Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707.07 Кб
Скачать

9)Юнеско

ЮНЕСКО — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениетжөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.

Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген.Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

Шаруашылығы.

Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген және Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.

Үйсіндердің саяси құрылымы.

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.

Қаңлылар.

Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды.

Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.

Шаруашылығы.

Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.

Ғұндар.

Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар “хунну, сюнну” деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі – Мөде болды.

Шаруашылығы.

 Ғұндар негізінен көшпелі мал шаруашылығы, сонымен қатар отырықшылық пен егіншілік және аң аулау дамыды. Сонымен қатар ғұндар көршілерімен үнемі сауда-саттық жасап тұрған. Қоғамдық құрылысы. 

Мемлекет басында шексіз билікке ие болған шаньюй тұрды. Оған түменбасы аталған князьдар (көбінде өзінің балалары мен інілері және туыстары) болды. Шаньюй мыңбасы, жүзбасы, онбасыын сайлады. Бұл лауазымдар ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Ғұн қоғамы 24 руға бөлінді. Сонымен қатар құлдар, дәйекшілер, бақташы, кәсіпқой, малшы, егіншілер болып бөлінді. Малға әулеттік және жеке меншік болған. 

11)Қазақстандағы шетел интервенциясы мен азамат соғысы (1918-1920 ж.) «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты. Қазақстанда шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысының басталуы. Қазақстанда Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Шығыс және басқа майдандардың құрылуы. Қазақстан территориясындағы партизан соғысы.

Интервенттердің негізгі мақсаты: 1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты. (1918–1921 жж.)

Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көбі тартып алын­ды,ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.Елде жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]