Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы нарыгы 5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
125.95 Кб
Скачать

Бағалы қағаздар құрылымы қандай?

  Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық – құқықтық формасы акционерлер қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуна жол ашты. Бұл  жағдай жаңа акцияллар мен облигацияларды эммиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болды. Сонымен бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. Сол сияқты акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.

       Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?

Жалпы бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді. Олар: негізгі және туынды.

Негізгі топқа жататын құнды қағазадар: акциялар, облигациялар, векселдер, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер.

Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға ең алыдымен: опцион , фьючерс, своп, спот, форворт, биржалық нарық т.б.

Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?

Туынды  бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды. Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажетіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығуының мүмкіндігін алуға байланысты.

       Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?

         Бағалы қағаздар туындыларының түрлерін төмендегідей қарастырайық.

Қазақстанда қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелділігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруіді қажет етеді. Олардың біріне опциондық ссуданың дамуы жатады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акциянерлеу барысында опцондер кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерлерге енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құығы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп опцон деп – контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін құжатты (келісімді) айтады. Мәмілені сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Сатып алу опционы  келісімдегі мерзімде,  акциялар немесе басқа да құндылықтарды  белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді. Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: Европалық және Американдық.

Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.

Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.

Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық береді.

 Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық тоқта шектеулі.  Сауда “Еркін айқай” тәсілмен жүзеге асады. Опциондық мәмлелерден басты айырмашалағы, мүнда арнайы бекітілген диллер жоқ. Олардың орынында “Еденде сауда жасаушылар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және ставкамен опциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды.

Фьючерстік келісім – қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.

Форворттық келісім  валюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.

Спот келісім – тауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.

Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.

Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?

1)Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.

2)Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.

3)Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.

 

Негізгі терминдер

1. Бағалы қағаздар;

2. Негізгі және туынды бағалы қағаздар;

3. Опцион;

4. Фьючерс;

5.Своп;

6.Спот;

7.Форворт;

8.Акция;

9.Облигация

Бақылау сүрақтары

1.     Бағалы қағаздар нарығы қашан  пайда болуы?

2.     Бағалы қағаздар құрылымы қандай?

3.     Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?

4.     Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?

5.     Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?

6.     Бағалы қағаздар туындыларына ғалымдардың көз қарасы қандай?

Қолданылған әдебиеттер

1.     «Ақша, Несие, Банк» Сейтқасымов Ғ.С. Алматы, 2001 ж.

2.     «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

3.     «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

4.     «Экономикалық сөздік» Ж.М. Алыпова,  Алматы, 1992 ж.

 

Әлемдік қаржы нарығы

1.     Халақаралық валюта нарығы.

2.     Халықаралық несие нарығы.

3.     Халықаралық валюта - несие инстиуттары.

Әлемдік қаржы нарығының маңызы неде?

         Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмыстастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микароталдаулар бір – бірімен тығыз байланысты.

Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені, экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш жалпы макроэкономикалық тепе – теңдікке  әсерін тигіеді. Экспорттық салалардағы өндістің өсуі шет мемлекеттерге қарастырылып отырған мемлекеттердің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін көрсетеді. Керісінше импорттық өсуі шет мемлекеттердің тауарларына сұранысты өсіреді, бұл жағдайда ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттық экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.

Валюталық операциялар көлеміне, сипатына және пайдалануына байланысты қандай түрге болінеді?

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатынан және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті болып бөлінеді).

1.                          Халықаралық валюталық нарықтар – ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью – Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Токио, Гонконгтағы валюталық нарықтары бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлемі айналымында кейінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

2.                          Аймақты және жергілікті нарықтарда – белгілі бір конвиртерленген валюталармен операцияла жүргізіледі. Оның қатарына Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары және т.б. бар.

3.                          Ұлттық валюталық нарықтар – деп, ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша  қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтамыз. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операциялрға жекеленген компаниялар арасындағы жасалынатын операцияларды, жеке тұлғалар арасында операцияларды, сондай – ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады.

Халықаралық несие дегеніміз не?

         Халықаралық несие – қатынастарының қазіргі формалары әр алуан. Олар заемдық қаржылырды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажетіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми – техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нарықты сыртқы экономикалық мәліметтерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатында пайдаланылады.