Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_tarih_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
707.07 Кб
Скачать

1)Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі мақсат міндеттері .

Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу; Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;   Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;  Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау. Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді. Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.

- тарихи дәуірлерге талдау жасау;

- этностық тарихқа талдау жасау;

- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;

- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.

2)Ежелгі тас дәуірінің ерекшеліктері.Қазақстан аумағындағы тұрақтары.

Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас. Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі.

3)Унитарлы Мемлекет.

Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]