
- •1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .
- •2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.
- •3)Унитарлы Мемлекет.
- •4)Қола дәуірінің ескерткіштері, тұрағы және қорғандары.
- •5)Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс.Себебі,салдары,тарихи маңызы
- •6)Депортация.
- •7)Сақ тайпалары.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •8)Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Верный бекінісінің салынуы.
- •9)Юнеско
- •10)Үйсіндер,ғұндар,қаңлылар.Шаруашылығы,қоғамдық құрылысы.
- •12)Терроризм
- •13)Қарахан мемлекеті,этникалық құрамы және әлеуметтік саяси құрылысы
- •14)1822-1824 Жылдардағы Қазақстандағы патшаның әкімшілік реформалары.Кіші және Орта жүздерде хандық биліктің жойылуы.
- •15)Экстенсивті экономика
- •16)Оғыздар,қимақтар,қыпшақтар.Экономикалық жағдайы,мемлекеттік құрылысы
- •17)Қазастанның Нарықтық экономикаға көшуі.1991ж жекешелендіру кезеңдері
- •18)Конфедерация
- •20) 1905—1907 Жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
- •21) Геноцид
- •22)Түрік қағанаты.
- •23)1921 Ж жэСқа көшу.Жер су реформасы.
- •25)ХХғ 60ж Қазақстандағы жаңа өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуы. Дінмұхамед Қонаев.
- •29)Голощекиннің Кіші Қазан идеясын ұжымдастыруы,оның қасіреті.Бесеудің хаты.
- •30)Диаспора,ирридента.
- •39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.
- •35)Ұлы Отан соғысы.
- •37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).
- •46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
- •47) Желтоқсан оқиғасы себептері мен салдары тарихи маңызы.
- •48) Федерация
- •50)КсрОның күйреуі.ТмДның құрылуы.Қиыншылықтары.
- •51)Декларация
- •52)XVI ғ Қазақ хандығының шекараларының кеңеюі. Қасым мен Хақназар хан саясаттары.
- •53)Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •54)Экстремизм
- •55)Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •57)Геосаясат
- •58)Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен
- •59)Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандық қаһармандар ерліктері.
- •60)Монополия
- •68) С.Датулы мен м.Отемисулы бастаған көтеріліс.
- •69)Миграция
- •74)Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •76) Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
- •77) Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
- •78) Референдум
- •79) Cаяси репрессия құрбандары және оларды ақтаү.
- •80) Қазақстанның экологиялық проблемалары
- •83)Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерi.
- •90)1960Жж реформалар дамудың экстенсивті сипаты.
- •91) Қазақстан астаналары. Қазақстанның астаналары
- •97)Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
46)Қазақ жүздерінің территориясы мен тайпалық құрамы.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.