
- •Параллель өстерге қарағанда инерция моментерінің арасындағы тәуелділік
- •Бұрылған өстерге қарағандағы инерция моменттерінің арасындағы байланыс
- •2.Еркін бағытталған жазық. Күштер жүйесінің тепе-теңдік шарты. Кеңістіктегі күштер жүйесі.
- •1 Аксиома (Екпін аксиомасы н/е Ньютонның бірінші заңы).
- •3. Тепе-теңдіктегі күштерді қосу және азайту
- •4. Әсер және кері әсердің теңдік
- •5. Қатты емес денелер тепе-теңдігінің сақталу заңы.
- •. Жанама күш пен ию momehtі
- •Жанама күш пен моментінің эпюрлерін тұрғызу
1 Аксиома (Екпін аксиомасы н/е Ньютонның бірінші заңы).
Қандай да болмасын күштер мәжбүр етпесе, дене тыныштықтағы немесе бірқалыпты түзу сызықты ілгерілмелі қозғалыстағы күйін сақтай алады.
2 аксиома ( екі күштің тепе теңдік шарты). Екі күш түскен еркін қатты дене тепе теңдігі үшін күштердің шамалары тең және әсер сызықтары бір болып қарама қарсы бағытталуы қажет және жеткілікті, яғни (F1=F2) ~0, егер F1=F2 және F1=-F2.
3 аксиома (теңгерілген күштерді қосу не алып тастау туралы). Кез келген күштер жүйесіне нөлге эквивалент күштер жүйесін қосқаннан н/е одан алып тастағаннан берілген жүйенің қатты денеге жасайтын әсері өзгермейді.
4 аксиома (параллелограмм ережесі). Қатты дененің бір нүктессіне түсірілен екі күштің тең әсерлі күшінің шамасы мен бағыты берілген күштерден құрылған параллелограмм диагоналымен анықталады да, сол нүктеге түсіріледі.
5 аксиома (әсер ж/е қарсы әсер заңы). Екі дене бір біріне әрқашан модульдері тең, бір түзу бойымен қарама қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.
6 аксиома ( қатаю туралы). Деформацияланатын дене дене абсолют қатты денеге айналса да механикалық күйі өзгермейді.
21- билет
Сұрақ
Қос
күш және оның денеге әсері.
Жоғарыда біз күштердің шамасы әр түрлі
болған жағдайдағы қарама-қарсы
бағытталған екі параллель күшті қосуды
қарастырғанбыз. Енді қарама-қарсы
бағытталған параллель екі күштің
шамалары өзара тең болған жағдайын
қарастырайық (I.1.25, а
– сурет).
,
,
,
Модульдері тең және қарама-қарсы бағытталған екі параллель күш жүйесін қос күш деп атайды.
ғасырдың
басында француз ғалымы Пуансо (1777-1859)
механикаға қос күш ұғымын енгізіп, қос
күштер теориясын тұрғызады. Қос ұғымымен
қатар қос күш механикада негізгі
ұғымдардың бірі болып табылады.
Қос
күш құрайтын күштер орналасқан жазықтық
қос
күш әсерінің жазықтығы,
ал күштердің ара қашықтығы
қос
күш иіні
деп аталады. Қос күштің денеге әсері
денені айналысқа келтіруге тырысатынымен
сипатталады. Қос күштің денеге жасайтын
мұндай әсері
күштің шамасы мен
иініне, әсер жазықтығының орналасуына
және осы жазықтықтағы қос күштің айналу
бағытына тәуелді болады. Қос күш әсері
қос күш моментімен анықталады.
Қос күш моменті деп плюс не минус таңбамен алынған қос күш құраушы күштердің бірінің модулі мен оның иінінің көбейтіндісін айтады (I.1.25, b – сурет)
Қос күш моментінің негізгі қасиеттері.Бірінші қасиеті. Қос күштің тең әсерлі күші болмайды.
Иіні
болатын,
қос күш берілсін делік және
болсын (I.1.27, а
- сурет).
Олай болса, бұл күштер жүйесінің тең әсерлі күші
тең болады, ал оның түсу нүктесі келесі пропорциядан анықталады
Сонымен, қос күшті бір күшпен теңгеру мүмкін еместігін және қос күшті тек қос күшпен теңгеруге болатынын тұжырымдаймыз.
Екінші қасиеті. Қос күштің құраушы күштерінің әсер жазықтығындағы кез келген нүктеге қатысты алынған моменттірінің алгебралық қосындысы қос күш моментіне тең.
Иіні
болатын
қос күш беріліп оның күш моменті
Қос күштің бұл қасиетінен мынаны тұжырымдауға болады: кез келген момент центрлеріне қатысты құрылған момент теңдеулеріне қос күш бірдей таңбамен және бірдей шамамен кіреді, яғни қос күш моментінің таңбасы мен шамасы момент центрінен тәуелсіз.
Үшінші қасиеті. Қос күштің құраушы күштерінің өске проекцияларының алгебралық қосындысы әрқашан нөлге тең.
қос
күші және қос күштің әсер жазықтығында
жататын
өсі берілсін делік (I.1.28 - сурет).
Суретте
көрсетілген
және
үшбұрыштарының теңдігінен
екені аңғарылады.
22- билет
Сұрақ
Статиканың қарапайым теоремалары.
1. Инерция. Мөлшер жағынан бір-біріне тең және бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған екі күш әсеріндегі дене өзінің тепе-теңдігін немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын өзгертпейді.
2. Екі күштің тепе-теңдігі. Еркін қатты денеге қойылған екі күш шама жағынан бір-біріне тең және бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған жағдайда ғана тепе-теңдікте болады. Бұл күштер жүйесі нөлге эквивалент. Соңдықтан олар нөлдік жүйе делінеді .