Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707.07 Кб
Скачать

76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті.

1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.

77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

1986 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда қоғамдық мәртебеге ие болған екі мыңға жуық әртүрлі саяси және қоғамдық бірлестіктер пайда болды, олардың 1300-і облыстық әділет басқармалары деңгейінде тіркелген.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасу динамикасы өте көп қырлы болды. Кеңес Одағы ыдырауынан басталған бұл құбылыс ұлттық мүдделер идеясында топтасқан көптеген саяси партияларды өмірге әкелді. Олардың біршамасы біртіндеп демократиялық қоғам платформасына бет бұрды. Сонымен қатар, Қазақстандағы көппартиялықтың дамуының елдегі партиялық жүйені партогенез бен партиялық жүйенің қызметін анықтайтын тарихи, демографиялық ерекшеліктермен, саяси сипаттымен, этномәдениеттік өзіне тән белгілерімен тығыз байланысты екені анықталады. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекетті қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін түсіну үшін Қазақстан жоғарғы басшылығы ішкі саясаттағы саяси партиялар мен қозғалыстарға қатынасы және солармен ынтымақтастық арқылы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруды нысанаға алғанын ерекше атап өту керек

78) Референдум

Референдум(лат. Referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. Ин-т алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.Референдумның негізгі екі түрі бар:

Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.

79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.

1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне «Қоғамтанушылар нені тани алмаған?» деген ғылыми мақала дайындалды. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ мұнын орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында екі республикалық газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырып партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың санын әдейі екі еседей азайтып көрсетті. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша адам қосып жазуға тырысып бақса да, өлгендердің санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1.5 млн-нан асыра алмады.  1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай ресми деректер келтіруге болады. Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүмкіндігі енді ғана туды.

1993 жылдың 14 сәуірінде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Массалық саяси репрессияның құрбандарын оңалту туралы» Заңын қабылдады, енді массалық саяси репрессия құрбандарын оңалту, қазіргі кезде максималды мүмкін болатын өтем ақымен қамтамасыз ету мақсатында, репресияға ұшыраған адамдарға қатысты әділдікті орнату шешімі орындалды.

Сондай-ақ, 1997 жылдың 5 сәуіріндері ҚР Президентінің Жарлығымен саяси репрессия құрбандарын мәңгі еске сақтау мақсатында 31 мамыр саяси репрессия құрбандарын еске түсіру Күні деп бекітілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]