
- •1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .
- •2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.
- •3)Унитарлы Мемлекет.
- •4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.
- •5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы
- •6)Депортация.
- •7)Сақ тайпалары.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •8)Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный бекінісінің салынуы.
- •9)Юнеско
- •10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •12)Терроризм
- •13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
- •14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
- •15)Экстенсивті экономика
- •16)Оғыздар,қимақтар,қыпшақтар.Экономикалық жағдайы,мемлекеттік құрылысы
- •17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
- •18)Конфедерация
- •20) 1905—1907 Жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
- •21) Геноцид
- •22)Түрік қағанаты.
- •23)1921 Ж жэСқа көшу.Жер су реформасы.
- •25)ХХғ 60ж Қазақстандағы жаңа өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуы. Дінмұхамед Қонаев.
- •29)Голощекиннің Кіші Қазан идеясын ұжымдастыруы,оның қасіреті.Бесеудің хаты.
- •30)Диаспора,ирридента.
- •39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.
- •35)Ұлы Отан соғысы.
- •37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).
- •46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
- •47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
- •48) Федерация
- •50)КсрОның күйреуі.ТмДның құрылуы.Қиыншылықтары.
- •51)Декларация
- •52)XVI ғ Қазақ хандығының шекараларының кеңеюі. Қасым мен Хақназар хан саясаттары.
- •53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •54)Экстремизм
- •55)Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •57)Геосаясат
- •58)Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен
- •59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
- •60)Монополия
- •68) С.Датулы мен м.Отемисулы бастаған көтеріліс.
- •69)Миграция
- •74)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
- •77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •78) Референдум
- •79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.
- •80) Қазақстанның экологиялық проблемалары
- •83)Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерi.
- •90)1960Жж реформалар дамудың экстенсивті сипаты.
- •91) Қазақстан астаналары. Қазақстанның астаналары
- •97)Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Ұлы Отан соғысы жылдарына қазақстандықтар қатыспаған бірде — бір үлкен шайқас болмады.Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды
60)Монополия
Монополия бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционерменшіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.
62) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
67) Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.