бері жүйесінің барлық салаларында көптеген өзгерістер мен реформалар іске аса бастады. Қазақстанның бастауыш, орта, арнайы кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінде де айтарлықтай өзгерістер орын алды (ҚР бiлiм беру жүйесi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының үздiксiздiгi және сабақтастығы принципi негiзiнде мынадай бiлiм беру деңгейлерiн: 1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды; 2) бастауыш бiлiм берудi; 3) негiзгi орта бiлiм берудi; 4) орта бiлiм берудi (жалпы орта бiлiм берудi, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi); 5) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi; 6) жоғары бiлiм берудi; 7) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi қамтиды).
Осылардың ішінде жоғары кәсіптік білім беру – маңызды әлеуметтік-мемлекеттік институт ретінде белгілі бір қызмет саласына қажетті мамандарды даярлауды өз міндетіне алады. Қызметі – кәсіби маңызды міндеттерді атқарып, шешімдерді қабылдай алатын, түрлі білік, дағдылармен жоғары деңгейде қаруланған, оны әрдайым жетілдіріп отыруға қажетті біліктілігі қалыптасқан мамандар даярлау. Алайда жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің қызметі мұнымен шектелмейді. Ол сонымен қатар кәсіптік емес басқа да көптеген білімдер мен іс-әрекет, дағдыларды қалыптастыруды жүзеге асыруы тиіс. Солардың негізгілерінің бірі:
-студенттерді қоршаған әлемді тұтастықта және өзін де сол тұтастықтың бір бөлшегі ретінде қарастыруға дағдыландыру, сондай-ақ процестер мен іс-әрекет нәтижелеріне де тұтастық тән екендігіне көздерін жеткізу;
-тиімді шешімдерді қабылдаудың жолдарына үйрету, түрлі өзгерістерге бейімделуге, іс-әрекет барысында пайда болған жағдайлардың барысын болжауға, төтенше оқиғалардың салдарын болдырмауға, алдын-алуға үйрету;
-іс-әрекетті жүйелілік тұрғысынан қарастыру мәдениетін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастырудың басқа да маңызды жалпы әдіснамалық ұстанымдарымен қаруландыру, тұрақты жүйені құрудың ұстанымдарын меңгерту, болашақ түлектің бойында, пайымдауларында, іс-әрекетінде толеранттылық қасиеттерді қалыптастыру.
Жоғары мектеп педагогикасы жоғары кәсіптік білім беру мәселелерімен айналысатын педагогикалық ғылым саласы. Жоғары кәсіптік білім беруге қатысты зерттеулер бұрын-соңды жүргізіліп келгенмен, жоғары мектеп педагогикасы жеке сала ретінде тек ХХ ғасырдың 70,80-жылдарында ғана толық дербестік алды деуге болады.
Оған дейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың жас ерекшелігіне ерекше көңіл қойылды. Бұл әлемдегі елдердің барлығына дерлік тән болды. Мәселен, 1960/61 жылдары бүкіл әлемде бастауыш мектепте оқитындардың саны 63 пайызды құраса, орта мектепте оқитындардың саны 32, ал жоғары оқу орындарында оқитын 20-24 жас аралығындағы жастардың саны 5,9-ақ пайызды ғана құраған.
Оған жастарды әлеуметтік жағдайына қарап шектеу де өзінің әсерін тигізген. Жоғары тап өкілінің «жоғарыға өрлеуіне» жағдай жасалды. Мысалы, 1960-жылдары дамыған капиталистік елдердегі ЖОО-да төменгі таптан, жұмысшы, шаруа, ұсақ қызметкерлердің отбасынан шыққан білім алушылардың саны бар-жоғы 5 пайыз бен 14 пайыздың арасында болған.
Білім беру жүйесі негізінен кез-келгенге қолжетімсіз, өзінің ішкі тәртібі мен заңдарына қатаң бағынатын, өзінің ережесімен ғана жүретін жабық жүйе түрінде болды.
Осылайша 1960 жылдарға дейін білім берудің мақсаты жас ұрпақты «ересек» өмірге, әлеуметтік-өндірістік ортаға даярлаумен ғана шектелді.
Бұл кездердегі білім беру жүйесі әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы, қоғамға пайдалы адамдарды дайындайтын инкубатор ретінде қызмет етті. Осылайша білім беру ісі тек екі қызметті атқарды: экономикалық (жұмыс күшін дайындау) және әлеуметтік (жас ұрпақты әлеуметтендіру).
1960 жылдардан соң білім беру ісінің мақсат-міндеттері, мазмұны, қызметі, білім берудің формасы, білім алушылар мен берушілердің рөлі, жалпы білімнің адам мен қоғам өміріндегі рөлі, білім мен адам және қоғамның байланысы біртіндеп өзгере бастады.
