
- •1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .
- •2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.
- •3)Унитарлы Мемлекет.
- •4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.
- •5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы
- •6)Депортация.
- •7)Сақ тайпалары.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •8)Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный бекінісінің салынуы.
- •9)Юнеско
- •10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •12)Терроризм
- •13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
- •14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
- •15)Экстенсивті экономика
- •16)Оғыздар,қимақтар,қыпшақтар.Экономикалық жағдайы,мемлекеттік құрылысы
- •17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
- •18)Конфедерация
- •20) 1905—1907 Жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
- •21) Геноцид
- •22)Түрік қағанаты.
- •23)1921 Ж жэСқа көшу.Жер су реформасы.
- •25)ХХғ 60ж Қазақстандағы жаңа өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуы. Дінмұхамед Қонаев.
- •29)Голощекиннің Кіші Қазан идеясын ұжымдастыруы,оның қасіреті.Бесеудің хаты.
- •30)Диаспора,ирридента.
- •39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.
- •35)Ұлы Отан соғысы.
- •37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).
- •46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
- •47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
- •48) Федерация
- •50)КсрОның күйреуі.ТмДның құрылуы.Қиыншылықтары.
- •51)Декларация
- •52)XVI ғ Қазақ хандығының шекараларының кеңеюі. Қасым мен Хақназар хан саясаттары.
- •53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •54)Экстремизм
- •55)Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •57)Геосаясат
- •58)Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен
- •59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
- •60)Монополия
- •68) С.Датулы мен м.Отемисулы бастаған көтеріліс.
- •69)Миграция
- •74)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
- •77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •78) Референдум
- •79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.
- •80) Қазақстанның экологиялық проблемалары
- •83)Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерi.
- •90)1960Жж реформалар дамудың экстенсивті сипаты.
- •91) Қазақстан астаналары. Қазақстанның астаналары
- •97)Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
Себептері: қазақ халқының рухани байлығының, ұлттық дәстүрі мен мәдениетінің тамырына балта шабу, оның тілін де, дінін де жою еді. Осының бәрі халықтың әсіресе жастардың ашу ызасын тудырды. Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Колбин сайланды. Бұл туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасыныңкоммисиясының төрағасы М. Шаханов мынадай мәліметтер келтірді: « Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмытан қуылды. 12 жоғарғы оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталдыб оның екеуі өлім жазасына кесілді». Қ. Рысқұлбековтың өлім жазасына кесілуіне дүниежүзілік қауымдастық наразылық білдірді. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШтың қоғам қайраткерлерінен, зиялыларынан қарсылық хаттары келңп түсіп жатты. Алмыты қаласындағы қанды оқиғалардың хабарын естіген халық әсіресе жастар Қарағанды, Талдықорған, т.б. қалаларда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында да бас көтерді, Алматы жастарына көмекке ұмтылды, бірақ билік тарапынан оған жол берілмеді.
48) Федерация
Бірлестік, одақ мемлекеттік құрылым түрі. Федерация– заңжүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерация АмерикаҚұрама Штатта 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерац. жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар, кантондар, провинциялар, республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.
49) Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр ханСығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия,Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардыңесімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген енбектерінде терендетіле карастырылған.
Сырдарияның ортаңғы және теменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.
Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.
Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.
Орталык Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.
Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.
Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.
Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.
Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазақстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып жі-берген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.
Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарка даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұкар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты.