Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707.07 Кб
Скачать

39) Қазақстанның халықтар ассамблеясы.

Қаз. халық ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, ҚР-ның қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының эсносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Оны құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қаз-н халықтар форумында айтты.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қаз-н халқының азаматтық және рухани ортақтығы негізінде бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде респ-дағы этносаралық қатынасты қамтамасыз ету, мәдени тұрғыдан дамыту.

2008 ж. 20 қазанда ҚР-ның «Қаз-н халқы ассамблеясы туралы» заңына қол қойылды.

35)Ұлы Отан соғысы.

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады .Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Ұлы Отан соғысы жылдарына қазақстандықтар қатыспаған бірде — бір үлкен шайқас болмады.Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды

37 )Алтын Орда (1236 – 1242 жж.).

Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

44)

45) Инвестициялық қор – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компаниядәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]