Әлемдегі жетекші елдердің экономикалық дамуы, әлемдік қауымдастықтың білімді демократизациялауға ұмтылысы тұрғындардың білім алуға қолжетімділігі жағдайын туғызды. 1974 жылдың өзінде АҚШ-та орта мектептен кейін білім алушы жастардың саны 53,6 пайызға жеткен, ал Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 16,2-ні, ФРГ-да 19,3-ті, Францияда 18,4-ті, Жапонияда 22,1 пайызды құраған.
Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, ғылыми-технологиялық революцияның екпіні адамнан әр түрлі және жан-жақты дайындықты қажет етеді. Ол адамнан тез өзгермелі экономикалық, қоғамдық, саяси, мәдени өмірге бейімделуін талап етуде. Білім берудің томаға тұйық, икемсіз ескі жүйесі мұндай күрт өзгерістерге, талаптарға жауап бере алмай қалды.
Бүгінде білім беру ашық процесс және ол тек ЖОО қабырғасында, арнайы дайындықтан өткен оқытушылардың басшылығымен ғана өтпейді. Оған тәжірибесі бай көптеген тұлғалар қатыстырылады. Білім мазмұны мен формасы, әдістері де «қасиетті қамал» болудан қалып, білім алушылар мен берушілердің бірлескен әрекетінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі білім өзінің көкжиегін кеңейтті, білім берудің түрлері көбейді:
-формалды, формалды емес, формалдыдан тыс;
-институттық, топтық және жеке;
-күндізгі, қашықтан;
- «жабық» және еркін («ашық»).
Білімнің әлеуметтік өмірдегі мәртебесі өсті. Бүгінде білім нарықтың заңдарына, ұсынысы мен сұранысына жауап бере алатын, нарыққа тән бәсекелестік, маркетингтік жүйесі бар білім беру қызметін ұсынатын салаға айналды. Білім беру қызметі саласының бұрынғы дәстүрлі жүйеге қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар:
1) оқытудың мазмұны мен формасының, түрі мен әдістерінің сан алуандылығы; 2) «ашық» болуы, яғни білім алушылардың білім деңгейін, орнын, уақытын, мерзімін, мазмұнын, формасын, әдістерін және білім берушілердің таңдай еркіндігінің болуы; 3) тұтынушының емес, білім беру қызметінің тұтынушылардың қажеттілігіне бейімделуі; 4) бәсекелестіктің жоғары болуы; 5) білім беру қызметтерінің ақылы жүйесінің белгіленуі. Сондай-ақ, білім беру қызметі саласының автономдылыққа, дербестікке ие бола бастауы.
Білім берудегі алға қойылатын бүгінгі басты міндет те айқындалды – адамның оқып-білуіне қажетті жағдай жасау. Яғни бүгінде білім оның тұтынушысы – адамға және оның жеке қажеттілігіктеріне бағытталады. Ал қазіргі заман адамының қажеттіліктері күннен күнге өсіп келеді. Бүгінде адам жалпы орта біліммен, бір кәсіпті игерумен шектелмейді, енді ол өзінің денсаулығын күту, жетілдіру, отбасылық өмірінің сапасын арттыру, қоғамдық өмірге араласу, бос уақытын дұрыс өткізу, өзін дамыту сияқты қажеттіліктермен күрделене түсті.
Адамның осы қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, білім беру қызметі саласы енді тек экономикалық, әлеуметтік қана емес, ең алдымен, жеке тұлғаны дамыту – тұлғалық-дамытушылық қызметті де атқара бастады.
Бұрын білім жас ұрпақты өндіріске дайындауды көздесе, енді адамның «кәсіби белсенділікті оңтайландыру» ғана емес, енді адамның «өзін-өзі шынайы сезінуіне», «қалыптасуына», жүзеге асыруына мүмкіндік беріп, «үнемі оқып, өзін-өзі жетілдіріп отыруға» деген ынтасын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары білім беру педагогикасының ғылыми білімнің дербес саласы ретінде бөлініп шығуы қазіргі заманғы өндірістің барлық саласы үшін мамандар даярлаудың тиімділігін арттыру мен жетілдірудегі жоғары мектептің сұранысынан туындап отыр. Қазіргі таңда ЖМ түлектерін кәсіби даярлау сапасы тек қалыптасқан кәсіби білім, біліктің жоғары деңгейімен ғана сипатталмайды. Кәсіби, әлеуметтік рөлдерді білікті әрі жауапкершілікпен орындау мүмкіндіктерін анықтайтын тұлғалық фактор, жаңа идеялар, технологиялар мен шешімдер тудырушылық, ғылыми, практикалық қызмет пен білім беру салаларында тиімді қарым-қатынас орнату қабілеттігі алға шығады. Осыған сәйкес, жоғары білім беру білім алушыларды біліммен, білікпен қаруландыруды ғана емес, мазмұнды күшін, адамның рефлексияға деген әрекетті қабілеттіліктерін, үздіксіз өз бетінше білім алу мен өз бетінше дамуға қажеттілікті ашуға бағытталады. Курс мазмұны ЖМ-тегі оқу-тәрбиелеу үдерісін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізгілендіру мен демократияландырудың қазіргі үрдістерін көрсетеді, педагогикалық қызметтің дара жеке шығармашылық стиліне бағдар береді.
