Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707.07 Кб
Скачать

53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)

Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында

ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.

Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.

Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру

Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.

Ірі көлемде шаруалар қозғалысы өткен жерлер:

1929 жылы 29 қыркүйек – Бостандық,

1929 жылы 1 қараша – Батпаққара (Қостанай),

1930 жылы 2 ақпан – Созақ,

1930 жылы 25 ақпан – Ырғыз,

1930 жылы 26 наурыз – Сарқанда т. б.

Шаруалар қарсылығының түрлері:

көтеріліске шығу;

шолақ белсенділерді, партия қызметкерлерін өлтіру;

шетелге көшу;

қалалы жерге кету т. б.

1930 жылы мамырда Семей округінің Өскемен, Самар, Катонқарағай аудандарында халықтың ірі толқулары өтті.

Торғайдағы батпаққара көтерілісін орталық бандиттік басмашылар қозғалысы деп атады.

Қарақұм көтерілісіне қатысқандар саны 5000-ға дейін жетті. Бұл көтеріліс күшпен басылды.

1930 жылы Созақта ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстандағы ең ірі шаруалар көтерілісі өтті. Көтерілісшілер аудан басшылары мен шолақ белсенділерді өлтірді. Көтеріліс күшпен басылып, оған қатысқан 68 адам атылды. Балқаш, Қордай, Шұбартау, Абыралы, Адай даласы, Іле өңірлерінде шаруалардың ірі көтерілісі болды. Көтеріліске қатысқандар аяусыз жазаланды.

54)Экстремизм

— жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда. [1]

грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды. Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы эртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мэжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да эр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеум.толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді» - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады. Жалпылама алынған «Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз» деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, «ол кінәлі», деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дэрежесінде көрулері оп-оңай

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]