Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-23-24.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
48.26 Кб
Скачать

Саяси ғылым

Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:

1) саяси теория;

2) саяси институттар;

3) саяси партиялар, топ¬тар, қоғамдық пікір;

4) халықаралық қатынастарды анықтады.

Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Саяси ғылымның даму кезеңдері

Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте КонфуцияПлатонАристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.АвгустинФ.Аквинский еңбектерімен танымал.

Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң менмемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.МакиавеллиТ.МорЖ.БоденТ.ГоббсГ.ГроцийДж.Локк еңбектерімен танымал.

Жаңа кезеңде Ш.МонтеськеЖ.РуссоБ.КонстанИ.БентамО.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды.

Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. менXX ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси бірлестік құрылды.

Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі

Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі - [[[international Political Science Association]], IPSA]- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын біріктіруші ұйымЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен ЮНЕСКО жанында кеңесші мәртебесін алған. Саяси ғы¬лымның халықаралық бірлестігі 40-тан аса саяси ғылымның үлттық бірлестіктерін, 100-ден аса жетекші университеттердің кафедраларын, бір мыңнан аса жеке мүшелерді, танымал саясаттанушыларды біріктіреді.

Саясаттанушылардың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, саяси зерттеулердідамыту мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бірлестік штабы Париж қаласы Саяси ғылымдардың ¥лттық қорының жанында орналасқан.

Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:

а) саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және білім беруге қолдаушылық көрсету;

ә) саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету;

б) саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс жүмысын ұйымдастыру;

в) СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару;

Мемлекеттік құрылым

Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлықфедеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.

мдағы бірлескен халықаралық зерттеулерді қамтамасыз ету.

Лоббизм

Лоббизм - (ағылш. 'lobby' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) - билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: "ауыз бастырық", пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.

Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм - тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШпен Канадада заңмен реттеледі.[1]

Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына (ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері — лоббистер

Саяси көшбасшылық

Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланыңаймақтыңмемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;

2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]