
- •1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .
- •2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.
- •3)Унитарлы Мемлекет.
- •4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.
- •5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы
- •6)Депортация.
- •7)Сақ тайпалары.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •8)Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный бекінісінің салынуы.
- •9)Юнеско
- •10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •12)Терроризм
- •13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
- •14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
- •15)Экстенсивті экономика
- •16)Оғыздар,қимақтар,қыпшақтар.Экономикалық жағдайы,мемлекеттік құрылысы
- •17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
- •18)Конфедерация
- •20) 1905—1907 Жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
- •21) Геноцид
- •22)Түрік қағанаты.
- •23)1921 Ж жэСқа көшу.Жер су реформасы.
- •25)ХХғ 60ж Қазақстандағы жаңа өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуы. Дінмұхамед Қонаев.
- •29)Голощекиннің Кіші Қазан идеясын ұжымдастыруы,оның қасіреті.Бесеудің хаты.
- •30)Диаспора,ирридента.
- •39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.
- •35)Ұлы Отан соғысы.
- •37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).
- •46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
- •47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
- •48) Федерация
- •50)КсрОның күйреуі.ТмДның құрылуы.Қиыншылықтары.
- •51)Декларация
- •52)XVI ғ Қазақ хандығының шекараларының кеңеюі. Қасым мен Хақназар хан саясаттары.
- •53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •54)Экстремизм
- •55)Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •57)Геосаясат
- •58)Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен
- •59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
- •60)Монополия
- •68) С.Датулы мен м.Отемисулы бастаған көтеріліс.
- •69)Миграция
- •74)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
- •77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •78) Референдум
- •79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.
- •80) Қазақстанның экологиялық проблемалары
- •83)Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерi.
- •90)1960Жж реформалар дамудың экстенсивті сипаты.
- •91) Қазақстан астаналары. Қазақстанның астаналары
- •97)Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы.
1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы.
1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
18)Конфедерация
Конфедерация – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады
19) Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. КHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D1%96%D1%81"өтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері: 1)Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.