Білім алу қазіргі таңда қалың көпшіліктің қажеттілігіне айналды, сол себепті де жоғары білім және жоғары жоғары білімнен кейінгі білім беру ісі қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты ересектерді оқыту педагогикасы да жетіліп келеді. Ересектерді оқытудың бір тармағы ретінде жоғары мектеп педагогикасының өзектілігі де соншалықты арта түсті. Жоғары мектеп педагогикасы жоғары білім берудің мәселелерін арнайы зерттеп, жоғары оқу орны жағдайындағы оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Осыған сәйкес, жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесін, яғни ондағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекетті жобалау және оны басқару болып табылады.
Педагогика грек тілінен аударғанда (пайда – бала, гогос - жетектеу) баланы жетектеу дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда баланы сабаққа жетектеп апарып, оған сабақта қызмет көрсететін құлды педагог деп атаған. Бүгінде педагогика адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналып, педагогтың мәртебесі мен қызметі өзгерді. Педагогика мұғалімдерді, оқытушылардың белгілі бір жас тобындағы балалар мен ересектерді тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайларда оқу-тәрбие процесін болжауға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға қажетті білімдерді береді.
Антропологиялық ғылымдар жүйесінде педагогика адамның тәрбиесі, білімі және оны оқытуға қатысты қызмет саласын зерттеуді өз міндетіне алады. Педагогикалық қызмет – жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыруға, дамытуға бағытталған процесс болып табылады.
Ада және оның қоршаған ортамен қатынасын зерттейтін антропологиялық ғылымдар жүйесінде педагогиканың алатын орны ерекше. Ол өзге ғылымдардың жетістіктері мен нәтижелеріне сүйенеді, оны жетілдіріп, дамытып, қолданбалы мақсатта пайдаланады. Сондай-ақ, педагогикалық зерттеулер өзге ғылым салаларының теориялық және практикалық жеістіктерін дидактикада, тәрбие теориясында, оқыту әдістемесінде негізге алады. Ол антропологиялық ғылымдар жүйесінде философиямен, психологиямен, физиологиямен, астрологиямен, медицинамен, экономикамен, әлеуметтанумен, саясаттанумен т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Басқа да ғылымдар сияқты педагогика философияны, ондағы пәлсапалық тұжырымдамалар мен көзқарастарды әдіснамалық тұрғыдан негізге алады. Адам және оның құндылықтарын білмей тұрып оқыту, білім беру және тәрбиенің мәңгілік мәселелерін қарастыру мүмкін емес. Филосфия табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын, адамның дүниеге деген танымдық, эстетикалық, этикалық қатынасын зерттейді. Философияда бұл бағытта түрлі философиялық жүйелер мен бағыттар қалыптасқаны белгілі. Педагог-зерттеуші өзінің қызметіне осы философиялық тұжырымдарды, идеяларды қазық етіп алады. Педагогика тарихынан диалектикалық материализм, прагматизм мен экзистенциализм, теологиялық пәлсапалық көзқарастар мен бағыттар әр заманның адам тәрбиелеу механизмдеріне, әр ғалымның педагогикалық идеяларына (В.В.Давыдов Л.С.Выготский, Дьюи т.б.) ықпал етіп отырғанын көруге болады.
Сол сияқты педагогика үшін, қандай да бір педагогикалық болжамдар жасап, шешімдер шығару үшін адам миының қызметі, жүйке жүйесі туралы ілімдер (И.М.Сеченовтің, И.П.Павловтың), психикалық процестер мен адамның психикалық жай-күйі (ес, ойлау, ерік, мінез т.б.) және оның адамның даму кезеңдеріне сай ерекшеліктері, халықтардың ұлттық ерекшеліктері, қоғам және әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтар, ел экономикасы мен тарихы туралы ақпараттарды білу өте маңызды. Сол себепті педагогика физиология, психология, этнография, экономика, тарих, медицина, генетика ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді.