
- •1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .
- •2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.
- •3)Унитарлы Мемлекет.
- •4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.
- •5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы
- •6)Депортация.
- •7)Сақ тайпалары.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •8)Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный бекінісінің салынуы.
- •9)Юнеско
- •10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •12)Терроризм
- •13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
- •14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
- •15)Экстенсивті экономика
- •16)Оғыздар,қимақтар,қыпшақтар.Экономикалық жағдайы,мемлекеттік құрылысы
- •17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
- •18)Конфедерация
- •20) 1905—1907 Жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
- •21) Геноцид
- •22)Түрік қағанаты.
- •23)1921 Ж жэСқа көшу.Жер су реформасы.
- •25)ХХғ 60ж Қазақстандағы жаңа өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуы. Дінмұхамед Қонаев.
- •29)Голощекиннің Кіші Қазан идеясын ұжымдастыруы,оның қасіреті.Бесеудің хаты.
- •30)Диаспора,ирридента.
- •39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.
- •35)Ұлы Отан соғысы.
- •37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).
- •46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
- •47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
- •48) Федерация
- •50)КсрОның күйреуі.ТмДның құрылуы.Қиыншылықтары.
- •51)Декларация
- •52)XVI ғ Қазақ хандығының шекараларының кеңеюі. Қасым мен Хақназар хан саясаттары.
- •53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •54)Экстремизм
- •55)Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •57)Геосаясат
- •58)Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен
- •59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
- •60)Монополия
- •68) С.Датулы мен м.Отемисулы бастаған көтеріліс.
- •69)Миграция
- •74)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
- •77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •78) Референдум
- •79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.
- •80) Қазақстанның экологиялық проблемалары
- •83)Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерi.
- •90)1960Жж реформалар дамудың экстенсивті сипаты.
- •91) Қазақстан астаналары. Қазақстанның астаналары
- •97)Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
12)Терроризм
Терроризм - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесетоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады.
13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады;
Мемлекеттік қурылым.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түстіСұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты.
Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. Қазақстандағыжаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүзде аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы
Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Сайлау жүйесі жойылды.