Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы нарыгы 7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
74.24 Кб
Скачать

10.Коммерциялық банктің меншікті капиталы:көздері мен қызметтері.

       Коммерциялық банктің меншікті кпиталының рөлі мен шамасы басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

       Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банктік қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, жалақыға жұмсалған және т.б. жабылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

       Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.

       Банктің меншікті капиталы -  бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

        Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:

-                     жарғылық капитал,

-                     меншікті капитал, қосымша капитал,

-                     банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған  қорлар (резервтер),

-                     бөлінбеген банк пайдасы.

11. Банктің тартылған қаражаттары.

      Банк ресурсының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

       Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі  топқа бөледі:

-                     депозиттік қаражаттар;

-                     депозиттік емес тартылған қаражаттар.

     Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

      Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.

     Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.

      Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туады.

      Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Коммерциялық банк туралы не білесіз?

2 Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?

3 Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi?

4 Коммерциялық банк қызметiн ұйымдастыру.

5Коммерциялық банктердiң операциялары - банктiң пассивтiк операциялары.

6 Банктердiң активтiк операцияларына не жатады?

7 Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi қандай?

8 Лизинг түрлерi қандай?

9 Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы туралы не айтала аласыз?

10 Коммерциялық банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері.

11 Банктің тартылған қаражаттарына не жатады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]